Процестерді жобалау немесе өзгерту кезінде өзара қарым-қатынастар жүйесін құру мен процесте атқарылатын міндеттер бойынша жауаптылықта болу қажеттілігі туындайды. Оны құру және қолдану мақсатында шешімдерді қабылдауды қолдау үшін RACI жауапкершілігі матрицасын пайдалану қолданылады.
RACI матрицасы процестердің рәсімдері мен міндеттеріндегі түрлі жұмысты атқаруға мүмкіндік беретін өзгерістерді жобалау мен жоспарлаудың ыңғайлы және көрнекі құралы болып табылады.
Термин RACI (немесе ARCI) аббревиатура болып табылады:
-
R – Responsible (орындайды);
-
A – Accountable (жауаптылықта болады);
-
C – Consult before doing (орындауға дейін кеңес береді);
-
I – Inform after doing (орындалғаннан кейін хабарлайды).
Кейде – RACIS аббревиатура нұсқасын кездестіруге болады, мұндағы S – supported (қолдау көрсетеді).
Бағдарламаның техникалық көлемі
Бағдарлама мынадай технологиялық деңгейлерді қамтиды:
- интеграциялық платформа;
- Қоғамның ресурстарын басқарудың транзакциялық-есепке алу жүйелері;
- құжат айналымын басқару жүйесі;
- талдау жүйелері;
- шешім қабылдауды қолдау жүйелері мен басшының басқару пульттері.
Бағдарламаның техникалық көлемі Диагностика және дизайн, 1-кезең аяқталғаннан кейін толығымен сипатталады.
Қоғамның ұйымдық құрылымы
Қоғамның Директорлар кеңесінің шешімімен (Директорлар кеңесінің 28.11.2014ж. № 11 хаттама) бекітілген Қоғамның ұйымдық құрылымы 1-суретте көрсетілген.
1-сурет – Қоғамның ұйымдық құрылымы
Қоғамның құрамында он филиал бар:
- Қазақстанның барлық аумағы бойынша бөлінген «KEGOC» АҚ «Жүйеаралық электр тораптары» филиалдары (ЖЭТ): Ақмола ЖЭТ, Ақтөбе ЖЭТ, Алматы ЖЭТ, Шығыс ЖЭТ, Батыс ЖЭТ, Сарыбай ЖЭТ, Солтүстік ЖЭТ, Орталық ЖЭТ, Оңтүстік ЖЭТ;
- «KEGOC» АҚ Жүйелік оператордың Ұлттық диспетчерлік орталығы (ЖО ҰДО), оның жедел бағынысында ЖЭТ филиалдарының құрылымдық бөлімшелері болып табылатын тоғыз өңірлік диспетчерлік орталықтары (ӨДО) бар;
- Алматы қ. Өкілдік;
- «Энергоинформ» АҚ (100 %);
- «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС (100% қатысу үлесі).
Бағдарламаның құрылымы
2-суретте көрсетілген Бағдарламаның ұйымдық құрылымы Қоғамды трансформациялаудың барлық кезеңдерін тиісті іске асыруды қамтамасыз етеді.
2-сурет Бағдарламаның ұйымдық құрылымы
-
Кеңес стратегиялық басшылық жасау және Бағдарламаны іске асыруды қолдау үшін құрылады, басымдылықтарды анықтау, жұмыстардың орындалу барысына, сондай-ақ Бағдарламаның жалпы алға жылжуын бақылау және Кеңес туралы ережеге сай жұмыс істейді.
Кеңестің құрамына Қоғамның Басқарма мүшелері (Қоғамның Басқарма төрағасын қоспағанда, 8 адам), Қоғамның Директорлар кеңесі тағайындаған Қоғамның Директорлар кеңесінің екі өкілі, (Қоғамның Басқарма төрағасын қоса алғанда), Қордың Басқарма төрағасы тағайындаған Қордың үш өкілі, Қоғамның Басқарма төрағасы тағайындаған үш Бас директор (Бизнесті трансформациялау жөніндегі бас директор, Ақпараттық технологиялар жөніндегі бас директор, Адами ресурстарды басқару жөніндегі бас директор).
-
Бағдарлама командасы үш құрамдас бөліктен тұрады:
- Қоғам қызметкерлері;
- консультанттар;
- CTT өкілдері.
Барлық тараптар серіктестік пен біртұтас командалық рух негізінде жұмыс істейді.
Қоғам қызметкерлері Командаға осы Жарғының 17-бөліміне сәйкес 2016 жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірілмейтін мерзімге тартылады. Қызметкерлерді тарту Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 43-бабына сәйкес олардың келісімдерімен уақытша ауыстыру жолымен жүзеге асырылады. Бағдарламаны іске асыру аяқталғаннан кейін қызметкерлерге Бағдарламаны іске асыруға дейін өздері атқарған лауазымды беру кепілдендіріледі.
Консультанттар қажеттілігіне қарай тартылады және олардың қатысуы консультациялық қызмет көрсетуге арналған ережелермен жүзеге асырылады.
CTT өкілдері әдіснамалық және интеграциялық қолдаумен қамтамасыз етіледі, Қор деңгейінде жобаларды басқару функциясын орындайды, нәтижелер сапасын бақылауды жүзеге асырады.
Қызметкерлерді іріктеудің әртүрлі қағидаттары арасында мыналарды бөліп көрсетуге болады.
-
Өсу келешегі. Бағдарлама командасына жобалау жұмысына қатысатын қызметкерлер іріктелініп алынуы - қызметте өсу және кәсіби жағынан даму болашағын көрсетеді, трансформациялау тақырыбы ағымдағы лауазымдық міндеттер тұрғысынан, сол сияқты даму қөзқарасы тұрғысынан қызығушылықты білдіреді.
-
Кәсіби шеберлік. Әрбір үміткер кәсіби шеберлік өлшемдеріне сәйкестігіне тексеруден өтеді. Әрбір үміткер үшін Бағдарлама командасында қажетті кәсіби және жеке сипаттамалар тізбесі жасалады.
-
Психологиялық сыйысушылығы. Бағдарламаға қатысушылардың психологиялық сыйысушылығы командаға қатысушыларға адамдармен тығыз араласуға, ұзақ уақыт бойы бірлесе жұмыс істеуге және дағдарыс жағдайларын бастан кешіруге тура келгендіктен есепке алынуға тиіс.
-
Жеке қасиеттері. Бағдарлама командасына үміткерлерді іріктеу кезінде болашақ қатысушылардың жеке қасиеттері ескеріледі. Командада жұмыс істеу үшін маңыздылардың арасында мыналарды бөліп көрсетуге болады:
-
командада жұмыс істей білуі және коммуникативтік дағдылары;
-
функционалдық құрылымдағы жұмысына қарағанда ынталылық деңгейінің өте жоғары болуы;
-
белгісіздік және тұрақты өзгерістер жағдайларында жұмыс істей білу қабілеті;
-
дағдарысты көтере алуы және уақыт тапшылығы жағдайында жұмыс істеу қабілеті;
-
процеске емес нәтижелерге бағдар жасауы.
Достарыңызбен бөлісу: |