Байболова Л. К., Абжанова Ш. А., Жаксылыкова Г. Н., Бердығалиұлы С



Pdf көрінісі
бет14/96
Дата02.03.2022
өлшемі1.98 Mb.
#455902
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   96
Байболова Л.К. Ет және сүт өнімдерін.....

 


29 
 
Тамақ өнімдерінде заманауи әдістермен өңдегенде жүретін физика-
химиялық өзгерістер 
 
 
 
 
Мақсаты: тамақ өнімдерінің электрфизикалық қасиеттерін, тамақ 
өнімдерін 
өңдеудің 
электртүйіспелік 
әдістерін, 
электроплазмолиз, 
электрфлотацияны, тамақ өнімдерін өңдеудің жоғары сапалы әдісін, тамақ 
өнімдерін өңдеудің өте жоғарыжиілікті әдісін, тамақ өнімдерін акустикалық 
әдіспен өңдеуді, тамақ өнімдерін ультрадыбыспен өңдеуді, тамақ өнімдерін 
өңдеудің 
импульстық 
әдістерін, 
тамақ 
өнімдерін 
инфрақызыл 
сәулелендірумен өңдеуді, тамақ өнімдерінің құрылымдық-механикалық 
қасиеттерін, ығысулық кернеумен әсер еткенде тамақ өнімдерінің 
реологиялық қасиеттерін зерттеу. 
Шикізатты өңдеудің термиялық процесстерінің алуан түрлерінің 
көбісінің өнімнің жылуды аз өткізу себебінен ұзақ болуының салдарынан 
өндірістік процесстерді автоматтандыруға және механикаландыруды 
қиындатады. Қазіргі уақытта термиялық процесстерді жоғары жиілікті (ЖЖ) 
және өте жоғаы жиілікті (ӨЖЖ) өрістерде электр түйіспелік әдіспен (ЭТ) 
қыздыруды қолдану жолымен қарқындатудың тәжірибелік мүмкіндігін 
дәлелденген деп есептеуге болады. Бұл әдістерді қолдану процесстердің 
жүруін күрт үдетеді, еңбек өнімділігін арттырады, өндірістік аймақтар 
қажеттілігін төмендетеді. Сонымен бірге өнім сапасы артып, сондай-
ақеңбектің санитарлық-гигиеналық жағдайлары кенет жақсара түседі. ЭТ, 
ЖЖ және ӨЖЖ әдістердің жылу алудың басқа әдістеріне қарағанда ерекше 
артықшылығыөнімнің жылу өткізгіштік коэффициенті мен жуандығына 
қарамастан, өнімді бүкіл көлемі бойынша біркелкі қыздыру болып табылады. 
мінсіз жағдайда температуралық градиентсіз іске асырылады, бұл ретте 
материал қысқа уақыт ішінде көп энергия сіңіре алады. Сонымен қатар 
жұмыс органының пішіні мен толқын типін алмастыра отырып, алдын ала 
белгілеп алынған температуралық біркелкі емес жылу режімдерін жасауға 
болады, ал бұл жаңа технологиялық мүмкіндіктер тудырады. Мұндай 
қыздырудың ұзақтығы келтірілетін қуатқа байланысты және ол өңделетін 
өнімнің пішіні мен көлеміне тәуелді емес. ЖЖ және ӨЖЖ қыздыру 
жағдайында жылу тасығыштармен байланыстың болмауы қарапайым 
жылыту құралдарын жасауға мүмкіндік береді. ЭТ, ЖЖ және ӨЖЖ 
қыздыруда жылу өңделетін материалдың тікелей өзінде шығады, қоршаған 
детальдар суық болып қала береді, ал бұл жылытқыштың жылу 
инерциясының болмауына пара-пар. Бұл әдістерді кәдімгіге қарама-қарсы 
кептіруде қолданғанда, жылу мен ылғал бағыты сәйкес келеді, ал бұл 
процесстің жүруін тездетеді. Ең соңында ӨЖЖ әдісте (2400МГц) материал 
қуатты әпсәтте және бүкіл көлемі бойынша сіңіріп алатынын атап өту керек. 


30 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   96




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет