Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет182/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   348
18.08.2023 dis

СЫРТЫ АЩЫ, ІШІ ТӘТТІ Сырттай қатал, тік болғанмен, түбін ойлағанда 
пайдасы мол кісі (мінез, сөз т.б.) туралы айтылады. 
608. 
СЫРТЫ БҮТІН, ІШІ ТҮТІН Мұңлы, шерлі. Ойлы адамға қызық жоқ бұл 
жалғанда, Көбінің сырты бүтін, іші түтін.Күйеуі Күләйімнің теңі емес, Теңі түгіл түзу 
қарар адам да емес, Сұлудың сырты бүтін, іші түтін. Мұқаңнан басқа сырды адам 
білмес (С.Т.).  
609. 
СЫРШЫЛ сын. 1. Сырға толы, нәзік (қасиет). Әннің сыршыл сұлу сарыны 
құлаққа жағып барады (М.Хасенов, Алғашқы ән). Өксігендей үн шығарған Өзі болар 
желдің, мүмкін. Күрсінді әлде сыршыл орман, Дүрсіл шықты дүркін-дүркін 
(Ж.Молдағалиев, Таңд. шығ.). 2. Лирикалық өлең жазатын. Осы фантазияны қазақтың 
ең терең сыршыл ақыны Шәңгерей Бөкеев мынадай деп суреттейді (М.Жұмабаев, 
Шығ.). Сыршыл ақындардың ішінде өлеңнің ішкі суретінесөзінің сыртқы кестесі 
үйлесіп, маңызды болып шығатын Мағжанның өлеңдері (Ж.Аймауытов, Шығ.). Кейінгі 
ақындардың тағы бір міні – сыршыл еместігі, һәркімнің жүрегінде бір жасыратыны бар, 
жасырын тіл бар, жасырын күй бар (Ж.Аймауытов, Шығ.). 
610. 
СІЛЕТСІЗ сын. Міндет көрмейтін, жақсылығын сатпайтын. Міндетсіз, 
сілетсіз, мақтансыз, қаяусыз, айнымас дос, болады дегенге сенбеңіздер. Өйткені өзін 
ұмытып кететін адам табылмайды: әркімге алдымен тіршілік, керек, тамақ керек. Әр өз 
басының, әр досының пайдасы бірдей табылған соң адам шын дос боп жүреді (әлде 
«шын ұлтшыл», «шын әлеуметшілер» де сондай ма екен?) Бекболат пен Ақберген 
сондай достар еді (Ж.Аймауытов, Шығ.). 
611. 
ТАБАНЫ АЛТЫ ҚАРЫС Табанды, байсалды, жұмысқа төзімді кісі туралы 
айтылады.
612. 
ТАБЫНҒЫШ сын. Бас игіш, құлдықшыл. Асылы түсінбейтін нәрсесіне кісі 
табынғыш келетін сықылды (Ж.Нәжімеденов, Ақ шағыл). Мен сені қызғанам Қадалған 
саған көзден де, Есіркеп айтқан сөзден де, Табынғыш топтың ішінде Толқығаныңды 
сезгенде (Т.Молдағалиев, Мен де.). 
613. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет