Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет193/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   348
18.08.2023 dis

ҮЙЛЕСІМДІ сын. Жарасымды, ұнамды, қонымды. Мықты тұлғалы қойдың 
дене бітісі үйлесімді келеді (А.Елеманов, Қой шаруаш.). Жеңгем киімнің өз түсіне 
үйлесімді жамау табады (Б.Соқпақбаев, Бастан кеш.). Адай жылқысының дене бітімі 
шағын, үйлесімді, ашаң, әрі мығым болып келеді (А.Иманғалиев, Адай жылқысы). 
Ақын табиғат құбылыстарын адам өмірімен, қоғамдық құбылыстармен үйлесімді, өзара 
тығыз байланыстыра отырып, араларында параллель жүргізеді (“Қаз. әдеб.”). Мына 
жұмыр тауды Мұраттың адамның басы сияқты деуі қалай дәл, қандай үйлесімді, – деп 
інімнің тапқыр теңеуіне іштей сүйініп мен де тауға ықылас салып, қызығып қараймын 
(Н.Ғабдуллин, Сарғайған жапырақ).  
682. 
ҮЙРЕНГІШ сын. Білмегенін үйреніп алғыш, тез жаттыққыш. Ерлі-зайыпты 
Сағидолла мен Шолпан – үлкенге де, кішіге де сыпайы, жақсыдан үйренгіш абзал 
адамдар (Шопан серігі). Бүркіт деп қазақ аңшылары жыртқыш құстардың ішіндегі аса 


216
тектісін, адам қолына тез үйренгіш естісін атаған (А.Сейдімбеков, Ақиық). Ол жұрттың 
мұң-мұқтажымен есептескіш, жақсыдан үйренгіш, жаманнан жиренгіш абзал, адал 
адамдар деседі (М.Сатыпалдиев, Жартастағы жазулар). 
683. 
ҮЙРЕТКІШ сын. Білмегенді түсіндіргіш, ұғындырғыш; үйретуге шебер. 
Қызына ақыл үйреткіш қатындардың оңай мысалына айналатын жерден қашығырақ 
кеткені дұрыс (М.Сқақбаев, Қырық.). Көзге ерекше түскені – асау, қашаған бұрыларды 
қалай ұстап, қалай үйретулері, бұл жағынан олар жылқы үйреткіш буряттар тәрізді 
(С.Мұқанов, Аққан жұлдыз). Үйреткіш болса ортаға өзі шығып, қарсы жақтағыны 
сұлатып түсірмей ме?! (С.Бердіқұлов, Жұмыр жер.). 
684. 
ҮЙРЕТІМПАЗ сын. Үйреткіш, үйрету қабілеті күшті адам. – Апырай, 
мынадай да ат үйретімпаз жан болады екен! (С.Мұқанов. Балуан Шолақ.).  
685. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет