Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет134/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   348
18.08.2023 dis

КЕҢ ҚОЛТЫҚ Ақкөңіл, аңқылдақ, бейғам. Баяғы бір кеңдік, еш нәрсені 
елемеушілік, кең қолтық сияқты белгілі қалыптан басқа түк із жоқ (Ғ.Мүсірепов, 
Оянған өлке). Сендер қырдағы қоймен бірге жайылып, қоянмен бірге жусап жүрген кең 
қолтық, аңқау, сорлы қазақтың осы замандағы жұлдызысыңдар (I.Жансүгіров, Шығ.). 
Жуан қоныш, кең қолтық қазақтар деп, Құлағынан тұмақтың тартып күлер. Өтірік деп 
айтуға тағы орын жоқ, Намыстанып, көргенде көңілім жүдер (М.Дулатов. Шығ.). 
Қолына қамшы ұстаса, еркекпен терезем тең түсті дегені емес, құрық алса, әкеге деген 
қолқабысы да емес, аяқты санап баспайтын, санап табақ тартпайтын малшының кең 
қолтық тірлігі, қысқа жіп, қыспа күрмеуге қарысқан қысастығы еді (Қ.Ысқақов, 
Қараорман). 
275. 
КЕҢ МІНЕЗДІ Мінезі жайдары, сабырлы, салмақты. Ұлжан сабырлы, кең 
мінезді кісі болған. Абай балалық шағын сөз қылғанда өз шешесіне қатты риза болып, 
Айғызға іші ренжіңкірейді екен (М.Әуезов, Әр жыл.). Ұмтылды, тоқталды тез, жалт 
бұрылды, Кең мінезді келбеті жоқ бұрынғы, Жағалап кетті шапшаң бас арықты 
(Қ.Бекхожин, Ақан Ақтаев).
276. 
КЕҢЕСІМПАЗ сын. Кеңесшіл, кеңес сүйгіш, әңгімешіл, әңгімеқұмар. 
Жолдыбай кеңесімпаз жайдары адам екен. Кешкі шайды ішіп ұйықтағанша ел жайын 
сұрап отырды (С.Мұқанов, Жұмбақ жалау). 


179
277. 
КЕШІРГІШ сын. Кешірімпаз, кешіре беретін, мінезі жұмсақ. Соның қадірін 
білмеген, Дер кезінде киімдерін ілмеген, Есіңде ме, сен едің? Адам едім темірден де 
төзімді, Кешіргіш едім (Ә.Тәжібаев, Өлеңд.). 
278. 
КЕШІРІМДІ сын. 1. Кешіргіш, кек сақтамайтын, мейірімді, кешіре білетін. 
Көршім, маған келгенде, кешірімді-ақ (К.Асанов, Сағыныш.). Ақылың бар еді ғой, 
құлыным, әкеңе кешірімді бол! (Қ.Жұмаділов, Көкейкесті.). – Қызықсың өзің де, кесені 
сындырмай айтуыңа болмады ма? – Сен қашан менің ауыз екі айтқаныма құлақ салып 
ең? Құлақ салсаң есітер ме едің. Қай ән еді, әлгі бір ән бар еді ғой? «Кей мінезді 
алмадың сен кешіре, қоштас күліп, қамығасың несіне», деуші ме еді? Сол айтқандай 
бір-бірімізге кешірімді бола алмаған шығармыз (С.Мұратбеков, Жабайы алма).
279. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет