Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет39/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   348
18.08.2023 dis

Ебдейсек ересектер, тасығалы, шараны шайқап ұстап асығады (Х.Ерғалиев, 
Құрманғазы). Мұрты түксиген жұқа қабақ мұғалім түйіліп газет оқып 
отырғанда, қутыңдаған қунақы зиялы жігіт жайтаңдап кіріп келді 
(Ж.Аймауытов, Шығ.). Жиын-тойда өлең айтып, жарқыратып «жол алып» 
шығуды талағында биті бар, аузының ебі бар жігіттің бәрі-ақ өнер көретін 
(С.Сейфуллин, Шығ. жин.). Тасқайнат келіншек осы. Ал пысық болғанда 
сұмдық («Қаз.әдеб»). Бірақ газет жұмысына шөгел, қай жерде жүріп жазып 


70
тастайтынын білмейсің, күн сайын әзіл-оспағы аралас фельетоны бұрқырап 
шығып та жатады («Жұлдыз»). Дегенмен, қазақ мәдениеті осы сипатты 
жағымды реңкпен айта ма, жағымсыз деп бағалай ма, біршама түсініксіз. 
Дегенмен, қазіргі қайнаған өмір ішінде бұл мінезді дұрыс мінездер қатарында 
бағалап жатқандықтан осы топқа қостық.
Сондай-ақ мына атауларды бірыңғай жағымды мінез қатарына жатқызуға 
болмайды. Мысалы, аттыға [аяқтыға] жол, ауыздыға сөз бермеген, аузының 
[қолының] ебі бар, есіктен шықса тесіктен, тесіктен шықса есіктен келетін, 
жүзіктің көзінен өтетін, иненің көзінен өткендей, қолды-аяққа тұрмайтын, 
қуды мініп, құланды құрықтайтын, қунақы, қыранкерей, майлығы мен сулығына 
бірдей, майлық пен сулыққа бірдей, пайдакүнем, пайдашы, пайдашыл, пысық, 
саққұлақ, талағында [талағының] биті бар, тасбақаның аузынан шөп алған
тасқайнат деген атаулар адам мінезіндегі еті тірілік, алғырлықты бергенмен 
жағымсыз сипаты басымырақ. Сондықтан бұндай атауларды бейтарап мәнге де 
жатқызуға болады.
Сөзбірліктердің саны жағынан келесі орынға топтаған 15 атауды ЖАҚСЫ 
мінез деген ортақ атаумен біріктіруге болады: алды бар, арты жоқ, асыл 
жүректі, ашусыз, аялы, жақсы адам, жақсы мінезді, жаманшылығы жоқ, 
жаны жайсаң, жібі түзу, зілсіз, кексіз, мінезге бай, мінезді, тез қайтатын, 
ызасыз. 
«Жақсы мінез – жан көркі», «өзі жақсы кісіге – мың кісілік орын бар», «кең 
болсаң – кем болмайсың», «жақсы – көпшіл, жаман – кекшіл», «ақылды бәрін 
алақанында ұстайды», «мінезді адам – мінсіз адам», «адам бәрін мінезден 
табады», «адам мінезінен танылады», «мінезді адам екен», «сырбаз екен», «кең 
пейілді, дарқан мінезді», «мінезі төр жайлаудай», «жаны тұнық, жарқын жүзді – 
перизат», «ішіне кеме жүзеді», «алтын адам», «мінезі жібектей», «майда мінез, 
сылық сөз», «түсі жылыдан түңілме» деген тәмсіл сөздер зиялы кісінің, бойында 
бар ізгі қасиеттер жинақталған кісінің сипаты болып табылады. Сонда қазақ 
халқы кек сақтамайтын, ашуы жоқ, кеңпейіл адамды жоғары бағалаған, жақын 
тартқан.
Халқымыз жақсылықтың нышандары ретінде адалдық, қайырымдылық, 
арлылық, әдептілік, сыпайылылық, талаптылық белгілерін ұстанған. "Сүтпен 
кірген мінез, сүйекпен кетеді" – деп білген. "Жақсымен жолдас болсаң – жетерсің 
мұратқа, жаманмен жолдас болсаң қаларсың ұятқа", немесе «жақсының аузынан 
гүл төгіледі» – деген халық даналығы. Мәшһүр Жүсіп: Бар енді жақсылармен 
жақындығым // Жаманмен ежелден-ақ жоқ мақұлдығым, – деп жақсы ортада, 
дұрыс адамдардың ортасында өскенін жазған [20]. 
Қазіргі заманауи мінез сипатына осы мінездердің жаңа формасы және жаңа 
атауы ретінде отансүйгіштік дәріптеледі. Профессор Қ.Жарықбаев 
отансүйгіштікті кісінің бойындағы күш-қуатын, білімі мен тәжірибесін халық 
мүддесіне оның игілігіне, яғни адамның кір жуып кіндік кескен жеріне білдіретін 
перзенттік борышы деп танып, адамның кісілігін танытатын ерекше асқақ сезім 
екенін, отаншылдықтың атамекенге деген сүйіспеншіліктің негізгі мазмұны, 
имандылық пен кісіліктің басты белгісі, басты өлшемі болатынын айтады» [5, 


71
б.343-353]. Отансүйгіш, елжанды, елшіл, жершіл, отанжанды, отаншыл деген 
мінездер қазір белсенді қолданыста. 
Осы мағыналық өрісте мақсаткерлік (мақсатқа талпынушылық), яғни – 
«адамның өз мінез-құлқын көздеген мақсатына алаңсыз бағыштауы, мұны өзінің 
ұстаған бағыт-бағдар позициясына, танымы мен сеніміне, асыл арманына 
бағындыра алушылығы» [5, б. 343-353]. Қазіргі адамды бағалайтын бір өлшем 
болып табылады. Қ.Жарықбаев адамның мақсатынан ауытқуы, бос белбеулікке 
салынуы – ар-намыс пен ожданға сыйыспайтын қасиет екенін, мақсаткерлік – тек 
бір іспен өне бойы шұғылдану, онымен ылғи да әуре болып жүру емес ғана, соны 
қайткенде де орындап шығуға мықтап берілу, бір істі нәтижелі етіп тындыру 
екенін анықтайды. Мұндай кісінің өзіне жүктелген тапсырманы да мүлтіксіз, 
сапалы етіп орындап шығуды жан-жақты ойластыратынын, осы жолда 
творчестволық белсенділік көрсететінін, әрбір ісін түпкі көздеген мақсатымен 
байланыстырып отыратынын өте орынды көрсеткен. «Мақсатсыз өмір сүрген 
адам неткен бейшара” деген И.С.Тургеневтің, “Адамдарды алдына қойған 
мақсатына қарай бағалау керек” деген Миклухо-Маклайдың сөздерін келтіре 
отырып, адамның мақсаткерлік қуаты, үміт – арманы, алға қарай ілгерiлеу 
талабы неғұрлым биік болса, оның қабілет, таланты да өміршең болып келетінін 
айтқан. Мақсаткер адам бықсу дегенді білмейтінін, қашан да мақсаты үшін 
күресетінін айтқан [5, б. 343-353]. Ендеше мақсаткерлік қазіргі айтқан бетінен 
қайтпайтын, қайсарлық, батылдық, батырлықтың жаңа сапасы болуы мүмкін. 
«Қазақ әдеби тілінің сөздігінде» мақсатшыл деген сөз «Мақсат қойғыш, 
талапты» деген анықтамамен берілген. Яғни жігерлі, талапшыл адамның сипаты 
көрінеді.
Дәстүрлі қазақ қоғамының мүшелерін шешен деп бағалау қалыптасқан 
стереотип болғандықтан ШЕШЕНДІК ұғымын беретін сөздер мен тіркестердің 
біршама болуы заңды. Жалпы саны – 34, қатары мынадай: айтқыр, айтқыш, 
ауыздыға сөз, аяқтыға жол бермейтін, әңгімеқұмар, әңгімешіл, ділмар, ділуар, 
жез таңдай, кеңесімпаз, көп сөйлегіш, орақауызды, оттілді, сайрауық, сөзге 
жүйрік, сөзге шебер, сөзгер, сөзден мүдірмейтін, сөзуар, сөзшең, сөзі өтімді, 
сөйлегіш, сөйлемпаз, сөйлескіш, сөйлеуік, сужұқпас шешен, суырып салма, 
сылдыр көмей, тақылдағыш, тақылдақ, тақылдауық, тіл тапқыш, тілмар, 
тілінен бал тамған, шешен. 
Мысалы, Айтқыр деп сені кім айтар Көп алдында сөзіңді – Күйбеңдеп 
жатсаң айта алмай (Базар жырау, Шығ.). Ноғайбай орта бойлы, өткір көзді, 
алғыр сөзді, сауатсыз болса да өте ділмар, шешен кісі бопты (К.Әзірбаев, 
Аңыз.). Данышпан, білгір халықтан, ділуар, сөзгер топтан, үлгілі жолгер 
қарттан шығады, – депті («Қаз. әдеб.»). Өзге үлкедердің ішінде Абайға, әсіресе, 
көңіл бөлген сөзуар, жарқын жүзді Қаратай (М.Әуезов, Абай жолы). 
Мұндағы айтқыр, айтқыш, ауыздыға сөз, аяқтыға жол бермейтін, 
ділмар, ділуар, жез таңдай, көп сөйлегіш, орақауызды, оттілді, сайрауық, сөзге 
жүйрік, сөзге шебер, сөзгер, сөзден мүдірмейтін, сөзуар, сөзі өтімді, сөйлегіш, 
сөйлемпаз, сөйлескіш, сөйлеуік, сужұқпас шешен, суырып салма, сылдыр көмей, 
тақылдағыш, тақылдақ, тақылдауық, тіл тапқыш, тілмар, тілінен бал тамған, 


72
шешен деген атаулардың барлығы айтумен, сөйлеумен байланысты болатыны 
түсінікті.
Маслова мәдениеттің тұрақтылығы, оның өміршеңдігі оның бірлігін, 
тұтастығын анықтайтын құрылымдардың қаншалықты дамығандығына 
байланыстылығын 
айтады. 
Стереотиптерді 
қалыптастыруда 
өмірдегі 
құбылыстардың пайда болу жиілігі маңызды рөл атқаратынын, көбінесе бұл 
объектілер басқалармен салыстырғанда ұзақ уақыт байланыста болатынын, бұл 
ұқсас объектілердің стереотипіне әкелетінін айтады [32, б. 86]. Және сол 
сипаттарды атайтын атаулардың да көптігі көрсетеді дер едік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет