Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері


ТАНЫМПАЗ сын. Тануға шебер, танығыш



Pdf көрінісі
бет187/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   348
18.08.2023 dis

ТАНЫМПАЗ сын. Тануға шебер, танығыш. 
637. 
ТАНЫС-БІЛІС сын. Сыралғы, сыр мі-нез, танымал. Бұл құпияны сізге таныс-
біліс адам болған соң айтып отырмын (Қ.Толыбаев, Қайдасың.). Сайфи Құдаш, 
С.Мұқанов, М.Әуезов сияқты жазушылармен тікелей таныс-біліс болады («Қаз әдеб.»). 


212
638. 
ТАҢДАҒЫШ сын. Таңдампаз, таңдай білетін. Шай күтімді тілейтін, топырақ 
дақыл («Білім және еңбек») 
639. 
ТАҢДАЙЫНАН БАЛ ТАМҒАН Дарынды, шебер әнші. Әлгі осы топ ішінде 
таңдайынан бал тамған әнші, өнерлі жастар да бар (А.Әуезов, Бала Мұхтар). 
640. 
ТАҢСЫҚҚОЙ сын. Әуесқой, құмарпаз. Анна ханым. Қатер!.. Мені азапқа 
салдыңыз. Таңсыққоймын өлгенше, о не? Қалай мені қорлайсыз? Білмеуші ем ғой мен 
сізді. Дұспаным жоқ болған жоқ, Тек ерімнің қан ішері болмаса (Ж.Аймауытов, Шығ.). 
Естіген аңызға таңсыққойлар біртіндеп те, топталып та Ақпай үйінің биіктігі кісі 
бойындай ақ самаурынынан шай ішкен (С.Бақбергенов, Кентау). 
641. 
ТАҢСЫҚТАУ сын. Әуесқойлау, құмарлау. Интеллектік сезімнің түрлеріне 
таңсықтау, білуге құмарлық, күдіктену т.б. сезімдер жатады (Қ.Жарықбаев, 
Психология). 
642. 
ТАҢЫРҚАҒЫШ сын. Таңданғыш, қызық көргіш. Сыр сақтағыш, ел сынағыш, 
Берік жансып жүруші ем. Жұртты сөгіп: «Таңырқағыш Неткен жан!» – деп күлуші ем. 
Бұл не ғажап өзгелерден Артық болды жұлдызың! (Ж.Аймауытов, Шығ.). Бала аяқ 
басқан сайын: көбелек қандай әдемі, гүл қандай, оттай лаулап тұр! – деген сияқты 
көрінгенге таңданып, таңырқағыш келеді (Семья тәрбиесі). Козғалақтап қақырынып, 
түкірінген дыбыстар естілді. Таңырқағыш, қызық көрген, есіркеген жанарлар 
өңменінен өтті (Т.Тілеуханов, Шарапат).  
643. 
ТАПҚЫР сын. Тез ойлап, ұтымды сөз айта алатын, алғыр, зерек. Ол бұлардың 
ішіндегі ең шапшаңы және тапқыр, айтқышы (М.Әуезов, Абай жолы.). Аталары Мөңке 
би заманында аса тапқыр, ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен адам болған 
(А.Жұбанов, Замана.). Құлжатай майда мінезді, қыз сияқты ұялшақтау, өзінен көзі 
бұрын күлімдеп отыратын тапқыр жігіт болатын (А.Лекеров, Түз гүлі). – Мерген 
сондай тапқыр, тез ойлай білетін адам болу керек. Міне Молдағұлова сондай мерген 
болатындығын көрсетті, – деді ол көңілі біткендігін білдіріп (Ә.Нұрмаханова, Шығыс 
шынары.).  
644. 
ТАПҚЫШ сын. 1. Тез таба білетін, бір нәрсенің қиюын, ретін келтіретін. 
Өткел тапқыш төтеден, Даурығатын өте кең, Ру жиған жиынбыз. Шымбайында ері тар, 
Арқалы боп көрінер, Оза алмайтын миыңбыз (Қабан жырау. Алтын қазық). 2. Біреудің 
ойлаған ойын, т. б. білгіш. Тапқыш ой ғой ақылдың мағынасы, Түбі – жүрек, болады 
мида басы. Орынсызға ұмтылтпай тоқтатуға Талаптың алты түрлі бар ноқтасы 
(Ш.Құдайбердиев, Шығ.). – Айтпаймын, тапқыш Бақсыға айтты: – «Қаншама алсаң 
алтын берем, Тапқыш деп ел мақтайды ел сені ерен, Басыңа не түссе де жасырмай айт. 
Осы түннің ішінде мен не көрем» (Ш.Әбенов, Кейпін батыр.).  
645. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет