"Бақытты сәт" жаттығуы



бет11/36
Дата21.03.2024
өлшемі176.34 Kb.
#496244
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36
ҚТОӘ дәріс Қатысым

1.5. «Менің досым»Тапсырма: Бірге оқитын досыңның бейнесін сипаттап, оған мінездеме бер. Досыңның тек атын айтуға болмайды. Оның есімін басқа қатысушылар табуы керек.
Мақсаты: Берілген тапсырма арқылы сын есім, тәуелдік жалғауы сияқты грамматикалық тақырыптар мен «Менің досым» тақырыбын қайталау, тақырыпты қаншалықты меңгергенін бағалау.
Нәтиже: Оқушылар өз досының бейнесін, мінезін дәл берген жағдайда қатысушылар оны анықтай алады.
2. Мәтінді өзгертіп әңгімелеу жаттығуы
2.2. Үзіндіні оқып, Жандостың қандай оқушы екенін айтыңыз:
– Жандос таңертең анасының еркелетуімен ұйқысынан әрең оянады;
– Асықпай баптанып отырып таңғы асын ішеді;
– Анасы дайындап қойған киімдерін киіп, бүгін болатын сабақ кестесіне таңдана қарайды;
– Бөлмесін бәрін қопарып дәптерлерін әрең табады;
– Сабағына кешігіп келеді;
– Мұғаліміне неге кешіккендігі жайлы өтірігін айта бастайды;
– Басқа оқушылар сабақ айта бастағанда ол аяқ астынан ауырып қалады;
– Сабақ арасындағы үзілісте басқа оқушылармен дауласа кетеді;
– Ұжымдық жұмыстарға қатыспайды;
– Сабақтары бітер бітпестен үйіне асығады;
– Үйіне келіп анасына қалай сабақ оқығандығы туралы мақтанып, шаршап келгенін айтады;
– Етке тойып алып, теледидардан фильмдер көріп жатқанды ұнатады;
– Анасы дүкенге жіберсе, шаршап, ауырып жатқанын айтады;
– Кешке жолдастарымен көшеге қыдыруға кетеді;
– Таң ата келіп, ұйқысына батады.
2.3. Үзіндіні оқыңыз және Асанның қандай қызметші екенін айтыңыз:
– Асан таңертең ұйқысынан әрең оянады;
– Асықпай баптанып отырып таңғы асын ішеді;
– Әйелі дайындап қойған киімдерін киіп, портфелін алып, талтаңдай басып жұмысына кетеді;
– Жұмысына кешігіп келеді;
– Бастығының алдында құрдай жорғалайды;
– Мәселенің мән-жайына бармастан әріптестерімен дауласа кетеді;
– Есепті уақытында өткізбейді;
– Жұмыс үстелін, құжат папкаларын ретсіздік жайлаған;
Жиналыстарда ұйықтап отырады;
– Кешке елден бұрын үйіне асығады;
Үйінде етке тойып алып, теледидардан фильмдер көріп жатқанды ұнатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет