210
ұрпақ
қой ел жыр етер, Шаттығы да, мұңы да елжіретер. Еркектері – әйелдей
тағаттылар, Әйелдері – еркектей ержүректер (Ж.Молдағалиев, Қызыл қайың).
616.
ТАҚУА ар. сын.
Діндар, діншіл. Махмұт тақуа болды. Тұла бойы толған тұмар,
мойнында – тәспі, дұғалық, аузында – зікір, күн шықпай оқығаны – намаз, заулатқаны
– «жасын», ол дәретсіз жер баспайды; «қари» болам деп, Құранның 13 парасына дейін
жаттап алады (Ж.Аймауытов, Шығ.). Сол қалаға жақын
маңайда бір асқан ақылды
тақуа адам бар еді, тастың үңгірін үй қылып,
уақытымен ғибадатын етіп, ағаш егіп
жатушы еді (Ш.Құдайбердиев. Шығ.). Түлкі
айтты төмен қарап, пақырсынып,
Тақуа
сопыларша көңілі сынық: «Бірді алдап, бірді ұрлап шеккен ғұмыр Жақсы-ақ деп
жүргенім жоқ көңілім тынып (А.Байтұрсынов, Шығ.). Күңіренген мектебінде шәкірт
оқып, Көңіліне ғылым алған тоқып. Мешітке сыймай
кеткен тақуалар Гау бағып
күнәсінен қақтан қорқып (М.Дулатов. Шығ.). Ақыл сұрай келген үш сөзін айтып еді,
тақуа ханның ол сөзіне жауап қайырмай, алақанына бір түкіріп күрекпен топырағын
лақтыра берді (Ш.Құдайбердиев. Шығ.).
617.
Достарыңызбен бөлісу: