180
290.
КӨКІРЕГІ СЕЗІМДІ 1.
Көкірегі ояу, көзі ашық, санасы сергек. Мен жазбаймын
өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды, ертегіні термек үшін. Көкірегі сезімді,
тілі орамды
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін (Абай, Тол. жин.). 2.
Аңғарғыш, байқағыш,
сезімтал. Көкірегі сезімділер Дәрменнің көңіл күйін таныды (Т.Әлімқұлов, Сейтек.).
291.
КӨКІРЕГІНДЕ [КЕУДЕСІНДЕ] ОТЫ БАР Саналы, көкірегі ояу, талапты,
пысық. Көкірегінің оты бар ойлы адамға Бұл сөзімнің суреті тұрар дайын (Абай, Тол.
жин.). Мен өз басым Жарылқасынды кеудесінде оты бар,
адам деген атты ақтайтын
жақсы жігіт болады деп сенемін («Лен. жас»).
// Жігерлі, іскер, өнерлі. Мен ез басым
Жарылғасынды кеудесінде оты бар адам деген атты ақтайтын, жақсы жігіт болады деп
сенемін («Лен. жас»).
292.
КӨКІРЕГІНДЕ КӨЗІ БАР Саналы, зерделі, сезімтал. Ақылдың көкірегінде
көзі барлар, Қайткенмен таба берер іс ыңғасын (Т.Ізтілеуов, Асықпа. абайла.).
293.
КӨМБІС сын. сөйл.
Көнбіс. Соның өзі көмбіс әйелді қайдан таба қойған
(Т.Иманбеков, Тұт ағашы.). Саған өмірлік серік болу үшін менен гөрі асқақ, менен гөрі
көмбіс керек-ау, жаным («Лен. жас»).
294.
КӨМПІС сын. сөйл.
Көнбіс. Бағаңның бойынан көмпіс жаны әлі шыққан жоқ
еді (О.Бөкеев, Үркер.).
Оның бер жағында, табиғаттың ыстық-суығына көмпіс боп,
қатып алған баршын емес пе (А.Сейдімбеков, Ақиық).
295.
Достарыңызбен бөлісу: