Құжаттарды басқару – бұл барлық электрондық құжаттар мен қағаз түріндегі құжаттар түпнұсқаларының жасалуын, басқарылуы мен сақталуын реттейтін ережелер мен рәсімдер жинағы. Құжат айналымы жүйесі әзірленіп жатқан құжаттар ретінде, сондай-ақ бекітілген және жарияланған құжаттарды сақталуы мен орталықтан басқарылуын қамтамасыз ететін репозиторий болып табылады.
Үлгі нұсқалар мен тапсыру құжаттарын дайындау уақытында атауларын қоюда құрылымы мен стандарттарын қолдану аса маңызды болып табылады. Құжаттар атауларының келесі құрылымын пайдалану ұсынылады:
[Құжатты Бірдейлендіру]_[Құжат Атауы]_Редакция Нөмірі]_ [Құжат тілі]_ [Датасы]
Құжат аясында бекітілетін құжаттар [Редакция нөмірі] [бекітілген] ретінде белгіленеді.
Келесі индекстер Команда мүшелері мен қатысушыларына құжат идентификаторлары ретінде қойылды:
-
Қоғамды жаңғырту жөніндегі кеңес;
-
Бағдарлама Демеушісі;
-
CBTO;
-
Бағдарлама менеджері;
-
Басқарламаны басқару блогы;
-
Өзгерістерді басқару блогы;
-
Бизнес-шешімдерді басқару блогы;
-
Ақпараттық технологиялар блогы;
-
Консультант.
Ішкі блоктарды неғұрлым нақтылы индексациялау қажеттілігі жағдайында индекске тере арқылы цифр қосу (мәселен: 07-12) ұсынылады.
Команда Бағдарлама бойынша барлық пайдаланатын құжаттама РМО міндетті рұқсатпен Порталда сақталуы тиіс. Команда мүшелері үшін кіру құқығын СВТО тайындаған РМО құрамынан Портал әкімшісі қамтамасыз етеді.
Жобалау құжаттама мен бизнес процестердің реинжиниринг мазмұнын басқару үшін мынадай өнімдер пайдаланылады: ЭҚЖ Lotus Notes, MS Office, а MS Project сызығы, Microsoft SharePoint/Корпоративтік портал, ARIS, Adobe бағдарламалық қамтамасыз ету сызығы, PMO деректер базасы, OpenText ECM Suite (толығымен танысу талап етіледі).
Бағдарлама аспаптары
Бағдарлама Командасының тиімді жұмысын қамтамасыз еу мақсатында мынадай аспаптарды пайдалану ұсынылады:
1) Бағдарлама жоспарларын әзірлеу, міндеттер бойынша ресурстарды бөлу, прогресті қадағалау және жұмыс көлемдерін талдау, Команда үшін Бағдарлама жоспарларының коммуникациялары аспаптары (Microsoft Project Professional, MSPP);
2) кез келген бизнес-процесте анық, толық қадамдар логикаларын сипаттау мақсатында бизнес-процестердің үлгі-нұсқасын жасау аспабы (ARIS);
3) оқу материалдарын әзірлеуге арналған жүйе және негізгі процестер бойынша дайын интерактивтік оқу курстары;
4) ақпараттық жүйелер үшін функционалдық тестілеу бойынша шешімдер (интегратесттер, регрессиялық тестілеу);
5) НСИ басқару жөніндегі шешім;
6) тестілеу жүйелерін құруға арналған деректерді құру (алу) аспабы;
7) деректер мен кіру базаларын басқару аспабы.
Бұл аспаптар Қоғамның трансформациялау жөніндегі жұмыстарының орындалуы барысында қажет болған жағдайда пайдаланылуы мүмкін, алайда бұл аспаптардың болмауы трансформациялауды тоқтатуға негіз болып табылмайды.
Бағдарламаны басқару аспаптары және және оларды қолдану жөніндегі нақтылау төменде келтірілген.
Бизнес-процестердің реинжинирингін басқару аспабы – Microsoft Project Server
Жобалау жоспарлары мен жұмыс кестелерін басқару, жобалау жұмыстарының есептерін жасау, тәуекелдерді басқару, жобалау ресурстарын басқару, өзекті мәселелерді басқару, өзгерістерді бақылау «Microsoft Project Server 2013» платформасында ақпараттық жүйені пайдалануды жоспарлайды.
Microsoft Project Server платформасымен бірге бірнеше өнімдер мен шешімдер қол жетімді:
- Microsoft Project Server — жобалар портфелдерін басқаруға және күн сайынғы міндеттердің орындалуына арналған шешім. Команда мүшелері, жобаларға қатысушылар мен жетекшілер жобамен жұмыс істеуге кірісе беруіне, жобалар портфеліндегі инвестициялардың басымдылықтарын анықтап алуына және іс жүзінде жан-жақты ұйғарылған бизнес-артықшылықтарды алуына болады. Осы шешіммен жұмыс істеу үшін SharePoint 2013 талап етіледі;
- Microsoft Project Professional — жобалар мен ресурстарды бірлесе басқаруды қолдайтын, сондай-ақ Microsoft Project Server көмегімен портфелдерді басқаратын өнімнің корпоративтік нұсқасы;
- Microsoft Project Web Access — міндеттерді орындау туралы есептемеге, сондай-ақ жобалар портфелдерін қарауға арналған Web-интерфейс;
- Microsoft SharePoint тізімі - тізім жобалау командасына қатысушылармен және сайттың басқа пайдаланушыларымен алмасатын деректер жинағын білдіреді. Тізімдер тәуекелдер, өзекті мәселелер мен өзгерістер тізілімдемесін құру үшін пайдалану ұйғарылады.
Бизнес-процестерді моделдеу аспабы – ARIS
Қоғам қызметінің процестік архитектурасын моделдеу үшін ARIS бағдарламалық өнімдері негізінде клиент-серверлік платформаны пайдалануды жоспарлайды.
ARIS Design Server кіші-гірім архитектура базасындағы платформа жобалау командасын байланыстың барлық түрлері мен қарым-қатынастарына шолу жасай отырып, бизнес-архитектураны құруды моделдеу туралы берілген келісімге сәйкес бизнес-процестерді моделдеу және талдау жөніндегі функционалдығымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Аспаптың көмегімен Қоғамның бизнес-процестерінің біртұтас репозиториі оған түрлі кіру және регламент, саясаттар, процестік моделдер, лауазымды нұсқаулықтар және т.б. құжаттардың түрлі нұсқалары түрлерін жасау мүмкіндігімен құрылады.
Алдағы уақытта кіші-гірім платформаны ARIS Connect Server базасында архитектураға дейін дамытуға болады, ол пайдаланушы порталда бірлесе жұмыс істеу, процестер үлгілерінде өзгерістерді басқару және бақылау, дашбордтар мен жетілдірілген есептерді ретке келтіру, құжаттамаларды сақтау репозиториясын құру үшін функционалдық мүмкіндік береді. ARIS өнімдері сондай-ақ процестік-бағдарлау автоматикасы мен ақпараттық жүйелерді енгізу үшін SAP өнімдерін қоса атқарады.
Үлгі аспаптардың құрамы мен оны енгізу жөніндегі жұмыстардың мазмұнына қойылатын талаптар нақты жоспарлау кезеңінде өзгертілуі немесе толықтырылуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |