"Бақытты сәт" жаттығуы


Қатысымдық тапсырмалардың мақсаты



бет9/36
Дата21.03.2024
өлшемі176.34 Kb.
#496244
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   36
ҚТОӘ дәріс Қатысым

Қатысымдық тапсырмалардың мақсаты:
- қатысымдық – тілдік қатынасқа түсуге қажеттілік, қызығушылық тудыру;
- білімдік – ауызша тілдесім әрекетіне жаттықтыру арқылы фонетика-грамматикалық дағдылар қалыптастыру;
- тәрбиелік - саналы тәртіп, еңбексүйгіштік, белсенділікті дамыту, өзара көмек беруге тәрбиелеу;
- бағдарлық – тіл үйренушінің сөйлесім әрекетін, қатысымдық ниетін жоспарлай білуді дамыту;
- бағалаушылық - әрбір тіл үйренушінің өзінің және басқалардың сөйлесім әрекетін бақылап, бағалауы арқылы өз-өзіне есеп беруін, рефлексиялық қабілетін дамыту.
Қазіргі кезде қатысымдық ойындарды орындаудың үш сатылы формасы кең тарап келеді. Іс жүзінде кез-келген тапсырма үш сатыда орындалуы мүмкін.
Олар: - дайындық сатысы;
- орындау сатысы;
- қорытынды сатысы:
Бұл кезде Р.П.Мильруд, И.Р.Максимовалардың айтуынша «....жеке тұлғаның іс-әрекетке белсенді және еркін қатысуына қолайлы жағдай жасау керек».
Бұл жағдайда сөздегі қателерді тек мүмкін нәрсе деп қана емес, сонымен қатар қалыпты жағдай деп түсіну керек. Әңгімелесу грамматикасы жазбаша сөз грамматикасынан белгілі дәрежеде ауытқушылықты да тудырады. Жоғарыда көрсетілген жағдайлар, біздің көзқарасымыз бойынша, қазақ тілін оқыту кезінде сөзсіз кездесетін жағдай болып табылады.
Осыған ұқсас тапсырмаларды мұғалімнің өнертапқыштығына қарай көптеп ойлап табуға болады.
Ойындарды ұйымдастыру барысында мынадай талаптар қойылады:
- оқушылардың дербестігін, олардың белсенді позициясын көрсететін тіпті дұрыс емес және теріс пікірлер де марапатталып отыруы керек;
- қарым-қатынасқа түсушілер жіберген қателіктері үшін сыналмайтынына, жазаланбайтынына сенімді болуы керек;
- тілдік материалдарды пайдалану жеке сөздік ой-пікірлерге бағынады;
- тілдік материал сөйлеушінің сөздік ойлану мүмкіндігіне сәйкес келеді;
- қарым-қатынас сыннан тыс, бағалаудан тыс негіздерге құрылады (бірге қапалану және бір-бірінің көңіл күйін түсіну).
Қатысымдық тапсырма барысында төмендегідей нәтижелерге қол жеткізуге болады:
- Оқушылар өз ойы мен сезімін өзара қарым-қатынас үдерісінде еркін білдіруге мүмкіндік алады
- Топтық қарым-қатынастың әрбір қатысушысы басқалардың ерекше назарында қалады;
- Оқушылар көрсетілген белгілерге сәйкес мүмкіндігінше тезірек қалыптасып бейімделуге тырысады;
- Әрбір оқушы өзінің белгілі бір рөліне ие болып, әңгімедегі өзіне сәйкес орынға ие болуға тырысады;
- Оқушылар бір-біріне жақын келеді және міндетті күлкімен сөз қағысулар алмасады;
- Оқушылар ішкі және сыртқы шеңбер жасайды, және шеңбер бойынша қозғала жүріп сөзқағысулар (реплика) алмасады;
- Қатысушылар бір-біріне жақын келіп әңгіме бастайды;
- Оқушылар өзінің әңгімелесушісіне арнап кез келген мәдени әңгімені айтады;
- Қатысушылар ол туралы басқа оқушылар не ойлайтынын білуге тырысады;
- Оқушылар келісім белгісі ретінде басын изей отырып және онымен келіскенін білдіре отырып, әріптесін мұқият тыңдайды.
Қатысымдық тапсырмаларды қолдана отырып жүргізілген қатысымдық оқыту барысында оқушылардың өз ойы мен пiкiрiн тұжырымдай алуы, сөйлеу машығы мен негізін меңгеруі, ойды сөзбен жеткiзудiң қатысымдық амалдарын игерiп, оларды күнделiктi өмiрде кездесетiн шынайы жағдаяттарда жұмсай алуы жүзеге асады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет