"Бақытты сәт" жаттығуы



бет4/36
Дата21.03.2024
өлшемі176.34 Kb.
#496244
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
ҚТОӘ дәріс Қатысым

Айтылым - адамдар арасындағы тілдік қатынасты жүзеге асыратын сөйлесім әрекетінің бір түрі. Ол - тілдік қарым-қатынас барысында адамның өз ойын жарыққа шығару үдерісі, өз сөзін екінші біреуге ұғынықты етіп жеткізу.
Оқушыны қазақ тілінде ойын ауызша жеткізе білуге үйрету деген - ең алдымен өмірде оны екінші адаммен түсінісе білуге үйрету, ойын ауызша жеткізіп қана қоймай, оған жауап ала білуге, өзара ұғынысуға, тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйрету деген сөз.
Айтылым әрекетіне қатысты ең маңызды мәселе - сөзді дұрыс айта білудің заңдылықтарын және қалыптасқан нормаларын меңгеру. Бұл туралы тілші ғалым Р.Сыздықованың түйген ойларының қай-қайсысы болсын тіл үйренушіге де оқытушыға да тиімді.
Айтылым үдерісін меңгеру үшін мынадай жағдайларды ескеру қажет:
1) үйренетін тілде сөйлеуге деген қажеттілік; 2) қоршаған орта жағдайының әсері; 3) жеке бастың қабілетін ескеру; 4) сөйлеудің түпкі мақсатын айқындау.
Сонымен, айтылым - санамен қабылданатын сыртқы дүниенің әсерін ауызша сөйлеу арқылы жарыққа шығаратын, қатысымдық тұлғаларды қамтитын күрделі сөйлесім әрекеті.
Тілдесім - сөйлесім әрекетінің барлық түрлерін қамтитын ерекше құбылыс. Ол тілдік қатынастың ең маңызды көрсеткіші бола келіп, оқылым, айтылым, жазылым, тыңдалымның іс жүзінде қолданылуына мүмкіндік жасайды. Тілдесім (общение) - айтылым және жазылымның өзара бірлігінен құрала келіп, қандай болмасын ақпарат негізінде адамдар арасындағы тілдік қатынасты жүзеге асыратын сөйлесім әрекетінің түрі. Бұл қарым-қатынаста оқылым мен тыңдалымның да тыс қалмайтындығы өзінен-өзі белгілі. 
Тілдесім - адамдардың қоғамдық-әлеуметтік өмірде бір-бірімен тіл арқылы қарым-қатынасқа түсіп, өзара пікірлдесуінің нәтижесінде бірінің ойын бірі ауызша да, жазбаша да түсінуі және оған жауап қайтаруы. Тілдесім арқылы болатын әсер әртүрлі болуы мүмкін: а) жағымды не жағымсыз әсер; ә) ашық не жасырын әсер; б) тікелей не аралық әсер; в) негізгі не қосалқы әсер. Адамдардың бір-бірімен қандай мақсатпен, қалай сөйлесуіне байланысты тілдесімнің мынадай түрлері бар: 1) ресми тілдесім; 2) бейресми тілдесім; 3) қалыптасқан тілдесім; 4) кәсіби (мамандыққа қарай) тілдесім; 5) әлеуметтік тілдесім; 6) дербестік тілдесім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет