260
398.
ЖҰҒЫМЫ ЖОҚ Сүйкімсіз, епсіз. – Төре тұқымы тыраш келеді деуші еді,
рас қой
деймін сол. Кісіге жұғымы жоқ, кекірейген біреу ғой, Шыңғысың! – деді Ұлпан қасақана
Есенейге (С.Мұқанов, Аққан жұлдыз). Туысқа да, жатқа да жұғымы жоқ безбүйрек жан
Павелдің арқасында жұрт санатына қосылып еді (Б.Тілегенов, Уақыт). Адамға жоқ
жұғымы, Қашатұғын қашырдай. Ессіздіктің белгісі, Екі дер сөзді айтпаймын (XVIII– XIX
ғ. қаз. ақын.).
399.
ЖҰҚСЫЗ Қу, алаяқ. Астанада жалған ат жамылып, сырттан келген аңқауларды жер
соқтыратын небір жұқсыздардың бар екенін ол білетін (Ә.Сараев, Бозқырау).
400.
ЖҰЛМЫР сын.
Қағынған, қу, сұмырай. Семей мен
Барнаул арасындағы ерсілі-
қарсылы өтіп жататын сауданың қазақтан шыққан жұлмыр алыпсатары – Кәрім, жол
жұмысына жабысуды үлкен пайда деп орналасқан (I.Жансүгіров, Шығ.).
401.
ЖҰЛМЫТ сын.
Пысық, жылпос, жұлымыр. Таң ата жұлмыт жігіттер келіп
Ошақбайды орап тастайды, сосын еңкеңдеп, ыңылдап теуіп жөнеледі (Д.Досжанов, Жібек).
Әлгі
мекендердің есік-терезесін, еденін қайсыбір жұлмыт ұрлап тыншытпай жүр
(Д.Досжанов, Зауал).
402.
ЖҰЛЫМЫР сын.
Іліп-қағып кететін қу адам, сұғанақ, олжақор. –
Сол көрмейтін
жерге жасырып қоймайсың ба, балапаным-ау, ол өзі сондай жұлымыр бала болды ғой, мә
қанша керек еді, алып па ең әлгі керек қолғабыңды (О.Тәжиева, Қара қолғап). Кенжебекті
ата-ана, ауыл-аймақ еркелетіп өсірді. Бұл жиырма бестегі жігіттей жырынды. Ат
құлағымен ойнаған жұлымыр бала («Қаз. әдеб.»).
403.
Достарыңызбен бөлісу: