Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет252/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   348
18.08.2023 dis

ЖӘБІРШІЛ сын. Зәбіршіл, қиянатшыл. Арам қанды құзғындар, Тартсын, тартсын 
жазасын! Жәбіршіл жауыз залымдар, Тартсын енді сазасын (С.Сейфуллин, Шығ.). 
379. 
ЖӘРКЕЛЕШ сын. Жарамсақ, жағымпаз; жәреуке. Ой, өңшең дуылдақ! Өңкей 
жәркелеш! – деп, Ожырай жігіттерді тыйып тастады да, – ана жақта дырду бітті ме? – деп 
сұрады (Ә.Нұрпейісов, Қан мен тер). Үлкен үмітпен оқталған адамының өзі, көп ұзамай 
тұрлаусыз, шенқұмар немесе жәркелеш біреу боп шыға берді (Ө.Қанахин, Жер бас.). 
Жаңағы мас адамның. Жәркелеш достығының ізі де қалған жоқ (Т.Ахтанов, Дала сыры). 
380. 
ЖӘУТІК сын.  Нашар, қолынан ештеңе келмейтін. Сонда айтыпты: Біздің Қошмәмбет 
дейтін бір жәутік жігітіміз шәріге ұрланып көшіп кетіп еді (М. Қуанышбаев, Кек қылышы).  
381. 
ЖЕБІР сын. Парақор, дүниеқор, озбыр. Жебір сұлтан, сен білмейсің, Мен бір аққау 
туған бөрімін. Көп екен деп саған иек сүйемен, Несібемді бір тәңірден көрермін (Ер 
Тарғын.). Қаладағы жебірлер Мен жалғыз ел қызметін істедім бе? Қаланың да дәм-тұзын 
ішпедім бе? Тірі көрге түскендей жер астының Кендерін шығарғалы түспедім бе? 
(С.Торайғыров, Алаш.). Алтын таң елге ағарып атпай тұрып, Халықты езді саздай ескі 
ғұрып. Кедейді жебір байға жем қылмасқа Күреске түскен сонда ол белін буып (О.Шипин, 
Дастан.). Созылған сөздің қысқасы, Қысқа сөздің нұсқасы – Обыр, жебір, сұмдар жоқ. 
Еңбексіз жейтін ит те жоқ (М.Жұмабаев, Шығ.)  
382. 
ЖЕКЕШАП сын. Өзімшіл, қара басын ойлайтын. Бұл жұрт өзін би қойғыш, сондай 
«жекешап» дүм кеуделерді «жақсы» атандыруға неге албыртады (Ж.Ахмади, Жүрек 
қартайса.).  
383. 
ЖЕЛ КЕУДЕ Даңғой, менмен, бос кеуде. Өзі де тірі пендені менсінбей көкіреңдеген 
жел кеуде деуші еді (С.Жүнісов, Ақан сері ). 
384. 
ЖЕЛ КӨКІРЕК Не болса соған желігіп кететін желөкпе. Бүтін үй, бүтін асты кеттім 
тастап, Ғашықтық қиын екен отын баспақ. Осындай бір Мұсаға мінгізуге, Жаратты жел 
көкірек Тәңірім бастан (Қаз. әдеб. хрестом.).  


259
385. 
ЖЕЛБУАЗ сын. Даурықпа, кез-келген нәрсеге көтеріле жөнелетін желікпе (адам)
Сонда бұлар білетін желбуаз жабайылар болса, ар жағында далақтап өлген-жіткендеріне 
өздері-ақ қарамайды (Ә.Кекілбаев, Шығ.). Абай тұсы халықтың бұзылғаны, Қаралыққа 
айналып қызыл қаны. Ақ бейіл, бауырмалдық қалпы кетіп, «Желбуаз», «сұрқия» боп, 
қызынғаны. (С.Торайғыров, Алаш ұраны.). Келіспес араңызға салқын қабақ, Салқын 
болсаң, әркімге болдық тамақ. Жел бергенге, желіккен желбуазға Қанжығалы биеке үлкен 
сабақ (С.Торайғыров, Алаш ұраны).  
386. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет