"Бақытты сәт" жаттығуы


ІІ. ҚАТЫСЫМДЫҚ ТАПСЫРМАЛАР ТҮРЛЕРІ



бет10/36
Дата21.03.2024
өлшемі176.34 Kb.
#496244
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   36
ҚТОӘ дәріс Қатысым

ІІ. ҚАТЫСЫМДЫҚ ТАПСЫРМАЛАР ТҮРЛЕРІ
І. Сөйлеу жаттығулары
Тәжірибе барысында сөйлеу жаттығуларының төмендегідей түрлерін қолдандық:
1. Тірек сызбалар арқылы ауызша мәтін құрау;
2. Тірек сөздерге сүйене отырып өз мәтінін құрау;
3. Мәтінді өзгертіп әңгімелеу;
4. Берілген жоспар бойынша ауызша әңгіме құрау
5. Кестелерде берілген мәліметтер бойынша ауызша мәтін құрау;
6. Диалогтарды толықтыру;
7. Берілген диаграммаға сүйене отырып, өз мәтінін құрау;
8. Берілген жағдаяттық тапсырмаға сәйкес әңгіме құрау;
9. Сурет бойынша әңгіме құрау;
10. Берілген сұрақтарға жауап беру.
Сөйлеу жаттығуларының аталған түрлеріне сәйкес бірнеше мысалдар ұсынамыз:
1. Тірек сөздерге сүйене отырып өз мәтінін құрау жаттығуы
1.1.Сын есімдерді пайдаланып, қатар отырған екі көрші бір-біріңізді сипаттаңыздар
Сипаттайтын ерекшеліктер: Түрі, бет-әлпеті, бойы, шашы, көзі, киімі, өнері, мінезі, қызметі, білімі, қасиеттері, артықшылығы т.б. Тірек сызбалар арқылы ауызша мәтін құрау жаттығуы.
Төмендегі одағай сөздерді пайдаланып, мәтін құра. Сипаттайтын ерекшеліктері: эмоциялық жақтарын көрсету.
1.2. Төмендегі сызбаны тірек ете отырып, жаңа заман жастары жайлы өз ойыңызды айтыңыз: 21 ғасыр оқушысы
1.3. Төмендегі сызбаны тірек ете отырып, адам өмірі жайлы өз ойыңызды айтыңыз:
1 жас 20 жас 40 жас 70 жас 90 жас
1.4. «Мен оқушымын». Тапсырма: Берілген сөздерді, суреттерді қарап, пайдалана отырып, осы тақырыпқа лайықтысын таңда, «Мен оқушымын» тақырыбына өзің туралы айтып бер.
Сөйлеу жаттығуының бұл түрінде оқушылар алдына тірек сөздер мен суреттер беріледі. Берілген тірек сөздер мен суреттер арасында тақырыпқа сай келетіндері де ( сынақ кітапшасы, жатақхана, ғимарат, т.б.), тақырыпқа сай келмейтіндері де беріледі (гүл, қуыршақ, кілт, жол, т.б). Мақсаты: Сөйлеу жаттығуына қатысушы қажетті сөздер мен суретті таңдай отырып, өз ойын ауызша жеткізеді.
Нәтиже: Үйренуші алдымен түсіне отырып, тек өзіне қажетті сөздерді ғана таңдап алады, содан соң ойын бірден ауызша жүйелеп жеткізуге тырысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет