Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері


үйірсек жан еді (С.Мәуленов, Шыңдағы шұғыла).  Бауырмалдық концептісін аша түсетін тағы бір макроконцепті –  АҒАЙЫНШЫЛДЫҚ



Pdf көрінісі
бет41/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   348
18.08.2023 dis

үйірсек жан еді (С.Мәуленов, Шыңдағы шұғыла). 
Бауырмалдық концептісін аша түсетін тағы бір макроконцепті – 
АҒАЙЫНШЫЛДЫҚ. Тілдік бірліктері (22): ағайыншыл, бірауызды, елжанды, 
елшіл, жанашыр, жершіл, жұртшыл, көпшіл, көпшілікшіл, қауымшыл, 
қоғамшыл, ортақшыл, орташыл, отаншыл, рушыл, туысқаншыл, туысшыл, 
ұжымды, ұжымшыл, ұйымшыл, халықшыл, ынтымақты. 
Мұндағы туысшыл, туысқаншыл сөздері бауырмал сөзіне анықтаушы, 
соның бір белгісін айқындаушы түрінде айтылады. Ағайыншыл сөзі де сондай 
қызметте дүниеге келген. Мысалы, – Е, өзің емес пе туысшыл, шақырып 
жүрген, – деп Қабекең шалып өтті оны (X.Рахимов, Қызғалдақ). Әлімхан әрі 
туысқаншыл, әрі балажанды адам еді (Ж. Жұмақанов, Солдат.) [77]. 
Мұндағы қоғамшыл, ұжымшыл, ұйымшыл сөздері туыстық мәндегі 
ағайыншылдыққа жатпайды, бірақ дәстүрлі қазақ қоғамында бұл атаулар да 
ағайыншылды бере білген. Ал қазіргі уақытта ресми-іскери қатынастағы қоғам 
мүшелерінің арасындағы қатынасты атап кеткен.  
Академик Ә.Қайдар «Қазақ – туысқаншыл, бауырмал халық» деген ел 
аузындағы нақыл сөзді былай талдайды: «<қазақтың бұл ерекше көзге түсетін 
ежелгі қасиеті. Бұл қасиеттің төркіні жеті атаға толмай қыз алыспайтын салтында 
жатыр. Жеті атаға дейінгі ұрпақ ертеде бөлінбей бірге өмір сүрген, туысқандық 
сезім, өзара сый-құрмет, бауырмалдықтың дәстүрге айналуына себеп болған. 
Туыстық қатынас пен жақындықтың, сүйек шатыстықтың иерархиясы жүйелі 
түрде таратылып, олардың әрбір түріне мән беріліп, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, 
дәстүрге айналуы халықтың бұл қасиетін осы күнге дейін шыңдай түсуде. Ер-
азаматтың өз елін, туыстарын, нағашыларын, жас келіннің төркінін сыйлауы, т.б. 
– керемет дәстүр>» дейді ғалым [1, б. 137]. 
Сондай-ақ «Қазақ – алыс-жақын көршілеріне бауырмалдығымен, 
кеңдігімен танылған халық» деген С.Әсіпұлының сөзін былай талдайды: «<бұл 
жерде қазақтардың басқа (көрші, келімсек, сіңбе, ауып келген, т. б.) халықтарға, 
ұлт өкілдеріне ұнайтын ақжарқын, қарапайым мінез-құлқы, құшағын жая қарсы 
алатын қонақжай әдеті, қолынан келген жәрдемі мен көмегін аямайтын 
бауырмалдығы сөз болып тұр. Шынында да, әртүрлі саяси, тарихи себептерге 
байланысты қазақ жеріне келіп уақытша қоныстанып, көбісі тұрақтап қалған 
басқа ұлт (неміс, корей, еврей, шешен, ингуш, қарашай-балқар, орыс, т. б.) 
өкілдерінің жағдайы жұрттың бәріне белгілі және қазақтың бұл “бауырмалдығы 
мен кеңдігі” туралы көбінесесол халықтардың өздері айтатыны да мәлім>» [1]. 
З.Ахметжанова жеті жасар Г.Бельгер үшін бөтен қазақ ауылы қалай өз 
ауылы болғанын сипаттағанын жазады. Г.Бельгердің өзі "Ауыл" эссесінде: 


75
"Ауыл – менің ауылым, менің тірегім, менің қорғаным, менің үйім, мен мұнда 
жоғалмаймын, олар маған қамқорлық жасайды, қиыншылыққа мені 
қалдырмайды, мен осы отбасының мүшесімін, осы ауыл, менің алдымдағы ауыл, 
мен оның алдында жауап беремін, егер мен ұят нәрсе жасасам, мен ата-анамды 
ғана емес, өз ауылымды да ұятқа қалдырамын, Әбілмәжин, Ахалия, Омар, 
Коспан, Жайлаубай, Нұрқан, Қали, Сейтхожалардың көзіне қарауға ұяламын деп 
жазғанын келтіреді. Бауыржан Момышұлымен танысу жағдайын сипаттайтын 
үзіндіде қазақтардың Бельгерді қабылдауы былай көрсетілген: "Ол аудармашы. 
Біздің бала, қазақ мектебін бітірген. "Жұлдызда" жұмыс істейді. Немыс" [46, 
б.100]. 
Бауырмалдық мағынасынан шығатын көпшіл, сыйымды деген ұғымға 
жинақтала алатын мынадай да мінез сипаты атаулары бар. СЫЙЫМДЫЛЫҚ 
(14): бүйірлі, ел-жұртқа жағымды, жағымды, жағымтал, жарасымды, 
жұғымды, қадір тұтқыш, қастерлегіш, құрметтегіш, сый-құрмет көрсететін, 
сыйлағыш, сыйшыл, сыйымды, үлпетті. Сөздікте келтірілген сөйлемдерді 
көрсетейік: Аталы сөзді айтқан жұртқа жағымтал Шыман төре еді 
(Н.Әбуталиев, Қайран Нарын). Сыпайы адам сынық мінезді, көпке жұғымды 
сүйкімді атанады (М.Әлімбаев, Тәрбие). Сыпайы болсаң, елге сыйымды боласың 
(Ғ.Мүсірепов). Жұмысты жүдә жақсы көрген кісі үлпетті болады (Қаз. тілі. 
диалек. сөздігі). 
Қазақ мәдениетінде ЖОМАРТТЫҚ (28) аса дәріптеледі. Жоғары 
бағаланады. Жомарттық кеңпейілділікпен, ашықтықпен қатар айтылады. 
Алақаны кең, атымтай жомарт, ашық қолды, әйнек көңілді (поэт.), береген, 
берекелі, дарқан, дүниеге кең, дүниенің бетіне қарамайтын, етек-жеңі кең, 
жомарт, кең етек, кең, көңілі дарқан, қасым жомарт, қолы ашық [жазық], 
қолы мол / мол қол, қолы сақи, қос етегі кең, мәрт, мырза, пейілі кең, сақи, сақы, 
сахаби, сахауатты, сахи, шашпа атаулары градациялық өршу ретімен 
орналасқан. Сонда қазақ үшін жомарттықтың базасында алдымен көңілдің, 
пейілдің кеңдігі тұрады. Мысалы, Дәулеті мол, дастарханы бай, алақаны кең 
болсын деп қойған ғой бұл атты (Б.Соқпақбаев, Менің атым.). Айнымайтұғын 
нағыз еркектің елі бар, Ауылым менің жидесі тәтті, жері бал. Әйел де керек, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет