Байболова Л. К., Абжанова Ш. А., Жаксылыкова Г. Н., Бердығалиұлы С



Pdf көрінісі
бет2/96
Дата02.03.2022
өлшемі1.98 Mb.
#455902
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   96
Байболова Л.К. Ет және сүт өнімдерін.....

Мухтарханова Р.Б. – т.ғ.к., профессор м.а., Алматы технологиялық университетінің 
«Ғылым басқармасы» бөлім бастығы 
 
 
Е88 
Ет және сүт өнімдерін өндірудің физика-химиялық және биохимия-
лық негіздері: оқу құралы /Байболова Л.К., Абжанова Ш.А., 
Жаксылыкова Г.Н., Бердығалиұлы С., Кулажанов Е.Т. – Алматы, 
2019. – 160 б. 
ISBN 978-601-7440-24-4 
 
Оқулықта тірі организмдерді құрайтын негізгі биологиялық белсенді 
қосылыстардың құрамы, құрылысы, химиялық табиғаты, зат алмасудағы рөлі 
келтірілген. Сонымен қатар студенттерге ет және сүт өнімдерін өндірудің 
биохимиялық және физико-химиялық негіздері, тамақ өнімдерінің тағамдық 
және биологиялық құндылығы, тағамдық өнімдерді өндіру технологиясы, 
тағамдық өнімдердің өңдеудің технологиялық режимдерді оқып үйренуге 
мүмкіндік беретін теориялық материалдар жинақталған. 
ӘОЖ 637.15 (075.8) 
КБЖ 36.92:95Я73 
 
©Байболова Л.К., Абжанова Ш.А.,
Жаксылыкова Г.Н., Бердығалиұлы С.,
Кулажанов Е.Т., 2019 
ISBN 978-601-7440-24-4 ©РББ АТУ, 2019 



Ет пен ет өнімдерін өндірудің физика-химиялық негіздері. 
Қанның құрамы мен физика-химиялық қасиеттері.
Қанның автолитикалық өзгерістері.
Қанның тағамдық құндылығы. 
 
 
 
 
 
 
Мақсаты: Қанның құрамы мен физика-химиялық қасиеттерін, қанның 
тұратқтануын, автолитикалық өзгерістері мен қанның тағамдық құндылығын 
зерттеу. 
Қанның құрамы мен физика-химиялық қасиеттері 
Жануарлардың қаны қызыл, қою, тұтқыр, тұзды, дәмі мен өзіндік иісі 
бар сұйықтық. Қанның қандай тамыр құрамынан алынуына байланысты түсін 
ажыратуға болады. Мысалы: өкпедегі оттегіні сіңіріп артериядан алынған қан 
түсі ашық қызғылт түске ие, ұлпаларға оттегіні беріп, көмірқышқыл газымен 
қаныққан күре тамыр қаны қою қаралау реңге еніп, оның түсін қою қызғылт 
түс деп сипаттауға болады. Ағзада қан айналым жолдары арқылы жүре 
отырып, ол әр түрлі қызмет атқарады: ұлпаларға оттегі, қоректік заттар 
жеткізіп, зат алмасу қалдықтарын (көмірқышқыл, несеп, артық су, 
минералды тұздар) зиянды заттардан арылтатын мүшелерге (өкпе, бүйрек, 
тері, ішек) жеткізеді.
Қан арқылы ағза қызметтерінің реттелуі гуморальді деп аталады: қан
жасуша үшін жағымды физико – химиялық орта болып табылады, олар жылу 
реттелуіне қатысады, ағзаны ауру тудыратын микробтардан қорғайды. 
Ірі қара малда қан мөлшері 80%, қойда 8,1% , шошқада 4,6%, жылқыда 
9,8%, құста 8,5% болады, бірақ малды сойған кезде қан шығымы едәуір аз. 
Осылайша ірі қара малда қан шығымы 4,2%, қойда 3,5%, шошқада 3,2%, 
жылқыда 5,5% болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   96




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет