Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет118/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   348
18.08.2023 dis

ЕРКЕ-ТОТАЙ сын. Қағу-соғу көрмеген, еркін өскен, бұла. Бір үйдің ұлы да, 
қызы да өзі боп, тым-тым ерке-тотай шалықтап өскен Ардақтың тілі де шолжың еді 
(О.Бөкеев, Үркер). Сабыржанның мына бір балалық, ерке-тотай мінезіне кешіріммен 
қараған жасы үлкен, тәжірибелі ұстаздың бір иірім күлкісі де үйіріліп тұр 
(О.Сәрсенбаев, Даңқ). Кішкентай ерке-тотай Мәкенді жүрегінің түкпірінен бөлек 
шығару оңай болмады (М.Жұмағұлов, Қыран).  
192. 
ЕСЕППАЗ сын. Есептеп отыратын, әр қадамы есептеулі. Нарықтық заманда 
есеппаз, әрекетшіл болмасаң, тіршілік ету де қиын ғой («Түркістан»). 
193. 
ЕТЕК-ЖЕҢІ КЕҢ Берекелі, пейілі кең, дарқан, қолы ашық. Қошқар болар 
қозының Маңдай жағы дөң болар. Адам болар баланың Етек-жеңі кең болар (Мақал). 
Кең біткен етек-жеңі ағайын ең, Беретін саған дәулет, соған қарай. Балаңа бесіктегі 
белгілі ғой, Сондықтан ілінбеген Қожан қалай (Жамбыл, Тол. жин.). Әйтпесе, етек-жеңі 


169
кең, жеті-сегіз баланың анасы, бәйбіше боп отыратын дария жан емеспін-бе? 
(М.Сүндетов). 
194. 
ЕТІ ТІРІ Қолынан әр нәрсе келетін, ширақ, епті, пысық. Сыздық кедей 
болғанымен еті тірі адам болғандықтан, бұл да белгілі адам еді (С.Сейфуллин, Тар 
жол.). Ауа райы жайдарылау ашық күндері еті тірі жандар таңертеңгі шайдан кейін бір-
бірімен жолығысу, дидарласу үшін ауылдың орта тұсындағы ұста дүкеніне таман 
келеді (Б.Соқпақбаев, Балалық шақ). Ол биыл алтыншы класта оқиды. Еті тірі, ақылды-
ақ (Р.Райымқұлов, Бұрылыс.). Хатына қарағанда, көп нәрседен хабары бар, еті тірі жігіт 
сияқты («Лен. жас.»).  
195. 
ЖАҒЫМДЫ сын. Көңілден шығатын ұнамды, сүйкімді. Әрине, Орақ 
бастығына жағымды, өйткені бастығы оған артық сөз сөйлемейді (Б.Қыдырбекұлы, 
Шайтан.). Өз мінезің қырмызы, Ел-жұртыңа жағымды, Шынжыр балақ, шұбар төс, Ата 
тегің мәлімді (Жамбыл, Шығ.). Ол жалаң аяқ, жалаң бас дала кезіп, көбелек қуып гүл 
терген балалық шақтарын, Оспанның сондағы не түрлі жағымды қылықтарын бір ауық 
еске түсірді (С.Омаров, Дала қызы).  
196. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет