Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері


ЖАТАҒАН сын. Жатқыш, жата беретін жалқау. Есектің сарғалдақтар тұқымдасына  жататын жүгі жеңіл болса, жатаған болады (Мақал)



Pdf көрінісі
бет251/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   348
18.08.2023 dis

ЖАТАҒАН сын. Жатқыш, жата беретін жалқау. Есектің сарғалдақтар тұқымдасына 
жататын жүгі жеңіл болса, жатаған болады (Мақал).  
374. 
ЖАТБАУЫР сын. Ағайын-туғанды іш тартып, жақын көріп тұрмайтын, бауырмал 
емес. Домбырам менің қарағай, Қылдың-ау, шіркін, заман-ай! Жатбауыр болған жас шіркін
Кеткенің бе қарамай?! (М.Жұмабаев, Шығ.). Күйеуінің жақындары «енді жесірімізді өзіміз 
бағамыз, оның үстіне бала да туыстарынан алыстап, жатбауыр болып кетпесін» – деп 
құлаққағыс еткенді (М.Дүйсенов, Мейман.). Тұтасқан бұлт айнальш, ығысқанда, Күн 
күркірер батыстан, шығыстан да. Әжемнің де баратын күні туар, Алыстағы жатбауыр 
туысқанға (М.Мақатаев, Шығ.). Бұл арада да, жоқтан өзгеге бола өз бауырыңа өзiң тiл 


258
тигiзiп, өзiңдi өзiң жатырқап, соның қырсығынан өз араңнан өзiңе қарсы шабатын күш, 
жатбауыр жау тауып алсақ үлкен қателiк болар едi (Ә.Кекiлбаев, Үш белес). 
375. 
ЖАТПЕЙІЛ сын. Пиғылы арам. Жатпейіл адам қаншама жақын жүргісі келгенмен, 
оған адамның іші жылымайды («Қазақст. мұғ.»). 
376. 
ЖАТЫПІШЕР сын. Еңбек істемейтін жалқау, масыл, арамтамақ. Байлар көп 
жатыпішер, арам тамақ, Өсірген, қызығын көрмей, басын санап, Шынында, өсіретін кедей 
жалшы, Бай еңбек сіңірген жоқ малды қарап (С.Торайғыров, Шығ.). Сол дәулет масы
жатыпішер мырзаларға бір күн өз қойын өзіне баққызып байқар ма еді? (Ж.Аймауытов, 
Шығ.). Жанары жоқ, жатыпішер сорлыны айт, Өнер алды өршілде емей кімде екен? 
(М.Әуезов, Шығ.). 
377. 
ЖАУЫЗ сын. 1. Қанішер, қаныпезер, зұлым, залым. Табылып арасынан жауыздар да, 
Жол бөгеп надандықпен тартқан артқа. Халыққа жанын қиған қаһармандар Күзеткен жұрт 
пайдасын һәр уақытта (М.Дулатов, Шығ.). Алаштың Арқада еркін ойнақтаған Жол тосқан 
жауыз жауда болды ма ісі? (М.Жұмабаев, Шығ.). Екі солдат күндіз-түн, Кезек-кезек 
күзетіп, Кірпік қақпай тік тұрған Қолдарында қылышы, Жарқылдатып жауыздар, 
Сайланып қару асынған (О. Шипин, Дастан.). Бұл елдің ардақтысы мен қадірлісіне 
пысқырып та қарамайтын аяусыз жауыз қолдар екеуін де шауып тастады (Ө.Қанахин, Жер 
бас.). 2. ауыс. Опасыз, қайырымсыз, қатал. Жаным Балқия, жауыз тағдыр шынымен 
екеумізді айырғаны ма?! (М.Дулатов, Шығ.). Балқаштың қаштық үркіп тесігіне, Айдаса кім 
бармайды несібіне. Тігулі үй, қоралы мал босқа қалды, Жолығып жауыздардың кесіріне 
(К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). Жауыз құлдың, қабірі Қараңғы түндей тамұқ-ты. Дін қарындас 
мұсылман, Ізденіп шығып табыңыз Ажал өлім келген күн Неше, неше адамдар қамықты 
(Кердері Әбубәкір, Қазағым.). Өз сүйген қалпымда қалмақ үшін, Өз жолыммен ілгері 
бармақ үшін, Елді, жерді бір майлы жем қылмауға, Қалаңның салған жауыз қармағы үшін, 
Еркімді, елдігімді жұттырмасқа, Алашқа автономия алмақ үшін, Азаматым аямас, орны 
келсе, Жан қиып, сарп қылуға қуат-күшін (С.Торайғыров, Алаш.). 
378. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет