Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет135/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   348
18.08.2023 dis

КЕШІРІМПАЗ сын. Кешіргіш, кешіре беретін, кекшіл емес, мейірімді. Бір 
есептен, әйелге біткен жұмсақ, кешірімпаз мінез де бар, бұл да әсер етеді (А.Байтанаев, 
Дала сыры). Әйтеуір сол тұста Әбсаттар елден ерек кешірімпаз, жұмсақ еді 
(О.Сәрсенбаев, Жиде гүлдегенде). Адам баласы кешірімпаз келеді ғой, бәрін де 
кешірер, бәрін де ұмытуға тырысар (I.Есенберлин, Қатерлі.). 
280. 
КЕШІРІМШІЛ сын. Кешірімпаз, кешіргіш. Әлгі бір кешірім сұрап, көзіне жас 
алғанына қарағанда маған емес, менен көрі ақкөңіл, елгезек, кешірімшіл, жаны 
жақсылау шешесіне ұқсаған ба деп қалдым (С.Бақбергенов, Кентау.). Кекшіл болу 
оңай, кешірімшіл болу қиын. Әкең жарықтық досым еді. Әкеңнің аруағын шақырып 
сұраймын, иттің шақша басын қи маған (Р.Сейсенбаев, Аңсау). Әдетте жай өмірде екі 
түрлі кісі болады: оның бірі өзіне қатал болғанмен өзгеге кешірімшіл, кең, ал екіншісі 
өзгелерге ғана қатал (Ә.Нұрпейісов, Қан мен тер). 
281. 
КИЛІККІШ сын. Тап болғыш, кездескіш. Байқаусызда басын темірге соғып 
алып, біразға дейін шекесі сырқырап жүрді. Қырсыққанда, кісіге әр нәрсе киліккіш қой 
(С.Алдабергенов, Қанат.). 
282. 
КИЛІКПЕсын. Соқтыққыш, киліккіш. Өмірде бар осындай килікпелер, Арыңа 
арсыздықпен шүйліккендер. Секіріп көк төсінен түссе-дағы, Достарым, әсте оларға 
илікпеңдер! (Қ.Көпішев, Кезеңдер). 
283. 
КӨЗ [ЖҮЗ] ТАНЫС Сыр мінез, сыралғы (адам). Жиналғандардың көпшілігі 
халықаралық ғылыми кеңестерде бірге болған Әлекеңнің көз таныс достары 
(Тоғызыншы шежіре). Көз алдына жиналыста отырған жүз таныс адамдар – малшылар, 
күрішшілер, мақ ташылар, канал қазушылар келеді (Ғ.Мүсірепов, Кездесп. кет.). 
284. 
КӨЗ ЖОҚ Жүрекжұтқан, қайтпас қайсар. Оспанның ерлігіне қайран қап: –
Туу, сарамас. Мынау неткен көз жоқ бетпақ деді (М.Әуезов, Таңд. шығ.).
285. 
КӨЗСІЗ [ҚАС] БАТЫР Еш нәрседен қорықпайтын, қойып кететін ер мінезді 
нағыз, шын ер. Семен Краев, оның ротасы – көзсіз батырлар. Тосқауылға соларды 
тастап кеттім, жолдас полк командирі (Б.Момышұлы, Майдан). Мынау кәдімгі 
аждаһамен алысқан қас батыр бейнелес (“Лен. жас”). Мына қас батырға лайық 
тұлғамен ауыр-ауыр тастарды көтеруге жүрексінбегенде, жүрек сөзін айтуға дәті 
бармай ма екен (Ә.Әлішев, Бәйтерек.). 
286. 
КӨЗІ ҚАНЫҚ Жете білетін, білгір. – Осың дұрыс, – деп қоштады Темірхан. – 
Сонда қай заводқа бармақшысың? – Соны көзі қанық сендерден сұрағалы тұрған 
жоқпын ба? – деді Қалихайдар («Лен. жас»). 
287. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет