Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері


ҚУ ҚАПТАЛ Қағынған, бұзық, сұм кісі. Талайды көрген қу қаптал ғой  (А.Тоқмағамбетов, Шығ.)



Pdf көрінісі
бет287/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   348
18.08.2023 dis

ҚУ ҚАПТАЛ Қағынған, бұзық, сұм кісі. Талайды көрген қу қаптал ғой 
(А.Тоқмағамбетов, Шығ.). 
604. 
ҚУ 1. сын. Айлакер, амал тапқыш, епшіл. Айсұлу да бір қу болып шықты, келісімен-ақ 
Қасымбекті баурап алды (З.Ақышев, Ақбел.). Бұлар – зәңгі жол тосып кісі өлтіргіш, Бір 
қылатын ісі бар бүгінгі кеш. Сары бастық - бұлардың атаманы, Өзі батыр, өзі қу, өзі білгіш 
(Бес ғасыр.). Әйелдер-ай! Әйәйлар-ай, қулар-ай, Жанарлардың жауын алып тұрғаны-ай! 
Біле тұра бүйректерің бүлк етіп, Кетесіңдер тыңдай тұра тыңдамай. Әйелдер-ай! Әйәйлар-
ай, қулар-ай! (М.Мақатаев, Шығ.). 2. ауыс. Алаяқ, сұм, сұмырай. Ол – бүкіл елді жерге 
отырғызып кеткен қу (Т.Әлімқұлов, Шығ.). Орыс теріс айтпайды, Жаман бол деп оларды. 
Қаны бұзық өзі ойлар Қу менен сұм боларды (Абай). Болады мал аласы сырт жағында, 
Жүреді күшіген құс жұрт жағында. Қулар мен алаяқтың сыры мәлім, Аласы көрінбейді, 
ұрт жағында (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). 3. ауыс. Опасыз, жалған, баянсыз. Қу өмір жолдас 
болмас, әлі-ақ өтер. Өз күлкіңе өзің қарқ болма бекер (Абай, Тол. жин.). Біреуді 
тасыттырған, қу дүние-ай! Біреуді жасыттырған, қу дүние-ай! Біреуді түлкі еткен, қу 
дүние-ай! Біреуді күлкі еткен, қу дүние-ай! (Қ.Бектұрсынұлы, Үміт.). Қу тіршілік, Кім 
басыңда болмаған, Кімді қорлап, кімнің қанын сормаған. Қинаса да, тырнаса да жүрегін 
ойлап-ойлап, ақырында көнді оған... (С.Жиенбаев, Алтын қалам) 
605. 
ҚУ ТАҢДАЙ Таңдайы тақылдап қалған, сөзуар. Уа, қу таңдай Жалайыр! Менен асқан 
еліңде Бар ма сірә бір батыр? (Жамбыл, Тол. жин.).  
606. 
ҚУ ТҰЯҚ Қу, сұм, сұмырай.  


280
607. 
ҚУ ТІЛДІ Күлдіргі, сөзге жүйрік, сықақшыл, әзілқой. Ол қу тілді, жайдары, пысық 
жігіт еді (Б.Майлин, Шығ.). Қағылез келген қу тілді Алатаев жол-жөнекей күлдіріп те 
қойды (Ақ бидай). …Бірақ қу тілді жігіттерді қыздар менсіне қоймайды ғой. Сол себептен 
де ол өлдім-талдым деп отызға жеткенде әрең үйленеді (Ә.Нұршайықов, Автопортрет).  
608. 
ҚУЖАҚ сын. Қутың қаққан, жылмаңдаған. Жігіт әлдебір оқиғаларды еске алып, 
жуасып қалды. Ішінен: “Қайынатаны қорғасам, келіншегімді сөзбен шымшылайды ғой
бұл қужақ!” деп тұр (Т.Әлімқұлов, Күрең өзен). Сайлау жиынында қужақ қараның 
“Салықты сайлайық” деп сайқы-мазақ еткенін, бұл әңгіме де ауызға алуға татымайтын ұсақ 
дүние, жалғыз ұлының шалапайлығын мазақ еткен бейпіл ауыздың сөзін Жаяу атаға 
жеткізу ұят (Д.Әбілев, Баянауыл).  
609. 
ҚУЛАУ сын. Аздаған қулығы бар, айлакерлеу. Сембин жолдас қулау, суайт; айласын 
алдап асырады (3.Шашкин, Сенім). – Ол ысылған, тәжірибелі адам, бір айыбы – аздап 
қулау (3.Қабдолов, Сыр.). – Қулау ма, қалай осы ағамыз, – деп тілімен екі ұртын бір-бір 
томпайтып қояды Тәкең (С.Мәуленов, Үркер.). Қулау бастық құтылатын өсіріп Адамынан 
ақыл-үгіт қонбайтын: біз де сені жігіт қып тез өсіріп, “Құтылмасақ” болмай тұр 
(Ж.Нәжімеденов, Ұлым.). 
610. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет