204
555.
СЕНГІШТЕУ сын.
Нанғыштау, иланғыштау. Жасынан ырым-жырымға
сенгіштеу болып өскен Бөлебай осы жат дауыстан біртүрлі секем алғандай шарбақ
жанында мүдіріп қалып еді (О.Сәрсенбаев, Жиде.).
556.
СЕНДІРГІШ сын.
Нандырғыш, иландырғыш. Жастан машық бояуға түс, үміт,
күндеу, сырын бүккіш, Сенім жойғыш, сендіргіш, Жабырқаусып, жан күзелткіш
(І.Жансүгіров, Шығ.).
557.
СЕНУЛІ сын.
Шүбәсіз сенген, нанулы. Ерте ме, кеш пе ондай әңгіменің екеуі
арасында туатындығына Кәмәш әбден сенулі болатын (Ж.Молдағалиев, Жүрек.). – Енді
оған айтқаныммен ештеңе өндіре алмасыма сенулімін, – деді ол дәрігерге (К.Сегізбаев,
Қойнауда.).
558.
СЕНІМГЕР сын.
Сенімді. Бұлар Асан туралы өздерінің
басқаша бір аңызын
жасап, оны ханның сенімгер адамы етіп көрсеткен; мұнда халық тудырған
образдыбұрмалп бейнелейді (М.Әуезов, Шығ.).
559.
СЕНІМДІ сын. 1.
Сөзге тұрақты, іске берік, сенім артуға болатын. Менің
айтқан, ай, Аплақ, ал тілімді Сені менен менен бұл көп білімді. Мұның аты Мұхаммед-
Амин болсын, Сендер мұны адам деп біл сенімді (Мәжһүр-Жүсіп). Ояздың тілмашы
Жарасбайдың қаладағы жең ұшынан жалғасатын нық сенімді тірегі Тоқбаев дейтін
болатын (М.Әуезов, Қараш-қараш.). Заман шындығын қандай батылдықпен, қандай
сүйіспеншілікпен, қандай әділдікпен көрсеті жолында «Тынық Дон» қандай жазушыға
болса да аса сенімді үлгі (Ғ.Мүсірепов, Суреткер парызы.). 2. ауыс.
Беделді, өтімді. Өз
еліме айтамын: «Бергенім жоқ – деп белімді», Мақтанамын кісімсіп,
Оязға сөзім
сенімді (Абай, Тол. жин.).
560.
СЕНІМПАЗ сын.
Айтқанға оп-оңай сеніп қалатын, сенгіш. Қазақ деген жас
бала тәрізді бір ақкөңіл, сенімпаз ел (I.Есенберлин, Қатерлі.). Әсіресе баланың ата-ана
һәм тәрбиешісі-солардың өздерінің барлық істері сұлу һәм үлгілі болуға тиісті.
Баланың еліктейтіні солар. Және бала тіпті сенімпаз болады (М.Жұмабаев, Шығ.).
Аңқау көңіл, сенімпаз,
Аңғал едік екеуміз, Алданудың себін аз аңғармайды екенбіз
(Т.Нұрмұхамедов, Жомарт.).
561.
Достарыңызбен бөлісу: