Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет181/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   348
18.08.2023 dis

СЫПАЙЫЛАУ сын. Әдептілеу, инабаттылау, ізеттілеу, кішіпейілділеу. 
Буряттарға одырая қарап, аяқтарын кердеңдей басқан Кафтыров Шоқанға сыпайылау 
келді (С. Мұқанов, Аққан жұлдыз). «Мың асқанға бір тосқан» дейді халық. Сыпайылау, 
сүйкімділеу болсаң қайтеді, балам? (М. Гумеров, Хазірет.). 
601. 
СЫПАЙЫРАҚ сын. Сыпайылау, әдептілеу, биязылау. Сіздей шортан 
тілемейміз, Сыпайырақ болыңыз, – дейді Гортензьо Катаринаға (М.Әуезов, Шығ. 
жин.). Таласты жерде жүлде алып, талайдың аузына құм құйған Жактөре әдепті де 
сыпайырақ келді (С.Омаров, Қиыр жол). Жоқ, онымен басқарақ, сыпайырақ сөйлесемін 
(Ә.Тәжібаев, Гүлден.). 
602. 
СЫП-СЫНЫҚ сын. Мінезі үп-үяң, биязы. Жоқ, біздің Кенжехан соңғыларынан 
емес, күннен күнге ширай түсіп сып-сынық жігіт болып келеді (Қ.Әжікеев, Жылан.). 
Бұрынғы мінезі байқалмайды, осы даланың жаңа түскен келініндей сып-сынық («Қаз. 
әдеб.»). 
603. 
СЫП-СЫПАЙЫ 1. Бып-биязы, мап-майда, инабатты. Тәртіпке бағынбаймын, 
қазақшылық қыламын деп сып-сыпайы жігіт ұялып қалды (Б.Майлин, Шығ.). Сөзінің 
сөлкеу тұрған ештемесі жоқ, с ы п-сыпайы (Н.Ғабдуллин, Сарғайған). Несенерімді, 
несенбесімді білмеймін. Сып-сыпайы Қоңырдың жылы жүзі (Н.Сералиев, Қаңтар). 2. 
Әп-әдемі, тап-таза, жұпыны. Сып-сыпайы киінген, жылпостау жігіт кабинетке кірді 
де, босағара мүләйісіп тұра қалды Б.Қыдырбекұлы, Ешкімге айтпа). 
604. 
СЫРБАЗ сын. 1. Адамгершілігі мол, байсалды, байыпты, ашық мінезді, 
сыралғы. Бекназардың келіні төре әулетін шебер бағындырған сырбаз әйел 
(Ш.Хұсайынов, Үкілі Ыбырай). Осы сырбаз ақсақалға бір көргендер де, бұрыннан 
білетіндер де қызыға қарайды («Білім және еңбек»). 2. Кербез, сұлу, сылқым, сәнді, 
салтанатты, көркем. Оу, кер маралдай керілген сырбаз жеңешем! Өзің келіп қапсың 
ғой (Ш. Құмарова, Қос шынар). Ботакөзінің қарақаты әлі мөп-мөлдір әйелі сырбаз сұлу, 


209
маңғаз бәйбіше көрінеді (Д.Әбілев, Баянауыл.). Бір күйден сырбаз бір күйім, Бір әннен 
сырлы бір әнім. Бір үйден биік бір үйім, Бір дәннен толық бір дәнім (Н.Жақаев, 
Қазқоңыр). 
605. 
СЫРҒА БЕРІК Сырын сыртқа шашпайтын, өз сырына мықты. Қайраты зор, 
білмейтін ерінуді, Не асып, не мақтанып желігуді? Еңбегімен күнелткен, сырға берік, 
Ұнатпайтын орынсыз елігуді (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Сырға берік сабазым, Ашуын 
таппас қиынсың. Бірақ жалған, қайтейін, Мезгілсіз келіп дүниеге (I.Кеңесбаев, Фраз. 
сөздік). Ана суайттың сырбаздап берген тағамына сатылмай, оның жайсыз сұрағына 
інім үн қатпапты, сырға берік мінезінен айнымапты (АТ).  
606. 
СЫРДЕСТЕсын. Сыр мінез, сыралғы, сырға берік. Сырдесте болмаса да көз 
таныс адам, алты ай қыста бір рет иек көтеріп, амандық ишаратын жасамаппыз 
(М.Мағауин, Бір ата.). Бірінің ойын бірі қабағынан сезетін сырдесте құрдас достар 
рахаттана күлісіп алып, Жәкеңді қайтадан қолпаштай, қаумалай жөнелді (X.Әдібаев, 
Таңбалы.). Сырласып, құса таратуға кіретін сырдесте бәйбішесі емес, уыздай жап-жас 
бейтаныс бойжеткен (Ә.Кекілбаев, Шығ.). 
607. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет