Байболова Л. К., Абжанова Ш. А., Жаксылыкова Г. Н., Бердығалиұлы С



Pdf көрінісі
бет16/96
Дата02.03.2022
өлшемі1.98 Mb.
#455902
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   96
Байболова Л.К. Ет және сүт өнімдерін.....

Электроплазмолиз
Тамақ 
өнімдерін 
электртүйіспелі 
өңдеу 
процесстеріне электроплазмолизді жатқызуға болады, олөсімдік шикізатынан 
шырынын пресстік амалмен шығаруды қарқындатуға арналған. Өсімдік 
шикізатының шырынын беруі протоплазмалық қабықтың өткізгіштігінің 
бастапқы дәрежесіне және соңғысының алдын ала өңдеу мен пресстеу 


31 
процесі кезінде сыртқы әсерлерге қарсы тұру қабылеттілігіне байланысты. 
Сондықтан протоплазманы зақымдауға және оның өткізгіштігін арттыруға 
бағытталған кез-келген сыртқы әсер етулер ақыр соңында шырын беруді 
арттыруға алып келуі керек.
Шырынның шығуын арттыруға алып келетін қабықты зақымдаудың 
көптеген әдістері бар: механикалық, термиялық, ферментті, сәулелік және 
басқалары, 
алайдаэлектрлік 
әдістбасқаларына 
қарағанда 
бірқатар 
артықшылықтары бар және бірінші кезекте оның жабдықталуы қарапайым 
және өңдеу уақыты аз болуымен сипатталады 6, 17, 25, 62, 130]. 
Өсімдік шикізатын кернеулігі 220 В болатын өнеркәсіптік жиілікпен 
ауыспалы тоқпен алдын ала өңдегенде, протоплазма әпсәтте жойылатыны 
анықталды, бұл ретте өткізгіштік артып, шырын беру келесі прессте кезінде 
арта түседі [129]. 
Электроплазмолиз термоплазмолизге қарағанда жасуша қабырғалары-
ның бұзбайды және сондықтан пектиндік заттардың шырынға ауысуын 
болдырмайды, сондай-ақ шырын алғанда жасуша қабырғалары оңай ұстап 
қалатын плазмалық қабықтың ірірек бөлшектерге жарылуға септігін тигізеді 
және бұл шырынның шығуына оң әсерін тигізеді [33].
Электроплазмолиз тиімділігі бірқатар факторларға: кернеулік градиен-
тіне, өңдеу ұзақтығына, шикізат температурасы мен электрфизика-лық 
қасиеттеріне байланысты.
Өсімдік шикізатының электроплазмолиз кезінде электрөткізгіштігі 
артады, себебі жасушаның электрлік қасиеттерінің дискреттілігі оның 
бұзылғанына қарай тегістеледі. Осының салдарынан электроплазмолиз 
кезінде тоқ мәні экстремалды болуы тиіс; бұл ретте тоқтың максимумы 
протоплазмалық қабықтардың толық бұзылуына сәйкес келеді. Бұл жағдай 
шикізаттың әр түрлерінің электроплазмолиз процессін осциллографиялау 
жолымен зерттеу әдісі ретінде қолданылған. 
Электрфлотация. Процесстің мәні – суды сутегі мен оттегіне қатты 
фаза бетінде тұнатын және жоғары қарай ұмтылатын майда көпіршіктер 
түрінде тұрақты электр тоғымен ыдырату болып табылады. флотациялау 
үшін негізінен катода бөлініп шығатын сутегі көпіршіктері қолданылады
себебі олардың көтергіш күші жоғары және саны жағынан олар екі есе көп. 
Электрфлотацияны әр түрлі салаларда пайдаланады. Осылайша, жүзім 
шырынын тазартуда электрфлотацияны пайдалану жоғары өндірістік нәтиже 
береді. Бұл ретте электрфлотация инвертті қант, құрғақ илік және бояғыш 
заттардың мөлшеріне, аминді азот мөлшеріне, күлге, титрленетін 
қышқылдылыққа, күлдің сілтілігіне және рН әсер етпейді. Сонымен бірге 
сутегі көпіршіктері тотықтыру-қалпына келу потенциалының деңгейін 
төмендетеді, яғни электрфлотаторда фазаларды бөлумен қатар, өнімді тиімді 
деарациялау процессі жүреді. 
Электролиз нәтижесінде анодтың электрхимиялық еруі жүреді, бұл 
ретте сәйкесінше тотық гидраты түзіліп, бөлшектерді коагуляциялайды. 


32 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   96




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет