Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет186/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   348
18.08.2023 dis

ТАЛАПШЫЛ сын. Талап қойғыш, талап еткіш, ұмтылғыш. Адам жас кезінде 
әр нәрсеге ұрыншақ, талапшыл келеді екен (Ә.Қалмырзаев, Ар). Талапшыл саған 
дәуірің, Жалқауға алшақ төрі оның, Самарқау болма, бауырым! (С.Хангелдин, 
Шапақты.). 
630. 
ТАЛҒАҒЫШ сын. Талғампаз, талғамды. Жүгері ауа райын аса талғағыш дақыл 
(Д.Қасенов, Ауыл.). Алғашқы бір-екі айда екіқабат әйелдер тамақ талғағыш келеді 
(К.Өтегенова, Аборт. зияны). 
631. 
ТАЛҒАМДЫ сын. Талғампаз, талғағыш, Бұршақ топыраққа талғамды дақыл (К. 
Боранғазиев, Жемшөп.). Тұрмағанбет жасынан талапты да талғамды болған 
(Ж.Арыстанов, Естен кетп.). Балаларға арналған көптеген таңдаулы да талғамды 
шығармалар сол журнал арқылы жарық дүниеге келген («Қазақст. мект.»). 
632. 
ТАЛҒАМПАЗ сын. Талғағыш, талғамды. Ботагөз жасында өте тәкаппар, 
талғампаз қыз болғанымен, кейін аяулы әйел, жақсы дәрігер болып еді (Ә.Нұршайықов, 
Махабб. жыр.). Ғали Орманов – әр сөзіне жауапкершілікпен қарайтын талғампаз ақын 
(«Қаз. әдеб.»). Жалпы тұрмысында эстетикалық талғампаз Сәкен жазу жұмысында да 
солай болуға тырысатын (С.Мұқанов, Есею жыл.). 
633. 
ТАЛҒАМШЫЛ сын. Талғампаз, тал ғамды. Ауылдың қыздары әрі асау, әрі 
талғамшыл ғой, біз сияқты қарапай ым, қатардағы солдатты қайтсін («Лен. жас»). Ертіс 
пен Жайық өңірін аралаған да, тірнектеп жинаған халықтың ән қазынасын аса 
талғамшыл тыңдаушы сына жеткізе біду жеңіл ме? («Қазақст. әйелдері»). 
634. 
ТАМАШАШЫЛ сын. Сауықшыл, қызықшыл, Ауылдың жаңалыққа сусаған 
тамашашыл жас-желеңі сол үйге кіріп шығып, әлде неге мәз больш, көңіл күлкісін 
көбейтіп жатыр (Е.Тұрысов, Қыран.).  
635. 
ТАНЫҒЫШ сын. Танып-білуге шебер. – Кәне, Желменде мырза, танығыш 
болсаң, анау өрістегі бір қора қозыдан туған егіз қозыны танып алып келші, – депті 
(К.Әзірбаев, Аңыз.). Жаңадан көргенін, жаңа нәрсені тез танығыш мысықтың зеректігі 
Шоқанға сондай ұнады (С.Бегалин, Шоқан асу.). 
636. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет