Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет190/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   348
18.08.2023 dis

ТЕПСЕ ТЕМІР ҮЗЕТІН Қайратты, күшті, мықты, қуатты. Мыңжасар – 
тепсе темір үзетін адам, жатып ішер жалқау да емес, – деді Абай, Әбішке әңгімесін 
созып (М.Әуезов, Таңд. шығ.). – Жаным, сен мұңайма, бақытың жоқ болса да өз басың 
жас қой. Тепсең темір үзетін қайратың бар (І.Жансүгіров, Шығ.). Бәрі де тәжірибелі 
жұмысшылар, тепсе темір үзетін азаматар (О.Бөкеев, Өз отыңды өшірме). Тепкенде 
темір үзер қара күші, Аспанның жалғыз мені – ана құсы (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә.). 


214
Жалынын көп шығарар өшпек өмір, Қадірі қалу үшін есте не бір, Ер еді үзілетін тепсе 
темір, Кең еді Арқа-кеуде, Көкше-көңіл! (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ). 
659. 
ТЕТІГІ АУЗЫНДАҒЫ КІСІ жерг. Аңқылдаған ақкөңіл. Қадірдің тетігі 
аузындағы кісі (Қаз. тілі. диалек. сөздігі). 
660. 
ТОЙҒАН ҚОЗЫДАЙ [ҚОЗЫ СЕКІЛДІ] Артық қылығы жоқ, моп-момақан, 
жұп-жуас. Тойған қозыдай, шөгерген түйедей болып жатқан әр қилы тастар арынды 
көкбурыл өзенге еш бөгет емес (Б.Соқбақбаев, Қайдасың.). Ақшаң барда тойған 
қозыдай томпайып, үнсіз жататын моп-момақан қарның қалтаң қағылса, ішіне қаралы 
қасқыр кіріп кеткендей боп, ұлып шыға келетіні бар емес пе? (Ә.Нұршайықов, Шығ.). 
Бір жүруші ең бір жылғы туған төлдей, Тым болмаса қалдым-ау, жүзін көрмей! Тойған 
қозы секілді қайран бауырым, Жүрген жерің береке шалқар көлдей (К.Әзірбаев, Таңд. 
шығ.). Бота көздері жәудіреп, тойған қозыдай моп-момақан ғана отырған осы бір қызға 
тұңғыш рет ұзақ көз тоқтатып, елжірей қарадым (Н.Келімбетов, Үміт үзгім келмейді). 
661. 
ТОПШЫЛАҒЫШ сын. Болжағыш, аңғарымпаз. Сенің топшылағыш, 
аңғарғыштығыңа сүйсініп айтып отыр, – деп Әбдіжан әдеттегі күйінесалып танауын 
ежірейте жымиды (С.Бегалин, Уақыт тынысы).  
662. 
ТӨЗГІШ сын. Неге болса да көнгіш, төзімді, шыдамды. Ол сүйсінуге де, аяуға 
да тұрарлық, неге де болса, баладай сенгіш, батырдай төзгіш (Б.Аманшин, Көкжар). 
Бірақ адам баласы басқа салса төзгіш келеді, бұған да шыдайды екен (Б.Тілегенов, 
Уақыт).  
663. 
ТӨЗІМДІ сын. Шыдамды, көнімпаз. Жарасов күні бойы өзі көріп өткен он 
отардың көп есті, сабырлы, төзімді Бәйтендей шопандарын есіне алды (М.Әуезов, 
Өскен өркен). Ұлбосын көп үндемейтін бала, сабырлы, төзімді бала (Б.Майлин, Шығ.). 
Нар көтермегенді ер көтереді дейді, әйел ерден де төзімді бірақ әйелдің осал жері-
жүрегі жүрегін ғана жеңе алмайды (Ә.Тарази, Тас жарған). Өкпем де жоқ емес-ау саған 
менің, Жосықсыз кінәшілсің – жаман Жерің. Төзгісіз қылығыңды қырқып тастап, 
Төзімді мінезіңмен қалар ма едің (М.Мақатаев, Шығ.). 
664. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет