БАҒдарламасының жарғысы №1 дана №1-басылым Енгізілген күні: 2015 ж. 18 ақпан Астана Мазмұны


Бағдарламаны қажетті персоналмен қамтамасыз етуді қолдайтын факторлар



бет5/10
Дата24.04.2016
өлшемі3.89 Mb.
#79063
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Бағдарламаны қажетті персоналмен қамтамасыз етуді қолдайтын факторлар


Шеберлігі жоғары команданы іріктеуге мүмкіндік беретін факторлар арасынан мыналарды бөліп көрсетуге болады:

- Бағдарламаның әрбір кезеңі бойынша персоналға қажеттіліктерді дәлме-дәл және уақтылы жоспарлау;

-персоналдың жоспарына (ресурстық жоспар) сандық және сапалық сипаттамалар кіреді;

- жоспарды тіркеу және басшы деңгейінде жоспарды мақұлдау;

- қызметкерлерді Бағдарламаға қатысу үшін олардың функционалдық міндеттерінен толығымен босату.

Бағдарлама қызметкерлері біліктігінің әділ өлшемдері Бағдарламада қызметкерге бөлініп берілген міндетке сәйкес жобалық шешімдерді әзірлеу, құжаттау және енгізуді қамтамасыз ету (ұйымдастыру іс-шаралары мен әдістемелік материалдарды әзірлеу) қабілеті ғана болуы тиіс.

Бағдарламада жұмыс істейтін персоналды іріктеу мыналардан тұрады:

- Бағдарлама қызметкері Қоғамның ішкі атмосфералық жағдайын, оның корпоративтік мәдениеті мен жұмысқа деген жалпы тәсілдерді ұғынуға жеткілікті білімі болғаны жөн;

- қызметкердің артықшылығы бизнесті басқару жүйелерін енгізу жобаларына қатысуна байланысты іс-тәжірибесінің болғаны жөн;

- Бағдарлама қызметкері өзінің пәндік функционалдық саласында жақсы даярлықтан өтуі тиіс.

Бағдарлама командасы бір мезгілде құрыла алмайды, және оның штаты Бағдарлама барысында нақтылы қажеттіліктерге байланысты өзгерістерге ұшырауы мүмкін.

  1. Міндеттері мен жауапкершілігі

Команданың барлық мүшелері CBTO ұсынысы бойынша Басқарма төрағасының бұйрығымен лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады. Бағдарламаны іске асыру процесіндегі дайындық: 0-кезеңінде құрылған команда құрамы өзгеруі мүмкін. Өзіне жүктелген біліктілік талаптары шегінде күтілетін нәтижелер межесіне жете алмаған команда мүшелері Бағдарламаны іске асыру кезеңінде Қоғамның басқа қызметкеріне ауыстырылуы мүмкін.



    1. Бағдарлама демеушісі


Бағдарлама демеушісі – бұл Бағдарламаның алға қойған мақсаттарына жетуіне және мәлімделген бизнес-пайда алуға жауап беретін Қоғамның жоғары басшылығының өкілі.

Бағдарлама демеушісі:

- жария бастамашысы және Қоғамдағы өзгерістерді бақылаушы болып табылады;

- Бағдарламаның алға жылжуына жауап береді.

Бағдарлама демеушісі бизнес өзгерістерінің процесіне бағыт-бағдар жасауды қамтамасыз етуге міндетті. Бағдарлама демеушісі Бағдарламаның барлық аспектілерін басқарады. Бағдарлама демеушісі бизнес өзгерістері нәтижелерінің иесі болып табылады.

Демеушінің жауапкершілік саласындағы негізгі функциялары:

- Бағдарламаның мақсаттары мен бағыттарын қалыптастыру;

- Бағдарламаның мақсаттарына қол жеткізу мен бизнес-пайда алуды қамтамасыз ету;

- Бағдарламаның мақсаттары мен бизнес-пайдасына мүдделі барлық тұлғалармен келісу;

- Бағдарламаның мақсаттары мен бизнес-пайдасын стратегиялық үйлестіруді қамтамасыз ету;

- Бағдарламаны Қоғамның топ-менеджментінің қолдауын қамтамасыз ету;

- Бағдарламаны іске асыру барысына мониторинг жүргізу, сондай-ақ Бағдарлама алдына қойылған мақсаттарға табысты қол жеткізу үшін қажетті шараларды қабылдау;

- Бағдарламаның қаржыландырылуын қамтамасыз ету;

- Бағдарлама Демеушісінің жауапкершілігі саласына кіретін өзекті мәселелерді туындау қажеттілігіне қарай шешу, шешімдер қабылдау және жоғары деңгейдегі мүдделі тұлғалармен байланыс жасау болып табылады.




    1. Бизнесті трансформациялау жөніндегі бас директор


Бұл Бағдарламаға жалпы басшылық жасау, алға жылжуына жетекшілік ету және оны бақылау үшін тағайындалған Қоғамның өкілі. CBTO өз функцияларын орындауға өзінің жұмыс уақытының 60-80%-ын және қалған уақытын функционалдық міндеттерін атқаруға жұмсайды.

CBTO бизнестің өзгерістер процесіне бағдарлау жасауға міндетті және қажетті шараларды қабылдау үшін барлық қажетті өкілеттіктерді бөліп алуы тиіс. CBTO Бағдарламаның барлық аспектілерін басты басқаруды жүзеге асырады.

CBTO міндеттері қызметкердің жеке мақсаттары ретінде ол атқарып отырған міндет бойынша анық айқындалуы тиіс. Бағдарламаны іске асыру кезеңінде барлық бизнес-пайдалар алуға қол жеткізілуі тиіс.

CBTO Бағдарлама жұмыс істеген барлық кезеңде шешім қабылдауға дайын болуы тиіс және Бағдарлама көшбасшысы және идеологы болып табылады. CBTO Бағдарламаның нәтижелері Қоғамның барынша пайдалануына бағытталған.

CBTO міндеттері:


  • Бағдарламаға тиісті бақылау жасауды қамтамасыз ету;

  • Бағдарламаның іске асырылуына нақты бақылау нүктелері арқылы кезеңдік тәсілдерді қолдануды қамтамасыз ету;

  • келесі кезеңге өтер алдында әрбір кезеңнің мақсаттарына қол жеткізілуін бақылау;

  • бизнесте стратегиялық деңгейде өзгерістер прогресінің мониторингін жүргізу және бақылау;

  • Бағдарламаны іске асыру туралы есептемені Демеуші мен Кеңеске Кеңес туралы ереженің негізінде ұсыну;

  • СВТО жауапкершілігі саласына кіретін өзекті мәселелерді туындау қажеттілігіне қарай шешу, шешімдер қабылдау және жоғары деңгейдегі мүдделі тұлғалармен байланыс жасау;

  • Команда мүшелерін тағайындау, ауыстыру, босату, көтермелеу және жазаға тарту туралы ұсыныстарды енгізу;

  • жаңа мүмкіндіктерді толығымен пайдалануды қамтамасыз ете отырып, Бағдарламаның операциялық қызметтің жай-күйіне көшуін үйлестіру.



    1. Бағдарлама менеджері


Бағдарлама менеджері өзгерістердің табысты енгізілуіне жауап береді. Міндет Бағдарлама жобаларын тиімді үйлестіру мен біріктіруді, олардың өзара байланыстылығы мен нәтижелерін басқаруды, туындаған тәуекелдер мен ашық мәселелерді қадағалауды талап етеді. Бұдан басқа, бұл міндетке тиімді түрлендірулер мен жоспарланған пайдаларды енгізу жөніндегі бизнес үшін жаңа мүмкіндіктерді үйлестіру кіреді.

Бағдарлама менеджері Бағдарламада жұмыс істеу үшін жұмыс уақытының 100 %-ын бөледі, сондықтан оның атқаратын рөлі қажетті жаңашылдықты, қатысушылардың мақсатқа бейімділігі мен құлшынысын қамтамасыз ету үшін маңызды болып табылады.

Бағдарлама менеджері Бағдарламаның жалпылай алғанда біртұтастығына және өзара бірігуіне жауап береді. Бағдарламаға кіретін әрбір Жобаның орындалуын қамтамасыз ету үшін және Бағдарламаның тиімді ұйымдастырылған Басқару блогының көмегімен Бағдарламаны басқару іс-шараларын әзірлеуге және оны қолдауға міндетті.

Бағдарлама менеджерінің міндеттері:



  • Бағдарламаны әзірлеу және жоспарлау және жалпы прогресті жан-жақты қадағалау, туындаған өзекті мәселелерді, соның ішінде инициациялауды шешу және қажетті түзетуші іс-қимылдарды жүргізу;

  • корпоративтік және мамандандырылған стандарттарға сәйкес Бағдарламаның тұтастылығын және инфрақұрылымдық жоспарлауды, басқа бастамалар интерфейстерімен келісуді басшылыққа алып, Бағдарламаның тиімді басқарылуын және жалпы тұстастығын қамтамасыз ету;

  • Жобалардың нәтижелерін беруді қамтамасыз ету – жаңа өнімдерді немесе сервистердің қажетті сапасы түрінде, Бағдарламаның жоспары мен басқару стандарттарына сәйкес мерзімде және бюджет шеңберінде;

  • бизнес өзгерістерінің прогресіне жедел деңгейде мониторинг жүргізу және бақылау;

  • CBTO үшін Бағдарламаның іске асырылуы туралы ай сайынғы Есепті дайындау;

  • Бағдарламада үшінші тараптардың жұмысын басқару;

  • барлық мүдделі тараптармен коммуникацияларды басқару;

  • Жобалар арасындағы өзара байланыстылықты және интерфейстерді басқару;

  • Бағдарламаның нәтижелеріне ықпалын тигізетін тәуекелдерді басқару;

  • бизнесті жүргізудің «жаңа» тәсіліне бір қалыпты көшумен және тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін Бизнес өзгерістерін басқару блогының жетекшілігімен бірлесе жұмыс атқару;

  • жаңа өзекті мәселелер туындаған жағдайда қосымша белсенділіктер мен басқа интервенциялауды иниациялау;

  • СВТО Бағдарламасының орындалу дәрежесі жөнінде Демеушіге және Қоғам кеңесіне мерзімділікпен есеп беру.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет