ЕРКЕ-БҰЛАН сын. 1. Ерке, бұла, шолжың. Дұрысы – күміс келген күндіз бенен
Түнерген қара бұлттай қара түнді. Алайда, ерке-бұлан Ноян ұлан Ашулы ағасына қарап
күлді (М.Жұмабаев, Шығ.). Сәкен былайғы жұртқа – ел ағасы, ер азамат болып
көрінгенмен, өз анасы үшін әлі де сүйкімді жас ұлан, ерке-бұлан (Ә.Көшімов, Лашын.).
Шалқыманың ерке-бұлан шолжыңдығы жоқ, соған қарай ынжық, ұялшақ та емес
(А.Хангелдин, Өткен күн.). 2. Әлпештеген, қағу-соғу көрмеген. ≈ Ерке-бұлан бала. //
Біреудің әлпештеген аяулылары, еркешолжаң баласы. Әліпбектің үйін қала халқы да
босатпайды, Бұлар – ірі байлардың, ақсүйек-тердің ерке-бұландары (З.Ақышев,
Ақбел.). Шетінен ерке-бұлан, әкелері мен шешелерінің жалғызы (Р.Тоқтаров, Ертіс.). //
қағу-соғу көрсетпей, бетінен қақпай. Шал мен кемпір ортасындағы бір қызды бетінен
қақпай ерке-бұландау өсірді (Б.Шаханов, Қаратау.).
187.
ЕРКЕКЖАНДЫ сын. Ер мінезді, қайратты. Менен сен екі есе мықтысың,
қайратты, еркекжандысың. Әйел қасиетінен гөрі сенде ердің ерлік қасиеті барырақ
(М.Сатыбалдиев, Қоңыр қозы).
188.
ЕРКЕЛЕГІШ сын. Еркелеуді жақсы көретін, ұнататын. Рас, аздап нұр
жүзіңде әжім бар, әжіміңнің өзінде де жазық бар. Көктемің бар, күзің менен қысың бар,
Еркелегіш нәзік гүлдей назың бар (Е. Ибраһим, Көкше.). Өзіміз еркелеугезар болып
өскендіктен, балаларды еркелегіш қылып өсірдік («Лен. жас»).
189.
ЕРКЕ-ТӘЙТІК сын. жерг. Ерке-шолжаң, шолжақ. Біреудің ерке-тәйтік қып
өсірген баласын алмағай ең. Алған соң тілін табу керек, жарасу керек (Т.Әлімқұлов,
Ақбоз ат). Торжан сырлас достардың арасына жараса беретін ерке-тәйтік бір сөз айтты
(Т.Әлімқұлов, Сейтек.). Ерке-тәйтік бала кім аузына қандай сөз салса соны айта беруші
еді (Т.Әлімқұлов, Ел мен Жер).
190.
ЕРКЕ-ТӘЛПІШ сын. сөйл. Ерке-шолжаң. Жаналының отымен кіріп, күлімен
шығып жүріп те көңiлінің балдыр күйіне, баяғы ерке-тәлпіш мінезіне басады кейде,
тізгінінен айырылып қалады (Б.Аманшин, Көкжар.).
191.
Достарыңызбен бөлісу: |