ҚУЛЫҚСЫЗ сын. Амал-айласыз; ешқандай қулығы жоқ. Бұл сөздерді ол
ешқандай қулықсыз, жай ғана шынайы үнмен айтты (Т.Жанұзақов, Азамат.). –
Донбаста болса керек, әкемнің мамама айтқанынан аңғарып қалдым, – деді Ваня ешбір
қулықсыз, балалық аңқаулықпен (Қ.Қайсенов, Жау тылы.).
388.
ҚУНАҚЫ сын. Ширақ, тың, пысық; сергек. Бұраңбел шалғын бұйығып,
Алдыңа құлап бас ұрса, Қунақы қарттар жиылып, Мақтауын да айтпай жасырса
(М.Мақатаев, Шығ.). Құттыбек шалдың дәуіріне аяқ салса да, қайратты, өңі қайтпаған
жас жігіттей-ақ қунақы еді, өзінің маңдайына біткен екі-үш ауыз өлеңін іркілместен қоя
берді (Ғ.Сланов, Дөң асқан.). Мұрты түксиген жұқа қабақ мұғалім түйіліп газет оқып
отырғанда, қутыңдаған қунақы зиялы жігіт жайтаңдап кіріп келді (Ж.Аймауытов,
Шығ.). Кеше, іңір қараңғысында үсті-басы малмаңдай су болып оралып еді; қалжырап
қайтса да қаны бетіне шауып қунақы қайтты (С.Нарымбетов, Тентек.)
389.
ҚҰДАЙШЫЛ сын. Құдайға сенуші, Аллаға сыйынғыш, діншіл. – Құнанбай
Қарқаралыға бір мешіт, Меккеге бір мешіт салдырған. Мен ондай құдайшыл адам
емеспін (Д.Әбілев, Баянауыл.). Жаратылыстан керегін әрбір адам, Еңбегімен алуға
бармау болмас. Әкіммін, құдайшылмын, әскермін деп, Еңбексіз еңбекшіні жалмау
болмас (С.Торайғыров, Алаш ұраны). Осы бір түрі тап бір құдайшыл кісінің құдірет
алдында тілсіз табына қалғанындай екен (Д.Рамаданов, Тастүлек.). Сонымен бірге жаңа
құрылған мемлекеттерде демократияны, егемендікті бүркемелеп, ескі тоталитарлық,
бюрократиялық жүйені оған бейімдеп, барлық игіліктерді пайдаланып, екінші
жағынан, «құдайшыл» болатындар да көбейді (Амангелді Айталы, Ұлттану).
390.
ҚҰЙМАҚҰЛАҚ сын. Тез ұққыш, зерек, зерделі. Аманның бұйығы, ұялшақ
мінездері жөнді байқалмайды. Құймақұлақ, зерек жігіт мектептен тыс, өз тұсынан оқып
та, ой, білімін бірталай кеңейтіп алған (Ғ.Мүсірепов). Құйма құлаққа айтсаң, құйып
алады. Ақпа құлаққа айтсаң ағып кетеді (Мақал-мәтел).
391.
ҚҰЛҚЫ ТАЗА Көңілі ақ, ниеті дұрыс. Қандай жарға соқса да заман селі, Құлқы
таза қалсыншы адам тегі. Қарайлама, жалған дос, жолың болсын, Күндер өтті
байлатқан маған сені (К.Салықов, Жезкиік).
392.
Достарыңызбен бөлісу: |