Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет40/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   348
18.08.2023 dis

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ (33) концептісін де кішігірім дей алмаймыз. Бұл 
ұғымды ашатын атаулар: адамгершіл, адамжанды, адамшыл, ашық райлы
аяғыш, есіркегіш, ет-жүрегі елжіреген, жанашыр, жаны ашитын, жәбірсіз, 
зәбірсіз, қайырымды, қайырымшыл, қайырымы бар, қайырымы мол, 
марқабатты, мейірбан, мейірбанды, мейірбаншыл, мейірқанды, мейірлі, мейірі 
[көңілі] түскіш, мейірімді, мейірімшіл, мүсіркегіш, өңі жылы, рақымды, 
рақымшыл, сақуатты, фазылатты, шапағатты, шапағатшыл, шарапатты 
деген сөздер және сөз тіркестерінен тұрады.  
Мысалы, Біз бір шешеден екі қыз едік, әпкем екеуміз тете өстік. Дүниеде 
жанашыр жалғыз жақыным да, қамқор досым да сол әпкем еді (З.Шүкіров, 
Ізгілік). Мен де сені келешекте ақылы алдында, ашуы соңында жүретін зәбірсіз 
жан бола ма деуші едім (Ә.Нұрпейісов, Сергелдең). Мектеп-интернат 
тәрбиеші, ең алдымен, мейірлі ана да ата, өтезор үлгілі ұстаз (М.Әуезов, Таңд. 
шығ.). Сол кезде бір бай болған Балпаң атты. Кісі еді даңқы шыққан 
салтанатты. Ешкім жоқ кіші жүзде одан озар Әрі ер, әрі жомарт сақуатты 
(Құл мен қыз, БЖ). Алдырып аш-арыққа берді бөліп, Патша еді фазылатты 
дәті берік (Т.Ізтілеуов, Тұтқын қыз). 
Ә.Қайдар “Қазақ – өз жетім-жесірлерін тентіретпеген, ел аралатып, қайыр 
сұратпаған халық деген Досмұхамбет Кішібековтің сөзін келтіре отырып, қазақ 
арасында да жетім- жесірлер болған, болып та келеді. Бірақ ертеректе қазақтар 
жетім балалары мен жесір әйелдеріне өз қамқорлығын жасап отырған. Өйткені 
қайырымдылық қазақ менталитетінің бір қыры деп көрсетеді автор. Шынында 
да, ертедегі қазақ қауымында қалыптасқан дәстүр бойынша күйеуінен 
айырылып, жесір қалған әйелді “Ерден кетсе де, елден кету жоқ” деп, басқа 
жаққа жібермеген, жетім қалған баласына жақын ағайын-туғандары қамқорлық 
жасап, өсіп, ержетуіне жәрдем беріп отырған; жақын адамының ел кезіп
тентіреп, қайыр сұрап жүруі туыс-жақындарының бетіне салық болып, 
намысына тиетіндей ұят болған дейді [59, б. 86]. 
Қазақ мінезіне тән жақсы сапалардың бірі – мейірімділік пен ізгілік. «Осы 
екі қасиет – басқаларға (әке-шеше, ағайын, туыс, таныс т.б.) көңіл бөлу, олардың 
сеніміне ие болу, айналасындағылармен өзара дұрыс қарым-қатынас жасау, 
адамға эмоциялық жағынан тиімді. Кісінің шат-шадыман тіршілігі үшін 
маңызды. “Мейірімділік, – деп жазды К.Бови, – мылқаулар сөйлей алатын, 
кереңдер ести алатын тіл”. Өте тауып айтылған сөз. Әрине, бізде ылғи адамға 
көмектесуге жағдай бола бермейді, уақыт та жетпей жатады. Ал айналаңдағы 


73
адамдар, әсіресе, егде тартқандар, өзіне көңіл аударғанды ерекше бағалайды. «Ең 
үлкен сән-салтанат, – деп жазды Экзюпери, – адамдардың қарым-қатынасының 
салтанаты». «Адамда қалай да болса, қашан да болса пайда келтіретін ой мен іс 
ізгілік деп аталады. Ізгілікке ұмтылу, жауыздықтан безу – адамның 
жаратылысының өзінде бар нәрсе” (М.Жұмабаев). Үйде де, түзде де кісіге ізгілік, 
имандылықпен қарап, оның қамын ойлау, оған мейірімділік пен мейірбандық 
білдіру, жанашырлық пен қамқорлық жасай білу кісіліктің, ұнамды мінездің 
көрінісі» дейді педагогика саласының ардагері [74, б. 13-18]. Бұл адамшылықтың 
айырылмас бір сапасы. 
Тұрақты тіркестер мен метафорадағы бекітілген мәдени коннотациялар 
өздері білімге айналып, өздері когнитивті дамудың көзі болады. Сондықтан 
фразеологиялық бірліктер мен метафоралар мәдениеттің экспоненттеріне 
айналады. Метафора қоғамның бар саласына, тілге, мәдениетке, ғылымға, 
өмірге, бүкіл әлемге енді. Метафораны адамның генезисімен және адам 
мәдениетімен байланыстыруға болады. Прото-тіл, протокоммуникация 
метафоралық деңгейде жүзеге асырылуы мүмкін екенін айтады ғалымдар. 
Көптеген лингвистер бүкіл тіліміз метафоралардың зираты дегенді айтады дейді. 
Метафора мәселесі екі мың жыл бойы ақыл-ойды толғандырғанымен, ол 
көбінесестилистикалық 
құрал 
немесе 
көркемдік 
құрал 
ретінде 
қарастырылғанын, тек соңғы онжылдықта лингвистер мен философтардың 
назары метафораның онтологиясын зерттеуге ауысқанын айтады [44, б. 68].
Қазақ лингвомәдениеттанымдық концептісінің бірі – бауырмалдық болып 
табылатыны белгілі. Бірақ бұл концептіні таңбалайтын аталымдар саны аса көп 
емес деуге болады. Бұл жеке тұлғаның мейірімділігінен, қайырымдылығынан, 
қамқорлығынан, сүйіспеншілігінен, ынтымағынан туатын ұлттық мінез екеін 
белгілі.  
Қазақы тәрбиеде отбасындағы әр адам бір-біріне бауырмашыл болуы 
керек, ағаның ініге, қарындасқа деген, әпкенің ініге деген, сіңліге деген 
бауырмашылдығы сөзбен де, іспен де көрінуі қажет. Әсіресе, бірінші үлкеннің 
кішіге деген қайырымдылығы кішінің мейірімін арттырады. Отбасында 
бауырмал адам үлкенге де, кішіге де, досқа да, жолдасқа да, жалпы адамзатқа 
қамқоршы болады. Ата-ананың балаға деген қамқорлығы, баланың ата-анаға 
деген қамқорлығы қазақ халқында ұлттық тәрбие арқылы қасиетті ұғым ретінде 
қалыптасқан. 
Кейде бұл қарым-қатынас өзара «әкетайым», «анашым», «ағатайым», 
«әпкетайым», «айналайын», «алтыным», «күнім» деген сөздер арқылы да тілмен 
айтылып, кейде айтылмай-ақ жүрекпен сезіледі. 15 томдық сөздік бойынша бұл 
концептіні беретін лексемалар мен тіркестер мынадай: БАУЫРМАЛДЫҚ (28): 
бауырмал, бауырмашыл, ежекті, жақын тартқыш, жақын-туысшыл, 
жақыншыл, жанасқыш, жанашыр, кірімді, кірімтал, кісіге жақын, қамқор, 
қамқоршы, қамқоршыл, орамды, панашы, панашыл, тартымды, үйір, үйіргіш, 
үйірқұмар, үйірсек, үйіршіл, үйірілгіш, үйірілуге құмар, үйірілімпаз, үйірімді, іші-
бауырға кіргіш / енгіш. 


74
Мысалы, Нағашым бір он шақты үй, кедей ауыл, Әйтсе де бізді өмірде 
етпейді ауыр. Ежекті, ер жүректі жігіттері Мен түгіл бөтенді де етер бауыр 
(Ж.Саин, Таңд. шығ.). Аңдыса сөйлессе де, Нұрым бірден-бірге қара жігіттің 
ақылды және адамға аса жанасқыш екеніне көзі жете бастағандай болды 
(X.Есенжанов, Тар кезең). Қонақ кірімді екен. Үй иелерінің қабағына, 
қалжыңына рахаттанып, бұрын көрісіп жүрген адамдай, әңгімеге араласып 
кетті (Ғ.Мұстафин, Дауыл). Ол жұрттың бәрімен тез тіл таба кететін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет