ОСПАДАР сын. Өрескел, ожар, ұрда-жық мінезді адам. Баққұмар болып, кім
көрінгенмен бақталасып жату оспадардың ісі (Ы.Жақаев, Менің бақытым). Оның бейпіл
сөз, оспадар қылығы жоқ (С.Байжанов, Сыр.). Ереуіл толқын етбеттей келіп құлады, Осы
ма екен теңіздің тентек пырағы?.. Омырауын тепкен оспадар ұлдан безгендей, Едірейіп
тұрды жартастың жалғыз құлағы (Б.Әбдіразақов, Жарық дүние).
769.
ОСПАДАРЛАУ сын. Өрескел мінезділеу, тұрпайылау. Оспадарлау бір жігіт тақау
келіп, қожаны тұрғызып алды да, бір-екі рет бауырына қысып-қысып қойды
(Ж.Молдағалиев, Сарыарқа.). Жұмекен оның бұл оғаш та оспадарлау мінезін құптап қалған
сияқты (Береке бастауы).
770.
ОСПАДАРСЫЗ сын. сөйл. Оспадар. Оның оспадарсыз қимылына кейбіреулер күліп
жіберді (Т.Ахтанов, Дала сыры). Кейбір оспадарсыз бала-шаға мұның иығына шығып,
жырқ-жырқ күліп тәлкек ете бастады (О.Сәрсенбаев, Жиде.). Өзі шаршап келе жатқан әйел,
әлгі балалардың оспадарсыз мінездеріне ызаланып, жарылып кете жаздады (М.Дүйсенов,
Ант). Біреулердің оспадарсыз зорлығын қандай жақсы көрмесең, өзіңнің құлақ кесті
құлдығыңды да сондай жек көруің керек екен (Ә.Кекілбай, Тіл және тәуелсіздік).
771.
ОСПАҚШЫЛ зат. Оспаққа жаны құмар, оспақ айтатын әзілқой адам.
772.
ОЯСЫЗ сын. жерг. Ойсыз, зердесіз, түйсіксіз. Күйзелетін нәрсе бұл ғана емес, осындай
оясыз, мақсатсыз жастар көбейіп барады (З.Қабдолов, Жалын). Әншінің келгеніне
қарағанда шақырған болды, Саттар ондай оясыз жігіт емес (Ж.Нәжімеденов, Кішкентай).
773.
ӨЗГЕРГІШ Құбылмалы, тұрақсыз. Шәкен! Адам өмірінен өзгергіш, адам көңілінен
қобалғыш нәрсе бар ма өмірде. Қит етсе болды бір қозғалып жатқаны. Сол бір толқыған
пернені кезінде дәл баспасаң күмбірлеген күйдің орнына азынаған азап төгіліп жатқаны
(Қ.Тұрсынқұлов, Есіңде месол бір кез).
774.
Достарыңызбен бөлісу: |