Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет133/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   348
18.08.2023 dis

ИНЕНІҢ КӨЗІНЕН ӨТКЕНДЕЙ Еті тірі, пысық. Тәңірберген жас болғанмен 
қысылған жерде айла мен ақылды қатар жұмсап, иненің көзінен өткендей ебі болатын 
(Ә.Нұрпейісов, Қан мен тер).  
269. 
ИІ ЖҰМСАҚ [ЖҰМСАҒЫРАҚ] 1. Айтқанға көнгіш, көңілшек, жуас, момын. 
Әкесі Мұстафаны осы баламның иі жұмсақ, өте ақ жарқын, әрі райлы деп отыратын 
(А.Тоқмағамбетов, Таңд. шығ.). 2. Ақкөңіл, босаң. Түнеукүнгі өткен басқарма 
мәжілісінде ана қисық Әбді тұрып: «Иің жұмсақ, бүйтіп ел басқара алмайсың!» деп 
сынапты оны (О.Сәрсенбаев, Таңбалы тас.). Бұлар да атаман Анненковтың солдаттары 
екен. Көбі отрядқа өзі тіленіп кірген оқудағы балалар екен. Бұлардың иі бұрынғылардан 
жұмсағырақ көрінеді (С.Сейфуллин, Шығ.).
270. 
КЕКСІЗ сын. – Батыр кексіз келеді деген, оны ұмытқан шығарсың,– деп шетен 
қалпақ енді кішірейесөйледі (С.Шаймерденов, Жыл құсы). Оқта-текте ғана үй ішінде 
«әрі отыр – бері отыр» дегендей кексіз ренжісу болмаса, көңіл қаларлық сөзге барған 
жоқ-ты (Т.Нұртазин, Ауыл.). Жүгір-жүгір, көп ізде, Жүгірмейді дегізбе, Үлкен ұрса 
күле бер, Кексіз жандай жүре бер (Ә.Тәжібаев, Өлеңд.). 
271. 
КЕЛІСІМПАЗ сын. Ымырашыл, келіскіш.
272. 
КЕНЕН сын. 1. Кеңпейіл, дарқан. Шопандар да жөн ойдың төркінін тереңнен 
танып, тақ тұрып-ақ жатыр. Бір Мешітбай емес, талай шопан-ақ осылайша кенен көңіл 
танытады (Саржайлау). 2. Өте кең, мол. Тоса тұр, көктем әлі-ақ басталады. Аралап 
ауыл-аймақ, астананы, Кезеді кенен жайлау, кербез жонды Қазақтың жыршы бұлақ, саф 
самалы (Қ.Шаңғытбаев, Аққу.). 3. Терең, бай (ойлы). Газеттің небәрі бір жарым бетін 
ғана алып жатқан бұл шағын еңбек – ойға кенен, талдауы терең дүние 
(С.Әбдірахманұлы, Ойшылдық). 
273. 
КЕҢ ЕТЕК Еш нәрсеге мән бермейтін, дарқан. Нұрлан бойында данышпан 
табиғат әрі талғап, әрі таңдап беретін талант оты жана бастаған еді. Ауылдың кең етек 
өмірі оны бірден ұға қоймады («Қаз. әдеб.»). Етегі кең ел үшін, Ерлердің туған жері 
үшін (Н.Байғанин, Шығ. жин.).  
274. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет