211
жазбақшымын (М.Дулатов, Шығ.). Талапкер азаматтар, көзі ашық байлар һәм мырзалар
«Азамат» серіктігіне молырақ кірісіп газет һәм баспахана ісін тағы да көркейтер деген
үміттеміз (М.Дулатов, Шығ.). Бұл күнге шейін
өзімізден халық әдебиетін, бұрынғы
данышпан шешендердің, ақындардың, әділ билердің асыл сөздерін жинаушы жоқ еді,
бұл
туралы Диваев, Потанин қарт тарға мәңгі борыштымыз. Бұлар жанып тұрған
шырақ, жолын қуған талапкер жастар адаспас (М.Дулатов, Шығ.). Я, алла!
Талапкердің
бақытын аш, Ақ жүрек пайдалы іспен атағын шаш. Ұлтына қараңғыда қамаулы өскен
Жарқырап жарық сәуле болғандай бас (М.Дулатов, Шығ.). Я, алла! Талапкердің
бақытын аш, Ақ жүрек пайдалы іспен атағын шаш. Ұлтына қараңғыда қамаулы өскен
Жарқырап жарық сәуле болғандай бас (М.Дулатов, Шығ.).
628.
ТАЛАПТЫ сын.
Көздеген мақсатына, жетуге ұмтылғыш, ізденгіш, талабы
мол. Талапты ерге нұр жауар (Мақал). Қазақ баласы һәр істе осындай талапты болса,
һеш кімнен кем қалмас еді («Қазақ» газ.). Түнгі сағат 11-де мәжіліс бітті. Мұнан кейін
мәжілісте болған ардақты ақсақалдар, талапты жастар «Қазақ»
газетіне жазыла
бастады. 66 кісі жылдық газетке ақша берді (М.Дулатов, Шығ.). Еті кетіп, қауқиған
сүйегім бар, Жай таппай жанып жүрген жүрегім бар. Жайнаған таза жүрек,
талапты
жас, Ұғар деген сөзімді тілегім бар (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Домбыра қолыма ұстап,
бастым перне, «Нұр жауар – деген сөз бар – талапты ерге» Жасымнан бай баласы
бұлғақтаған, Жаман қыз олай-пұлай маған тең бе (М.Дулатов, Шығ.). Жиырмасыншы
ғасырға қарсы тұрған Шықпаса шаһбазлар бірлі-жарым, Талапты һүнер іздеп жастар
шығып, Көңілдің шығармаса хәстәләрін'3. (М.Дулатов, Шығ.).
629.
Достарыңызбен бөлісу: