ТӨЗІМТАЛ сын. 1. Шыдамды, төзімді, төзімпаз. Адам баласы мұншама
төзімтал бола береді екен (М.Сатыбалдиев, Қоңыр қозы).
665.
ТӨЗІМШІЛ сын. Шыдамды, көнбіс. Алтай қызының көрген күні қараң еді, үй
салтының езгісі оны бәріне де төзімшіл, көнбіс, қорғансыз, үнсіз күңге айналдырды
(«Қаз. әдеб.»).
666.
ТҰЗАҚ ҮЗГЕН [АЛА АЯҚ] Ала бөтен бұзық, зұлым адам туралы айтылады.
667.
ТҰТЫМДЫ 1. сын. Ұғынғыш, тез қабылдағыш, зерек. Сабаққа берді әкесі бала
жастан, Тұтымды зирек болды жұрттан асқан. «Білімді, қайратымен елге тұтқа,
Болады» – деп жорыды бір бал ашқан (С.Мұқанов, Шыңнан шыңға). 2. ауыс. Тұрақты,
берік. Сезімді тек ақыл ғана билейді, сезім дүниесінің дегеніне көнбес үшін тұтымды
мінез, берік жүрек керек (I.Есенберлин, Ғашықтар). Жігіт айтқан сөзіне тұтымды,
қайғыға қайсар, жүрген жері думан (С.Мұқанов, Таңд. шығ.).
668.
ТҮЙЕ ҮСТІНЕН ИТ ҚАПҚАН Икемсіз, епсіз, болбыр кісі туралы айтылады.
Күн жаумай су болып, түйенің үстінен ит қапқан келеңсіз жігіт мұңын айтады
(Т.Ахтанов, Шығ.).
669.
ТЫНДЫРЫМПАЗ сын. Өз ісіне, тиянақты, тыңғылықты. Өзінің
тындырымпаз екенін білсе жаман емес, бұл – өз басының жеке қасиеті (М.Гумеров,
Хазірет).
670.
ТЫҢДАҒЫШ сын. Тыңдауға құмар, тыңдағанды жақсы көретін. Өзінің дос
баласының сөзін бала үлкен адамның сөзінен артық тыңдағыш келеді. Сондықтан
тәрбиеші баланың достарының дұрыс балалар болуына қам қылуға міндетті
(М.Жұмабаев, Шығ.). // Тыңдайтын, тыңдаушы адам. Жүректе айна жоқ болса, Сөз
болмайды өңгесі. Тыңдағыш қанша көп болса, Сөз ұғарлық кем кісі (Абай, тол. жин.).
671.
ТІЛАЛҒЫШ сын. Айтқанды қалтқысыз орындайтын, жұмсаған жерге екі
айтқызбай баратын елгезек. Шаруаға икемді, тілалғыш жасты үлкендердің жақсы
215
көретін әдеті (А.Жақсыбаев, Қайырлы таң). Ол түзге шықса айтқанын орындайтын
тілалғыш (С.Мұқанов, Аққан жұлдыз.). Балаң тілалғыш болса ғажап, Тілазар болса азап
(Мақал-мәтел).
672.
Достарыңызбен бөлісу: |