Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері


СЕНІМШІЛ сын. Сенімге берік, сенгіш. Қамысты терең көлдей төңкерілген,  сенімшіл екі көз ғажайып бір ыстық сәуле шашады (Ә.Нұршайықов, Жер тур.)



Pdf көрінісі
бет175/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   348
18.08.2023 dis

СЕНІМШІЛ сын. Сенімге берік, сенгіш. Қамысты терең көлдей төңкерілген, 
сенімшіл екі көз ғажайып бір ыстық сәуле шашады (Ә.Нұршайықов, Жер тур.). 
562. 
СЕП-СЕРГЕК сын. Шып-ширақ, жып-жинақы. Отырмай сабыр ғып үйінде бір 
күн жай, Аспаннан көз алмай, бір адам жүр тынбай. Жұлдызға жол шеккен баласын 
күтеді ол – Сексенде сеп-сергек қарт қазақ Мырқымбай (Ә.Нілібаев, Қоңыр жел). 
563. 
СЕПШІЛ сын. Епшіл, икемшіл. Ақындық кеншілікпен тел қан, Қос өнер – қос 
қанатым, ел қонысқан. Әрі жар, Әрі сепшіл, Сен ортақсың Менде бар қуат, жігер, ар-
намысқа (К.Салықов, Жезкиік). Сепшіл келер Шаруаңада қираған, Алумен емес
Берумен жаны шираған. Мал-жаның аман ба десе Болмыстың бабын сыйлаған 
(К.Салықов, жезкиік). 
564. 
СЕРГЕК сын. 1. Сақ ұйықтайтын, сезімтал. Қандай қатты ұйықтап жатып
болмашы дыбыспен тез оянып кететін ұйқысы сергек адамдар болады (Ж.Аймауытов, 
Шығ.). Ұйқыға сергек екі жігіт орындарынан атып-атып түрегелді (З.Ақышев, Ақбел.). 
Ұйықтап өткен не табар Бұл өмірге бекер кеп? Ұйықта, бөпем, ұйықтап ал, Ер жеткен 
соң бол сергек! (Қ.Аманжолов, Ақын өмірі тур.). 2. ауыс. Жеңіл, ширақ. Елсіз 
жерлердегі қарауылдар биіктерге, қиын-қиын шатқалдарға барып жер шалған 
Төлепберді, Бурахан, Қамысбай, Жұмағұл сияқты пысық, сергек жігіттер де із-тоз 
білген жоқ (М.Әуезов, Шығ.). Бойына екпінді сергек бір жалын біткендей болды 
(М.Әуезов, Шығ.). 3. ауыс. Ұққыш, ұғымтал, зерек. Көкірегі сезімді, тілі орамды, 
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін. Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар, Көңілімнің 
көзі ашық, сергек үшін (Абай, Толық жинақ.). Ел сүйіп қойған аты Назым еді, Ойқы 
емес, өжет өткір, нәзік еді. Сыпайы, үлдір-ұлпа, сырлы, сынды Сезімтал, сергек ойлы 
жазық еді (А.Тоқмағамбетов, Дария сыры.). 4. ауыс. Ұқыпты, пысық, байыпты. 
Құнанбай пішініне Абай көзі түсіп еді. Ол жинақы боп, әр нәрсеге сергек қарап отыр 


205
екен (М.Әуезов, Абай жолы.). Ойнақшыл отырған құстың айналаға қапысыз, сергек 
қарасынан шабытты бабын түйді (М.Әуезов, Абай жолы.). Ұзақ түнді ұйқысыз өткізсем 
де, төсектен сергек көтерілдім (Ә.Сәрсенбаев, Теңіз.). Ол әр уақытта сергек, көңілді 
жүреді (А.Байтанаев, Қансонар). Тағы да бір жетідей уақыт етті, өзімді сергек сезінемін 
(Б.Соқпақбаев, Өлгендер.). Со бір асау ірі толқын мен болам, Жаңбыр болам керек етсе 
кең далам. Тағдыр маған таңның өзін сыйлаған, Бір сеніммен, сергек қара сен маған 
(Т.Молдағалиев, Шақырады).  
565. 
СЕРГЕКТЕУ сын. Сергегірек, ширағырақ. Сол ауылдың Әшімбек деген 
сергектеу адамы бар (С.Бегалин, Замана.). Оның ұйқысы ашыла бастағандай, өзін 
сергектеу сезінді (А.Сатаев, Дала.). Бүгін қызуы сәл төмендеп сергектеу отыр 
(Ә.Сәрсенбаев, Жауынгер.). 
566. 
СЕРТШІЛ сын. Сертте тұрғыш, уәдеге берік. Еркін – сертшіл жігіт еді 
(Ғ.Мұстафин, Өмір не өлім). Оны қашан көрсең де бел буып, білек сыбанған сертшіл 
кейпінен жазбайды (Самғау). Көктемде көрген жоқсың ба, біздің жігіттердің сертшіл 
екенін (Ердің даңқы.). 
567. 
СЕРУЕНДЕГІШ сын. Көп серуендейтін, қыдыруға құмар. Мысалы, Қазақстан 
партия ұйымының үшінші конференқиясынан кейін Әбдірахман Байділдин Сәкеннің 
пәтеріне келгіштеп, бірге серуендегіш боп кетті (С.Мұқанов, Таңд.шығ.). 
568. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет