СЫЙШЫЛ сын. Қолы ашық, біреуге сыйлық бергісі келіп тұратын.
590.
СЫЙЫМДЫ сын. 1. Ішіне көп нәрсесыятын, бүйірлі. Ал 14-кадрда қола қазан
бейнеленген. Оның екі құлағы бар, алып жүруге, түйеге артуға қолайлы, әрі сыйымды
(«Қазақст. әйелдері»). 2. Белгілі бір ортадаяқызмет орнында жағымды, сыйлы,
беделді. – Ол екеуі түрі-түсі келген, тепсе темір үзетіндей мықты, айналасына
сыйымды, сыйлы болыпты (М.Дүйсенов, Ант). Сыпайы болсаң, елге сыйымды боласың
(Ғ.Мүсірепов). Баласының аман-сау, коллективінесыйымды, абыройлы болуын ойлап
жүретін әке мен шеше (С.Аққошқаров, Бақыт.). Жаңа түскен келін шектің ауыл-үйге
сыйымды болуы абысын-ажынға байланысты (Ә.Нұрпейісов, Қан мен тер). 3.
Жарасымды, орынды, лайықты. Қаншама сыйымды ғып айтам дегенмен, Ерғалидың
осы сөзі – есіткен құлаққа бір түрлі жат, дөрекі секілденіп тұрды (Б.Майлин, Шығ.).
Ойын-күлкі деген құрдастарға жарасымды да сыйымды дүние ғой (Е.Домбаев, Ол
адам.). Шынында, қалай қуанып, қалай шаттанса да сыйымды әрі орынды еді («Қазақст.
коммунисі»).
591.
СЫЛАҢ сын. 1. Кербез, керім, сәнқой. Ерінің бір айтқанын қайталатпауға дағ
дыланған сылаң тоқал Айғанша қысыр жыландай жүйткіп жүр (Ғ.Мүсірепов, Таңд.
шығ.). Бүгінгі қалыңдық қандай сылаң, сұлу еді. Бәрі ғажап (О.Сәрсенбаев, Сағым).
Жасы қырықтан асса да үсті-басына шаң жуытпай, өзін таза ұстайтын сылаң әйел
(С.Омаров, Өмір.). 2. Әдемі, сұлу. – Мен өз басым жаратылыс қойнында толқыннан
сылаң, сұлу көріністі көрген емеспін (Қанахин, Жас дәурен). Оның үстіне анау-мынау
емес, мына бойжеткен сылаң торының өзі («Қаз. әдеб»). ...Тағы сол баяғы сары
жапырақ суырған сылаң күз («Қазақст. мұғ.»).
592.
СЫЛАҢГЕР сын. Сәнқой, кербез. Ерсі боп па, не «Қос етек бұраң бел», Қуалай
соғар қоңыр самал, қылаң жел». Қазақ қызы қалағанын киеді, Сұлулық та – шамшыл,
сәнқой, сылаңгер (Ж. Молдағалиев, Таңд. шығ.).
593.
СЫЛБЫРЛАУ сын. 1. Бостау, босаң дау, енжарлау. Ол асығуды, сасуды
білмейтін, іске сылбырлау жігіт көрінген еді (М.Ғабдуллин, Сұрапыл.). Отыздар
ішіндегі аяқ алысы сылбырлау, жас жігіт, қазақша тілдесіп көріп едім, өзбекшілеп қоя
берді (Қ. Сатыбалдин, Қараторғай). Бұрындық төмен қарады. Енді оның даусы сәл
сылбырлау шықты (I. Есенберлин, Алмас.). 2. Баяулау, ақырындау. Түн. Қазақ үйдің
сыртынан қара жаңбыр сылбырлау құйып тұр (I. Жансүгіров, Шығ.). Сылбырлау
себелеген манағы ақша қарды алдына салып, әлдеқайда алысқа қуып әкетті
(О.Сәрсенбаев, Таңбалы тас).
594.
Достарыңызбен бөлісу: |