Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет285/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   348
18.08.2023 dis

ҚОРЫҚҚЫШ сын. Жоқтан өзгеден қорқа беретін, үрейленгіш (адам). Бірте-бірте 
баланың өзі де не болса содан қорыққыш, өз сезімдеріне көңіл аударғыш болады («Соц. 
Қаз.»). 
594. 
ҚОРЫНШАҚ сын. Өжет емес, жүрексіз, қорғаншақ, именшек, жасқаншақ. Ол өз-
өзін қайрағанмен, көңілінің бір қыртысында қорыншақ жалтақтық та бұғып жатыр еді 
(Ә.Сараев, Тосқауыл). Әшейінде, қалт еткенге тұс-тұстан аттан салатын «ынтымақшыл» 
иттер де қазір селкеу, қорыншақ. Тек шілдеуік шырылы ғана онсыз да еңсесі жабыңқы 
өңірдің жабайы сұсын молайтып, құлақ тұндырып тұр (Ә.Сараев, Ақ тымық түн) 
595. 
ҚОШЕМЕТШІЛ 1. сын. Қошемет ете білетін, қошемет қылатын, қолдаушы, 
дәріптеуші. Ән тыңдап отырған қошеметшіл қауымның тасқынды көңіл қошын танытатын 
бір салтанатты тыныштық орнады (С.Омаров, Өмір.). Екеуі қошеметшіл топпен бірге 
есіктен ене бергенде ақ жаулықты аналар шашу шашып, қыз-жігіттер «жар-жарды» 
шырқай жөнелді (С.Досанов, Қыран.). 2. ауыс. жағымсыз. Жарамсақтанғыш, жағынғыш, 
жағымпаз. О кездегі ақындар ия қошеметшіл, ия тіленші, ия мақтаншақ болып заманның 
ыңғайымен кетіп, сөздеріне баға қойылмаған һәм баға қойдыра алмаған (Ж.Аймаутов, 
Шығ.). Жамандық жақсылыққа қарар салқын, Долығы тез басылып, қайтар қарқын. 
Ұлыққа қошеметшіл құл сықылды Қатерге аяқ баспас, көрмей артын (Абай, Тол. жин.). 
Мақтау – жел сөз жанға қас, Қошеметшіл шығарған. Бір мақтаса, боқтамас ел табылса
құмарлан (Абай, Тол. жин.). 
596. 
ҚОЯН ЖҮРЕК ҚОРҚАҚ Сужүрек, табансыз. Қоян жүрек қорқақтар Оқ тимей-ақ, 
сауда өлер (С.Мәуленов, Таңд. шығ.). Бірлік қып іс істеуге шорқақ, жұртым, табылса оңай 


279
олжа ортақ, жұртым. Сияқты қара қарға шуылдаған, Үрейсіз, қоян жүрек қорқақ, жұртым 
(А.Байтұрсынов, Шығ.).  
597. 
ҚОЯН ЖҮРЕК Су жүрек, қорқақ, үрейшіл. Бірлік қып іс етуге шорқақ жұртым, 
Табылса оңай олжа ортақ жұртым. Сияқты қара қарға шуылдаған, Үрейсіз, қоян жүрек 
қорқақ жұртым (А.Байтұрсынов, Шығ.). Біздің арамызда қоян жүректер енді болмайды
Отанның тапсырмасын абыроймен орындаймыз! – деп уәдемізді береміз (Ж.Дүйсекеев, 
Гүлден.). – Сен өзің қоян жүрек емессің ғой? – деді (Е.Оразақов, Қайта соқ.). Өй, нағыз 
қоян жүрек өзің едің ғой, бүгін тіпті батырсынып кетіпсің (Ә.Әлімжанов, Махамбет.).  
598. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет