Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет170/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   348
18.08.2023 dis

САЛИҚА сын. сөйл. Салиқалы. Кешегі бір-бір үй тентегі, Шетінен сері де, 
жомарт та; Тартылса сапардың желкені, Санама салиқа қонаққа (Ж. Аманов, Ынтызар.). 
528. 
САЛИҚАЛЫ сын. 1. Байсалды, ұстамды. Он төртіме келгенде салиқалы қыз 
болдым Жібектей шашын талдаған (Бес ғасыр жырлайды). Ашық дауысты, салиқалы 
сырбаз жігіттердің бірі сөз алды (М.Сатыбалдиев, Жартас.). Бұл күндері Қабиба 
шешей-жетпіске жетіл қалған, салиқалы да сабырлы қария (А.Сатаев, Ақын.). Он 
төртіме келгенде салиқалы қыз болдым Жібектей шашын талдаған (Бес ғасыр.). 2. 
Мәнді, мазмұнды. «Күндер қайда салиқалы, сымбатты, Соққы болды-ау, соққы болды-
ау бұл қатты», Осы сәтте жеңген елдің ақ сақалды әкімі, Ханға қарап тіл қатты: – Дара 
шауып едің сен мүлде, Қалай, шалым, ақылыңа келдің бе? (М. Шаханов, Ғасыр.). Сабыр 
бер, салиқалы тіршілік бер, Жырдағы өзім еккен бір шыбықты ел Көзімен аялайды
сезімен де Жайнайтын сияқтанды құн шығып бел (Т. Молдағалиев, Шақырады.).  
529. 
САЛҚАМ 1. сын. көне. Ержүрек, батыр. Жауды көріп қызды арқам, Қашар ма 
жаудан мен салқам?! Бүгінгі күні не көріп, Иманмен өтсем жоқ-ты арман (Батырлар 
жыры). Батырды айтсаң, Құлекені айт. Хан болып заманында қала жеген, Құлеке он 
бесінде салқам еді. Отызында – би, қырқында – дархан еді (Шал ақын, Өлеңд.). 2 сын. 
Аңғал, аңғырт, қулығы жоқ; ақжарқын. Қартқожа аңғал, аңқау, салқам болушы еді 
(Ж.Аймауытов, Шығ.). 3. ауыс. Анайы, әдепсіз, арсыздау. Жайдары, күлдіргіш қалқам, 
Ұятсыз, әдепсіз, салқам, Күлгенім бір сенің арқаң, Ыржақта, қылжақта, әйда 
(Ш.Құдайбердиев, Шығ.).  
530. 
САЛҚЫНҚАНДЫ сын. Салмақты, сабырлы. Флегматик адам – ауыр мінезді 
адам, түрлі әсерге көрсе қызар болмайды. Мәселені тез шешуге асықпайды, іс істегенде 
саспайды. Шапшаң ашу, қызу мінез болмайды, салқынқанды болады. Басын жарып


202
көзін шығарып, жан алып, жан беріп істі тез бастап кете алмайды. Бірақ бір бастаса, 
салпақтап артынан қалмайды (М.Жұмабаев, Шығ.). Талай темірдей мықты, 
салқынқанды деген жайсандардың өзі де шорт кетіп, күйреп түскен жоқ па 
(Б.Тілегенов, Аққайнар). 
531. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет