Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет166/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   348
18.08.2023 dis

ӨРТ МІНЕЗДІ Өткір, өжет.– Қандай өртмінезді, жалын атқан ер жігіт болған 
менің әкем, – дейді Өмірбай (Ш.Құмарова, Қос шынар). 
499. 
ӨРШІЛ сын. Қайсар, қайтпас. Өршіл жігіт өткенін жамандай ма, Өтпегенін 
көктемі хабарлай ма. Аяулыңды құшақтап таң атқанша, Ай астында жүретін заман 
қайда (Т.Молдағалиев, Шақырады.). Съезд шешімдерімен қаруланған өнер 
қызметкерлері халқымыздың өршіл де, өскелең талабына сай еңбек етіп, мәдениет 


199
майданының барлық саласында зор табыстарға жетті (С.Қасиманов, Қаз. қолөнері). 
Өшуге айналған шамшырақтарымыз қайта лаулап, өршіл көңіліміз қайта самғады 
(Р.Райымқұлов, Суретші).  
500. 
ӨСИЕТШІЛ сын. Өсиет айтқыш, ғибратшыл. Ежелден етек алған өсиетшіл 
рубаяттар мен пернелі одалар, желдірме толғаулар мен ғаламатшыл хиссалар уақыт 
сырын көбіне дәлме-дәл ақтара да бермейтін («Қаз. әдеб».). 
501. 
ӨТКІР Алмастай [қанжардай, қылыштай] өткір. Еш нәрседен тайсалмайтын, 
батыл. Ескі тақ мінсе – есірік, басы айналар Қонтайшыға қылыштай өткір қайда бар? 
Төрде емес, көрде хор қызынын, төсегі, Жанбасы жергетиген соң көңілі жайланар 
(Ж.Жақыпбаев, Ләйлә.). Ешкімге шын көрмеген сырын ашып, Көрмеген ер жынысын 
бір сырласып. Білмейтін Татьянаның өнері жоқ, Қанжардай жауабы өткір, сөзі машық, 
Оқыған терең сырлы романдардан, Қайғыға түседі екен жүрек тасып (Ә.Найманбаев, 
Шығ.). 
502. 
ӨТКІР ЖҮРЕК Алғыр, батыл, өжет. Жарлы болдың, бай болдың, Барыңды 
бойға жиынып. Өткір жүрек, қызыл жүз, Қаламдай қасың қиылып (Кердері Әбубәкір, 
Қазағым.). 
503. 
ПАЙДАШЫ зат. Біреудің жұмысын істеп пайда табушы, табыскер. 
Дәулетханның әкесі де ең басты сол «пайдашы» қауым арасындағы жас жұмыскер еді 
(Ж.Жұмақанов, Мен жұмысшы.). Іштерінде оқу іздеп бара жатқан шәкірт те, сүйек 
шатыс қуған еркек те, төркін іздеген қатын да, жұмыс, кәсіп іздеген пайдашы да, арзан 
пұл алып қайтып, елге сатып, мал таппақ болған саудагер де бар (Ж.Аймауытов, Шығ.). 
Жаңа Секейдің базар алақына қырдың қалашысы, жұмысшы, пайдашы тұрғын жұрты 
сыймай кетті (С.Бегалин, Замана.). Барнаул қаласынан Алтайға қарай салынған шойын 
жолдың жұмысына ел жігіттері қостап барғандағы пайдашылардың ішіндегі жасы 
кішілер осы екеуі еді (І.Жансүгіров, Шығ.). 
504. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет