"Бақытты сәт" жаттығуы


І. ҚАТЫСЫМДЫҚ ТАПСЫРМАЛАР (



бет7/36
Дата21.03.2024
өлшемі176.34 Kb.
#496244
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   36
ҚТОӘ дәріс Қатысым

І. ҚАТЫСЫМДЫҚ ТАПСЫРМАЛАР (ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ)
Қатысымдық бағдарлы оқыту арқылы белгілі бір тіл туралы білім берілмейді. Қарым- қатынас құралы тілдің өзін қалай қолдану керек, сол жөнінде оқытылады, яғни сол тілде сөйлеу басты мақсатқа алынып оқытылады. «Қатысымдық әдіс дегеніміз - оқушы мен оқытушының тікелей қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатын; белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын; тілдік қатынас пен әдістемелік категорияларына тән басты белгілер мен қағидалардың жүйесінен тұратын; тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп, тілді қарым- қатынас құралы ретінде іс жүзіне асыратын әдістің түрі»
Қатысым әдісінің негізгі мақсаты - тіл үйренушілерді бірінші сабақтан бастап сөйлесім әрекетіне баулу. Е.И.Пассов бұл жөнінде былай дейді: «Готовить учащегося к участию в процессе иноязычного общения нужно в условиях иноязычного общения, созданного в классе. Это и определяет сущность коммуникативного обучения, которая заключается в том, что процесс обучения является моделью общения» .
Қатысымдық әдістің басты белгісінің бірі - тілді үйретуді күнделікті өмірде жүзеге асыру, сабақты практикалық жағынан жан-жақты қамтамасыз ету. Мұнда оқу сырттай немесе жеке ара күйде іске аспайды, адамдардың іс жүзіндегі өзара іс-әрекеті үстінде, ауызба-ауыз сөйлесуі, тілдесуі арқылы болады.
Қатысымдық бағдарлы оқу әрекетінің маңызды құрылымдық элементтерінің бірі – қатысымдық тапсырмалар тіл үйренушілердің орындайтын дәстүрлі тілдік, грамматикалық тапсырмаларындай емес, қатысымдық дағдыларды қалыптастыруға бағытталып, сөйлеу әрекетінің барлық түрін дамытуға негізделе жүргізіледі.
Қазақ тілін қатысымдық бағдарлай оқытуда қатысымдық құзыреттілікке жету үшін жаттығу жұмыстарын ұтымды қолданудың маңызы аса зор. Тіл үйренушілер бір-бірімен қарым-қатынасқа түсіп, пікір алмасулары үшін тапсырмалардың қатысымдылығы үлкен роль атқарады. Қатысымдық тапсырмаларды зерттеу ісімен Е.И.Пассов, Б.Л.Скалкин, В.С.Коростылев, Н.И.Гришина, Л.М.Войтюк ,Г.А.Китайгородская, М.Берман, А.В.Бухбиндер, А.Н.Леонтьев т.б. айналысты.
Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың сөйлесім дағдысын қалыптастыру жаттықтырушы тапсырмаларды қажет етеді. Ғалым З.Бейсембаеваның айтуынша: «Тілдік құбылыстар тек жаттығу арқылы, бірнеше рет орындалатын (әр түрлі формада, әр түрлі мақсатта) жаттығулардың негізінде оқушының дағдысына айналады, есінде ұзақ сақталады.
Құбылыс немесе объект, үдеріс туралы ақпараттың бір бөлігінің толық, екінші бөлігінің белгісіз болып берілуі жолымен жасалған қатысымдық тапсырмалар тіл үйренушінің өз бетімен ізденуі, қатысым әрекетіне түсуі нәтижесінде оқытудың тұлға аралық белсенді сипат алуын көздейді.
Қатысымдылық оқып үйренетін шетел тілін табиғи және шынайы түрде қоғаммен қарым қатынас жасау үшін пайдалануды талап етеді. Бұл жағдайда тіл үйренушілердің дәстүрлі емес қарым-қатынас әдісінің үлгісі ойынның төмендегідей түрлері негізінде құрылады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет