Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет189/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   348
18.08.2023 dis

ТАУАНДЫ сын. Табанды, төзімді, баянды. Бар тірлігі айнымас қажырлы 
еңбек, өнерлі тауанды еңбек ырғағына мағыналы күйде бағынған бұл дөңгелек қаланың 
бар халқының арасында ынтымақты татулық, тәртіпті, ұстамды тәрбиелік бар 
(М.Әуезов, Алғы шептегілер). Семья тату, достық тауанды болу үшін асықпау керек 
(М.Гумеров, Сүйе ме).  
651. 
ТӘЛІМШІЛ сын. Талғампаз, кірпияз. Қайнаркөлдің суын тәлімшіл жылқы 
малының өзі емін-еркін іше береді (Ө.Қанахин, Жас дәурен). Тәлімшіл желек салған 
келіншектер, Сақалды бас көргенде шегіншектер. Жаяулап жұрттан шыға атқа асылып, 
Етегін қымтай алмай изелектер (Ж.Аймауытов, Шығ.).  
652. 
ТӘРТІПТІ сын. 1. Тәртібі жақсы, үлгілі, өнегелі. Қамбар мектепке кейін келіп 
түссе де, сабақты жақсы оқиды, тәртіпті бала (С.Шаймерденов, Мезгіл). Ол өз ісіне 
ұқыпты, тәртіпті, тіл алғыш солдат атанды (М.Ғабдуллин, Ел намысы.). Кетпейді құр 
бетімен, Төртеуі де тәртіпті. Барлығы да шетінен Анасына тартыпты (Қ.Мырзалиев, 
Алуан.). Қомағайлық жараспас тәртіпті елде. Қоғам мүлкін үйіңе қарпып келме! Артық 
бөлмесұрайсың, Ағайын-ау, Артық ақыл қоса ма артық бөлме! (Қ.Мырзалиев, Мәңгі.).  
653. 
ТӘРТІПШІЛ сын. Тәртіп сақтауды жақсы көретін, тәртіпқұмар. Бұл өзі бір 
тәртіпшіл, істеген ісіне тиянақты жігіт (С.Мұқанов, Теміртас). Ол ең алдымен 
азаматтың үлгі-өнегесі айқын, адал, әділ мінезімен, еңбекке, өмірге құштарлығымен, 
тәртіпшіл тәлімімен көзге түскен азамат («Мәдениет және тұрмыс») 
654. 
ТӘУБЕШІЛ сын. Шүкірлік еткіш, қанағатшыл. Сол бір күнгі табиғат көркіне 
қанағатсыз көз түгіл, тәубешіл көңіл де тоймайды білем, әлденеге құмартып, әлденені 
аңсап, алаңдай берді (З.Шашкин, Сенім). Кәріліктің таянғанын ойлаған сайын 
тәубешіл, алыс-жақынды танығыш, бауырмал (А.Жақсыбаев, Қайырлы.). – Қожа, неге 
сонша тәубешіл болып кеттің? – деп сұрайды (Қожанасыр хикаялары). 
655. 
ТӘУЕКЕЛІШЛ сын. Тәуекел еткіш, батыл, өжет. Ғашықтықуағдамен 
тәуекелшіл, Қажымай осы үшеуін мекем ұста. Кімде-кім жетер сонда мұратына, Пайда 
жоқ жүрексінген қорқынышта (М.Дулатов, Шығ.). Өз қайратына сенген әкем 
жоқшылыққа көп мойымайтын, тәуекелшіл, шыдамды адам еді (Б.Тұрсынбаев, 
Айнымас.), Сарқыттың өзі де тәуекелшіл, талапты жас болғанмен, тәжірибесі аз аңғырт 
(Бал дәурен). Аламын деп Лағылды Алтын бастар қағылды. Тәуекелшіл жастың да, 
Тауы қатты шағылды (Қ.Мырзалиев, Алуан.). 
656. 
ТЕБІРЕНШЕК сын. Тебіренгіш, сезімтал. Тереңдеу біткен тебіреншек көзінің 
жас шағындағы жалыны анау жанып жатқан қарағай отының лапылынан кем болмаған 
шығар, – деп ойлады (Д.Әбілев, Ақын арманы).  
657. 
ТЕКСЕРГІШ сын. 1. Аңдағыш, аңғарымпаз, мән бергіш. Абайдың қандай 
сыншы, сөз тексергіш екендігін төмендегі сөзінен байқауға болады (А.Байтұрсынов, 
Шығ.). 2. Бір нәрсенің бар-жоғын, жақсы-жаманын қадағалайтын (кісі). Дәл жанынан 
көкқұтанға ұқсас ұзын мойын билет тексергіш жігіт шыға келді (Д.Досжанов, Зауал). 
Далабай кешесөйлескенде, облыстан КРУ-дың тексергіштерін шақыртамын деген 
(Д.Досжанов, Дария). 
658. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет