СЕРУЕНШІЛ сын. Серуенге шыққыш, серуенге жаны құмар. Жасы ұлғайған
адам ұйқысы қашып, бір түрлі серуеншіл боп кететіні бар («Лен. жас.»).
569.
Сері мінезді. Өзін серілеу ұстайтын, кербез (адам). Акбар ұлы моғол әулетінің
ішінде ойын-сауықты тәуір көрген, сері мінездісі (Қ.Сатыбалдин, Қараторрай). Ол
жұмысшылардьщ ішіндегі сері мінезді серкесі, жұмсақ үнді еркесі атанды
(Ө.Тұрманжанов, Адам дос).
570.
СЕРІЛЕУ сын. Аздаған серілігі бар. Өзі серілеу адам болған соң, әнші-
өлеңшімен көп кездескен (Ғ.Мүсірепов, Ұлпан). Ол дүниені ойлай қоймайтын, серілеу
жас еді (Д.Әбілев, Арман.). Серілеу жігіттер алтыннан балдақ соқтырып алатын
көрінеді (Ө.Қанахин, Жербас.).
571.
СЕРІСЫМАҚ сын. Ептеген сері шалыстығы бар, сері мінезділеу. Нұрмақ
мақтаншақтау, аң көңіл, серісымақ пенде (Ә.Көшімов, Екі бүркіт). Қомшабай
шонжардың қызын алған, серісымақ біреу (Ә.Көшімов, Лашын.).
572.
СИҚЫРЛАҒЫШ сын. Сиқырлық өнері бар; алдап-арбағыш. Бұл шерулі қалың
қол, Адам емес, өзі екен. Сиқырлағыш пері екен, Адам жүрмес жер екен (Манас). Осы
кезде, ал енді Сиқырлағыш өнері Шаныш, Күнам дегені Кеселікке келеді (Бұл да.).
573.
СӨЗГЕР сын. Сөзге шебер, сөзшең. Аяз би – Данышпан, білгір халықтан, ділуар,
сөзгер топтан, үлгілі, жолгер қарттан шығады, – депті («Қаз. әдеб.»). Ілкі заманнан
жауырыншыны баулап, сұңғыла сөзгер, үңіле көрер тәрбие беретін (Д. Досжанов,
Жібек.).
574.
СӨЗУАР сын. Тілмар, шешен, сөзшең. Сөзуар білгіш, Законшік – кергіш
Атанбак – мақсүт, мақтанбақ. Жасқанып, қорқып, Жорғалап, жортып Именсе елің,
баптанбақ (Абай, Тол. жин.). Өзге үлкедердің ішінде Абайға, әсіресе, көңіл бөлген
сөзуар, жарқын жүзді Қаратай (М.Әуезов, Абай жолы). Екеуі де сөзуар, от ала келіп
отыз әңгіме шертетіндердің дәл өзі (С.Шаймерденов, Қарғаш).
575.
СӨЗШЕҢ сын. Көп сөйлегіш, сөйлемпаз сөзуар. Ол жағы мен тілінесүйенген,
сөзшең қу болатын (А.Сатаев, Ақын.). Мұса сөзшең, домбыра тартып, ән салатын
сауыққой кісі еді («Қаз. әдеб».). Мағжан сөзшең зайыбының шұбыртпа сөзін бөлуге
мәжбүр болды (М. Хасенов, Нартәуекел).
576.
СӨЗІ ӨТІМДІ Айтқанын, дегенін орындата алатын, сөзі нанымды; сыйлы,
беделді, қадірлі. Оның сөзі қырдың қазақы түгіл, дуанның ұлығына да өтімді
(I.Жансүгіров, Шығ.). Басқалардай емес, сен беделдісің де, сөзің де өтімді
(С.Мұратбеков, Көкорай). Ішінара сөзі өтімділерін осында жинап әңгімелеселік
(А.Лекеров, Түз гүлі).
206
577.
СӨЙЛЕГІШ сын. Көп сөйлейтін, сөйлемпаз. Шынғалиевты өте білгіш, өтесөйл
е г іш деп риза болатын (X.Есенжанов, Көп жыл.). Сөйлегіш ауыз жыбырлағыш келеді
(Ж. Еділбаев, Түркістан).
578.
СӨЙЛЕМПАЗ сын. Көп сөйлегіш, сөзуар. Пішініне қарағанда бір түрлі
сөйлемпаз адам секілді (Б.Майлин, Шығ.). Әңгімесіз отыра алмайтын, сөйлемпаз
атанған Омар қарт, тағы бір әңгіме бастады (С.Бақбергенов, Менің досым). Ысылған
сөйлемпаз қыз көрінесің (Айтыс).
579.
СӨЙЛЕСКІШ сын. Біреумен сөйлесе кететін, тіл тапқыш. Байділдин
Сәкеннің пәтеріне келгіштеп, оңаша сөйлескіш, бірге серуендегіш боп кетті
(С.Мұқанов, Есею жыл.).
580.
СӨЙЛЕУІК сын. Көп сөйлейтін сөзуар. Сөйлеуік бала Баттал Айсұлудан оның
оқуы жайын сұрай жөнелді (М.Әуезов, Өскен өркен). – Сөйлеуік әйел ғой, – деді жігіт
сәлден кейін (Б.Нұржекеев, Бір ғана.). Арғы шеткі үйдегі сөйлеуік келіншек
(З.Қабдолов, Жалын).
581.
Достарыңызбен бөлісу: |