-
Бағдарлама көлемі трансформациялау міндеттерімен белгіленді, ол Диагностика және дизайн, 1-кезеңі аяқталғаннан кейін түпкілікті жасалатын болады. Бизнес-процестер көлемі жұмыстардың қамтылуын басқару ережелеріне сәйкес өзгертілуі мүмкін. Төменде Бағдарламаға енгізуге жоспарланып отырған Қоғамның функционалдық салаларының тізбесі келтірілген:
-
қызметтің тиімділігін басқару;
-
қаржыны басқару;
-
инвестициялық қызметті басқару;
-
сатып алу мен жеткізілімдерді басқару;
-
сатылымдарды басқару;
-
операциялық қызметті басқару;
-
активтерді басқару (ТОРО – техникалық қызмет көрсету және жөнделуін қамтамасыз ету);
-
персоналды басқару;
-
өндірістік қауіпсіздікті басқару;
-
тәуекелдерді басқару және талаптарға сәйкестік;
-
АТ-ны басқару.
Бағдарламаның әдіснамалық көлемі
Қоғамның Бағдарламасы шеңберіндегі барлық жобалау жұмыстары CTT («Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ трансформациялау жөніндегі басшылықты қараңыз,Том I-VIII) дайындаған трансформациялаудың бірыңғай әдіснамасына сәйкес орындалады.
Бағдарламаның әдіснамалық көлеміне барлық деңгейдегі әдіснамалық, басшылық және реттеуші құжаттар кіреді. Реттеуші құжаттар сатылы тиісті деңгейдегі бизнес-процестерді сипаттайды. Бағдарламаның әдіснамалық бөлігін жасаудың алғашқы кезеңінде стандарт анықталады, соған сәйкес құжаттама жүргізіледі және бизнес-процестердің үлгілерімен автоматтандырылған байланыс қамтамасыз етіледі. Бизнес-процестермен және реттеуші құжаттармен толықтыру және түзету – бұл Бағдарламаның маңызды міндеттерінің бірі.
Бағдарлама тәсілдері
Бағдарламаны басқару «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ трансформациялау жөніндегі басшылық бағдарламасын басқару процестері, Том I-VIII сәйкес жүргізіледі. Бағдарламаны басқару процестері мен рәсімдері PMBoK (Project Management Body of Knowledge) және Prince2 жалпы қабылданған басқару стандарттарына негізделген.
-
Бизнес-процестердің үлгі нұсқасын жасау маңызды міндет, ол бизнес-процестерді өзгертуге және реттеуші базаға, жаңа технологиялар мен еңбекті ұйымдастыруға байланысты жаңашыл ұсыныстарды еңгізуге қолдау көрсетеді.
Бизнес-процестердің үлгі нұсқасын жасау шеңберінде стандарт пайдаланылады, ол менеджментке, сондай-ақ талдаушыларға, әзірлеушілерге қол жетімді болады; барлық қатысатын тараптарға процестерді дәлме-дәл, жан-жақты және тиімді атқаруына мүмкіндік береді.
Нұсқа үлгісін нотациялау ретінде (шартты белгілер жүйесі) келешектегі қызмет процестері үшін жүйе мынадай өлшемдер бойынша таңдап алынады:
1) халықаралық-процестердің мойындалған нұсқасының стандарты;
2) стандартталған байланысты құрушы, оның көмегімен бизнес-процестер мен оларды ТТ-жүйесімен іске асыру арасындағы бөлініс қысқартылады;
3) барлық мүдделі адамдар бірін-бірі түсінуі үшн бірыңғай стандарттармен нұсқа жасауға мүмкіндік беретін процестер.
Ақпараттық жүйелерді енгізу әдістемесі
Бағдарламада – процестік бағыттардың ең көп саны, жан-жақты реттеуші базаның толықтығы, барлық басқару жүйелерінің деңгейі кең түрде және барынша жан-жақты қамтылған. Мұндай көлем ақпараттық жүйелер мен тәуекелдерді азайтудың оңтайлы өзгерістерімен, бизнес үшін негізгі стратегиялық пайда алуға бағыт-бағдарларды жасау арқылы ілеспелі өзгерістерді енгізуге кәсіби және жауапкершілік тұрғысында әрекет жасауды талап етеді. Сондықтан жүйелер мен ілеспелі өзгерістерді қамту және оларды жүйелі түрде енгізіп отыру туралы шешімді қабылдау қажет, алдағы кезеңге жасалып әзірленген қолда бар нақты үлгілер әрбір құрылымдық бөлімшеге және соның ішінде әрбір функцияға тигізетін ықпалы мен өзгерістердің шамасын барынша дәл бағалауға мүмкіндік береді. Өзгерістерді бағалау жобалар бойынша шешімдерді қабылдау үшін оларды іске асыру, қамту мен олардың кезектілігі негіз болып табылуы тиіс. Іске асыру жобаларын қамту функциялар/процестер тұрғысынан, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелердің тарапынан, және олардың орналасу жағдайларына қарай, төменде келтірілген көптеген факторларды ескере отырып айқындалуы тиіс:
1) қызметкерлердің өзгерістерге дайындығы;
2) өзгерістерге ашықтығы;
3) жаңа дағдылардың болуы;
4) оқытуға күш салу көлемі;
5) орташа звено менеджментін мотивациялау;
6) техникалық инфрақұрылымның дайындығы;
7) ағымдағы басқару жүйелерінің жай-күйі;
8) компания бойынша тұтас алғанда, өзгерістерден алынатын пайданың шамасы мен стратегиялық маңыздылығы;
9) қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді тиімділігі, олардың оң және теріс жақтары;
10) менеджмент пен Бағдарлама Командасының жаңа әдістерге және басқару аспаптарына көшу жолдарында туындаған мәселелерді басқаруға және оларды орындап шығуға дайындығы.
Бағдарламаны PMO арқылы басқару әдістемесі
РМО – бұл ұйымдық құрылымдық бірлік. РМО Бағдарламаның ақпараттық алаңы болып табылады. Жедел деңгейде РМО бағдарламаларды/жобаларды басқару орталығын білдіреді, оларды іске асыруға қолдау көрсетуге жауап береді және төмендегілерді қамтамасыз етеді:
1) Бағдарламаның жалпы нәтижелеріне қол жеткізу үшін жобаларды іске асыру жөніндегі келісілген іс-қимылдар;
2) жобаларды енгізудің бірыңғай стандарттары;
3) жоба құжаттарының бірыңғай үлгілері және жобаларға мониторинг жүргізудің жалпы аспаптары;
4) жоспарлаудың сенімді және дұрыс процестері және жобалардың орындалу барысын бақылау;
5) тәуекелдер мен өзекті мәселелерді басқарудың бірыңғай, сенімді және белсенді процестері;
6) ішкі жобалар, сондай-ақ Бағдарлама деңгейіндегі жобалар деңгейімен жұмыстарды орындау мәртебесі бойынша стандарттық және тұтас есептілік;
7) өзгерістерге сұрау салуды басқарудың бірыңғай процесі;
8) жобаларды басқарудың бірыңғай аспаптары: әдістеме, жобалау, бизнес-процестердің нұсқасын жасау және енгізу нәтижелерін құжаттау.
РМО оны іске асырудың барлық кезеңінде Бағдарламаны қолдау үшін құрылады. РМО Бағдарламаны іске асырудың тиімділігін Бағдарламада жұмыс істейтін қызметкерлердің білімін, іс-тәжірибесі мен дағыларын шоғырландыру және тарату есебінен арттырады. РМО жасау кезінде үміткерлердің келесі қасиеттеріне бас көңіл бөлген жөн:
-
әдіснама және жобаларды басқару процесі саласындағы жақсы білімі;
-
тәуекелдер мен өзекті мәселелерді басқарудағы іс-тәжірибесі;
-
мониторинг жүргізу және талдау дағдысы;
-
коммуникабелділігі және барлық деңгейдегі қызметкерлермен ортақ тіл табыса білуі.
РМО міндеттері:
1) жоспарлау және мониторинг;
2) табысты басқару;
3) тәуекелдерді басқару;
4) өзекті мәселелерді басқару;
5) есептілік коммуникациясы;
6) сапаны басқару;
7) ресурстарды басқару;
8) құжаттаманы басқару;
9) өзгерістерді бақылау;
10) Бағдарлама инфрақұрылымын басқару;
11) білімдерді басқару.
Достарыңызбен бөлісу: |