Байболова Л. К., Абжанова Ш. А., Жаксылыкова Г. Н., Бердығалиұлы С


Экстрактивті заттардың өзгерістері



Pdf көрінісі
бет41/96
Дата02.03.2022
өлшемі1.98 Mb.
#455902
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   96
Байболова Л.К. Ет және сүт өнімдерін.....

Экстрактивті заттардың өзгерістері 
Ақуыздарды 
жылумен 
өңдегенде 
табиғисыздануы 
мен 
гидратсыздануының нәтижесінде еттен піскен етке тән дәмдәк қасиеттер 
беретін суда ерігіш экстрактивті заттары бар сұйықтық шығады. Осы заттары 
жоқ ақуыз (жуылған) дәмсіз. Экстрактивті заттардың қыздыруға 
сезімталдығы әр түрлі. 
Карнози, сүт қышқылы, холин төзімдірек (10-15% ғана ыдырайды). 
Қайнау кезінде креатиннің бір бөлігі ыдырайды, ал оның шамамен 1/3 
креатининге айналады. Ет шырынын 100°С 6 сағат бойы қыздыру басқа 
экстрактивті заттардың жоғалуына (%) алып келеді: аргинин -11, аланин - 
6,9, гистидин - 21,8, креатинин - 23,8, орнитин - 28,5, фенилаланин - 19,3, 
феонин - 19,8. Бұл ретте аспаргин, глютамин қышқылдары, карнозин, 
метилгистидин бұзылмайды. Сонымен бірге тауық етін қайнату кезінде Н28 
маңызды көзі болып табылатын глутатион біршама ыдырайды, ал бұл етті 90-
113°С жылумен өңдеу оның толық бұзылуына алып келеді. Сиыр етін 
стерильдеу кезінде негізінен Н28 ақуыздар құрамында болатын цистин мен 
цистеиннің бұзылуының нәтижесінде жиналады. Глутатион стерильдеу 
кезінде тез жартылай ғана бұзылады. 
Аммиактың жиналуы төмен молекулалы қосылыстар (глутамин, аденил 
қышқылдары) мен ақуыздардың ыдырауының салдары болып табылады. 
Түзілген аммиактың көп бөлігі қышқылдармен байланысады. Етті 
қыздырғанда ыдырау нәтижесінде органикалық фосфорлық қосылыстардың 
мөлшері кемиді. 
Дәмді піскен ет болу үшін глутамин қышқылының рөлі зор. Етті 
жылумен өңдегенде оның пайда болуы ақуыздардан амин қышқылдары
босау және глутаминнің аминсыздану нәтижесінде ықтимал. 
Етті қайнатқанда піскен еттің иісін беруге қатысатын ұшқыш 
өнімдердің микромөлшерлері пайда болады, олар: карбон қосылстары, 
ұшқыш май қышқылдары, Н
2
S. Қайнату нәтижесінде ет рН бейтарап реакция 
жағына сәл ығысады (0,3-ке), бұл СО2 алып тастаумен ішінара байланысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   96




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет