Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері


КӨНІМШІЛ сын. Көнгіш, төзгіиі. Жалқау – дәмешіл келеді, жасқаншақ –  көнімшіл келеді (Қ.Әбдіқадыров, Әңгім.).  309.  КӨҢІЛШЕК



Pdf көрінісі
бет139/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   348
18.08.2023 dis

КӨНІМШІЛ сын. Көнгіш, төзгіиі. Жалқау – дәмешіл келеді, жасқаншақ – 
көнімшіл келеді (Қ.Әбдіқадыров, Әңгім.). 
309. 
КӨҢІЛШЕК сын. Кісі көңілін жықпайтын, көңіл қимас, көңілі бос. Бой түзеген, 
боркемік. Күлкі ғой, күйшіл, көңілшек Қарт басқанның белгісі – Жексұрын саған 
көрінсек. Аларманың алтау-ақ Алпысқа болдың берімсек (Дулат Бабатайұлы, Замана.). 
Көңілшек әке Шоқанның ұйқыда жатқан кезінде оятпай, жүріп кетуді ойлап еді 
(С.Омаров, Дала.). Ұрыншақ ат арық болар, Көңілшек жігіт жарлы болар (Мақал-
мәтел). // Кісі көңілін жықпайтын адам. Көңілшектің жүрегі – жаз, іші – мұң, 
Тоздырмайды жақсылықтың ішігін. Есікте де елеусіз боп қалғам жоқ. Нәсіпте де Құдай 
берген кісімін (Т.Молдағалиев, Шақырады.). 
310. 
КӨҢІЛШЕКТЕУ сын. Көңіл жықпайтын, көңілі бостау. Судырлаған тергеуші 
жігіт те көңілшектеу жан екен, келгендегі тепсінген ызғарлы райынан лезде қайта 
қойды (Ә.Қалмырзаев, Қарлығаш.). Ақыл сорлы ежелден көңілшектеу, Өтінішті қиын 
ғой қабыл етпеу (Б.Майлин, Таңд. шығ.) 
311. 
КӨҢІЛІ БОС Көңілшек, елжірегіш. Көзім жасты, көңілім бос бола тұра, белді 
берік байлап солдат болдым (Ж.Жұмақанов, Әлия). Көңілі бос кәрінің, Көкейлерің 
ұғынар. Көтермей жан жалынын Көзден жасы құйылар (Жамбыл, Шығ.). Ол сөзінің 
аяғында көңілі босағандай қолын сілтеп, теріс айналады (Р.Тоқтаров, Ертіс.). Тілегені 
ата-ана осы емес пе? Бұл заманда барша жұрт дос емес пе? Көз үйренген балалар 
көшкен шақта, Кемпір, шалдың көңілі бос емес пе? (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). 
312. 
КӨПШІЛ сын. 1. Халықшыл, қауымшыл үйірсек. Баурап алғыш адамды, көпшіл 
еді, Өзін де өрге жеткізді көп тілегі. Махаббаттың ұлғайтты-ау у мен балын Отелло боп 
булығып, өксігені. Еске салса әжімдер, өлкем, сені, Көңіл-толқын толғағын көркемдеді. 
Қандай еді…(К.Салықов, Жезкиік.). Есті кісі ерегіспейді, Көпшіл адам бөлек ішпейді. 
Қатты адамда ұят жоқ, Қайда барса мият жоқ (К.Әзірбаев, Таңд. Шығ.). [Жәмеш] 
қонақшыл, көпшіл, көңілді ауылды, жылы ұяны қимағандай да болатын (М.Әуезов, 
Қараш.). Болмасын кекшіл, Болсайшы көпшіл, Жан аямай кәсіп қыл (Абай, Тол. жин.). 
Кекшіл болма, көпшіл бол (Мақал). 2. ауыс. Жеңіл жүріске әуес, ойнасшыл. Шу дегенде 


182
көрінер сұлу артық, Көбі көпшіл келеді ондай қаншық. Бетім барда бетіме кім шыдар 
деп, Кімі паңдау келеді, кімі тантық (Абай, Тол. жин.). 
313. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет