49
Бүйрек жануар ағзасына келіп түсетін оттегіні көп сіңіреді. Бұл
органның атқаратын үлкен осмостық
жұмыс істеуіне жұмсалуымен
байланысты белсенді редокспроцесстерді білдіреді. Бұл ретте заттардың бір
бөлігі қанға қайта оралып, ал бастапқы заттардың өскен концентрациясынан
едәуір ерекшеленетін түзілген несеп бүйректен несепқабына келеді.
Сурет 4.1 – Бүйрек құрылымының сызбасы:
а- милық және б – қабықты нефрондар:
I – қабықты зат; II –милы зат; А –милы заттың сыртқы аймағы; Б - милы
заттың ішкі аймағы; 1 –тамырлы түйін; 2 - боумен капсуласы; 3 -
проксималды канал (шиыршықталған бөлігі); 4 - проксималды канал (тік
бөлігі); 5 – Генле петлясының төмен қараған жіңішке иірімі; 6 – Генле
петлясының жоғары қараған жіңішке иірімі; 7 - Генле петлясыныңжоғары
қараған жуан иірімі; 8 – дисталды шиыршықталған канал; 9 –
байланыстырушы канал; 10 – жинақтаушы түтік; 11 – беллиний түтігі.
Бүйрек тек экскрециялау органы ғана емес, жасушаларда органның
тіршілігімен байланысты белсенді процесстер: гиппур және несеп
қышқылының синтезі, амин
қышқылдарының аминсыздануы, аммиактың,
креатининнің түзілуі, протеолиз процесстері жүреді.
Сүтқоректілерде азотты алмасудың негізгі ақырғы өнім – несепнәр, ал
құстарда – несеп қышқылы болып табылады. Сондықтан құс нәжісін несеп
қышқылын
алу
үшін
өнеркәсіпте
қолданады,
ал
ол
бірқатар
фармацевтикалық заттарды синтездеу үшін шикізат болып табылады.
Өкпе.
Өкпе бұл жануар денесі массасының 1% құрайтын қосарлы орган. Өкпе
дәнекертінді қалқанмен бөлінген үлестерден тұрады. Үлестер арқылы
50
шеміршекті пластиналар немесе фиброзды тіннен түзілген және
альвеолалармен аяқталатын тарамдалған бронхтар – түтіктер өтеді.
Химиялық құрамы бойынша өкпе
басқа органдардан судың көп
мөлшерімен - 80% және ақуыздың аз мөлшерімен (15%) ерекшеленеді.
Олардың ішінде коллаген шамамен 5% және эластин шамамен 1%
болады.ақуыздардан басқа өкпе құрамына 2-5% липидтер, соның ішінде
(құрғақ массаға мг%): фосфатидтер – 11,5 (кефалиндер – 3,7, лецитиндер –
3,3) сфингомиэлиндер - 2,3 мен стероидтар (холестерол) - 2,2 кіреді. Өкпеде
гепарин болады. Минералды заттар 1% құрайды. өкпе арқылы қан мен
қоршаған ауа арасында газ алмасу жүреді.
Сонымен қатар өкпе дене
температурасын реттеуге қатысады. Өкпе беті дене бетінен әдетте 75 есе
артық болып келеді және мысалы, адамда 100 м
2
дейін жетеді.
Достарыңызбен бөлісу: