Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері


ЖЕЛБҮЙРЕК сын. Жеңіл мінезді, жел өкпе. – Ол жетегіңе еріп жүре беретін  желбүйрек әйел емес, Амалмен ғана торға түседі (Қ.Толыбаев, Қайдасың.)



Pdf көрінісі
бет253/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   348
18.08.2023 dis

ЖЕЛБҮЙРЕК сын. Жеңіл мінезді, жел өкпе. – Ол жетегіңе еріп жүре беретін 
желбүйрек әйел емес, Амалмен ғана торға түседі (Қ.Толыбаев, Қайдасың.). 
387. 
ЖЕЛГЕК сын. Мазасыз, тынымсыз. Жер қорығыш желгек шал, Желіп жүріп боздайды 
(Абай, Тол. жин.). 
388. 
ЖЕЛКӨКІРЕК сын. Өркөкірек, менмен. Сол мінезің оғашын-ай, тосыны-ай, 
Желікбасты, Желкөкірек досым-ай! (Қ.Жұмағалиев, Шапағат).  
389. 
ЖЕЛӨКПЕсын. Жеңілтек, алып-ұшпа, ұшып-қонба, елікпе. Қалжың құмар желөкпе 
жігіттер өздерінің тілегін орындамай кетпейтіндерін айтып, тұрып алған (I.Есенберлин, 
Қаһар). Құрылыс басы думан, кейбір желөкпе кәрілер де жүр (Т.Ахтанов, Махаббат.). // 
Жеңілтек, алып-ұшпа адам. Жетістірер. Айт сонау желөкпеге: «Әуреленбе, дедектеп, 
өбектеме. Мен шыбықтай нәп-нәзік ақ құдаймын Түспейтұғын қағазға, кенепке де!» 
(Ж.Жұматаев, Ләйлә.). – Рота! Қорған! Неге қорғанамыз? Қолда, Отан, шабуылды қолда, 
анамыз! Желіккен желөкпені қуып салмай, Қорғанып неге сонша қорланамыз? 
(Ә.Сәрсенбаев, Жазылм. кітап). 
390. 
ЖЕЛӨКПЕЛЕУ сын. Жеңілтектеу, ұшқалақтау. Мен алғашқы әңгімемді жазып 
бітіріп журналға апарғанымда, редакторы бір желөкпелеу адам екен (Ж.Алтайбеков, Ұят-
ай). Осыны сезгенде отырғандар теңселісіп кетті, әнді дем күші – айқай санайтын жастау, 
желөкпелеу біреу “уай-хай!” деп ақырып жіберіп, онысының орынсыз екенін жұрттың 
ыңғайына қарап білгенде қызарып кетті (Ж.Нәжімеденов, Аспан шақырады). Өлеңді оқып 
бола бергенде жел өкпелеу бір-екі мұғалім “ой пәлі!” деп қалды (Б.Шаханов, Ғашықтың 
тілі).  
391. 
ЖЕҢІЛ АУЫЗ Аузына ие болмайтын, аузына сөз тұрмайтын (адам). Педагогтердің 
байсалды да парасатты сөзінен қайдағы бір жеңіл ауыз жеңешелердің пыш-пыш сөздері 
күшті болғаны ма? («Лен.жас»). Жеңіл ауыз әйелдер осылай деп, қилы саққа жүгірткен 
(Д.Әбілев, Арман.). 
392. 
ЖЕҢІЛ АУЫЗДЫ Аузына ие болмайтын, аузына сөз тұрмайтын. Әтікенің әлгі 
сөзінің астарын әр саққа меңзеп, бұл жұмбақты бұрын шешкендері бәйгі алатындай-ақ 
жеңіл ауыздылар жарысқа түсіп жатысты (Б.Нұржекеев, Күтумен өт.). 
393. 
ЖЕҢІЛ МІНЕЗДІ Жеңілтек, ұшқалақ. Сүлеймен тілектес болғанымен табиғатынан 
жеңіл мінезді Ережепке сене бермейтін (Ә.Нәбиев, Шолпан). Мінезі бәйбішеге тартқан 
жеңіл, деп Зейнешке кінә тағатындар да бар (Б.Майлин, Шығ.). Әкесіне оңашада қызының 
жеңіл мінезін айтып түсіндірмек болдым (А.Жақсыбаев, Менің дос.).  
394. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет