Байсыдық индира болатбекқызы мінез сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздері



Pdf көрінісі
бет203/348
Дата09.04.2024
өлшемі5.82 Mb.
#498150
түріДиссертация
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   348
18.08.2023 dis

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


223
ҚОСЫМША В 
Жағымсыз мінез атауларының түсіндірме сөздігі
(«Қазақ әдеби тілінің сөздігі» (2006 – 2013 жж.) онбестомдығынан жиналған) 
 
1. А ДЕСЕ, МӘ ДЕЙТІН 1. қарап. Қарсыласып айтыса кететін, дес бермейтін, бет 
бақтырмайтын. А десе, мә дейтін адуын мінезді оқушыларды тәрбиелеу де жеңіл емес 
(«Қазақст.мұғ.»). 2. Тапқыр, тез ойлағыш. «А» десе «мә» дейтін шапшаң айтқыш, суырып 
салма ақын болған, жаратылысын зерттеп, бойлап ұғыну керек (М.Әуезов, Әр жыл.). 
2. АБДЫРАУЫҚ сын. асып-сасқыш, абыржығыш, сасқалақ. Әсеннің соншама сасқалақ
абдырауық қылығын көргенде, ол еріксіз езу тартты (Шопан). 
3. АБЫЛАҢҚЫ сын. 1. Сөзі көп, сөзуар (адам). Ол абылаңқы адам (Қаз. тілі. диалек. 
сөздігі). 2. Салдыр-салақ, керенау. Шөп шабысқа шыққандарына екі күн болды. Жұматай 
мен Мәкіш шалғыны қатар тартады. Мәкіштің абылыңқы-сабылыңқы іс-әрекетіне 
Жұматайдың зығырданы қайнайды (Б.Соқпақбаев, Алыс. ауыл). 
4. АҒАШ МІНЕЗ сын. Тоңмойын, морт, бірбеткей. Тапсырған сөзді алмай-қоспай жеткізіп 
отыратын, берген әмірді иілмей орындайтын ағаш мінез адам шығарсың (Х.Есенжанов, 
Таркезең). 
5. АҒАШБЕЛСЕНДІ сын. Жұмыстың жөнін жете, толық білмейтін, дүмбілез, белгілі 
әкімдік мансабы жоқ, қолынан еш нәрсе келмейтін, сырттай пысық кісі. Мынаның 
келмей жатып пысықсуы жаман екен, ағаш белсенділеу біреу болмаса не қылсын деп 
ойлады жаратпағандар (М.Иманжанов, Көк белес). Ол-ол ма, қазір аузынан нақ жалын 
шашып тұрған ағаш белсенді (А.Нұрм., Құл. ажалы). 
6. АДАМКИІК ауыс. Жабайы, тәрбие көрмеген, жат, көпке ұқсамайтын кісі. Ал ол сені өз 
ішінен адам киік орнында көрді (Ж.Ахмади, Жүрек қартайса.). 
7. АДАМСЫҒАН сын. нашар адам. Мылжың, мақтаншақ, адамсыған, шелтиген кісімен, 
ақымақпен, қожа, молдамен Әбежанның қаны өш (Ж.Аймауытов, Шығ.). 
8. АДАСҚЫШ сын. Жиі қателескіш, шатасқыш, жаңылыса бергіш. Кейде ақылшысы 
адасқыш келеді («Қаз. әдеб.»). Жастар оңды-солды болып жатқан ағымға жақсы, жете 
түсініп, білмесе, адасқыш, аумалы болады ғой (Ж.Арыстанов, Естен кетпес.). 
9. АДУЫНДЫ сын. Азулы, өжет, өткір, қызба. Сүйіншік адуынды хан әкесінің көзі тірі 
екенін ұмытып кетті (І.Есенберлин, Алмас.). Адуынды, өжет адамның тұңғиық болғанын 
жеңгемнен көрдім (О.Бөкеев, Үркер.). Адуынды арыстан, Ашу қысып намыстан, Тентекті 
мерт етті (М.Әлімбаев, Жүрек.). Адуынды жан екен алған жары: – Жалғыз ұлдан артық па, 
жалған бәрі! (М.Мақатаев, Шығ.). 
10. АДЫР МІНЕЗДІ Тік, ожар мінезді, одыраңдаған (адам). Өркөкірек, адыр мінезді Байғұл 
(Б.Майлин, Шығ.). Бұл нұсқаны ойласаң қылып парық, Милының көкейінде көзі жарық. 
Ақымақтың белгісі адыр мінез, Білімдінің даңқы зор, өзі ғаріп (Ә.Найманбаев, Шығ.). 
11. АДЫРАҢ ауыс. Тұрпайы мінезді, едіреңдеген. Ол әлдекім сияқты алкеуде, іші тар адыраң 
да, аузынан сөзі түсіп болбыраған ынжық та емес (З.Жәкенов, Таң самалы). Журналистер 
адыраң жігіттің биязылығына, кішіктігіне күлісіп қалды (С.Бердіқұлов, Жұмыр жер). 
12. АДЫРАҢБАЙ сын. сөйл. қарап. экспр. Адыраңдап, әкіреңдеп қалған мазасыз, тынышсыз, 
әпербақан. Қиқу Әнеш оныншы көшкесін басталды. Түк көрмеген Қасен адыраңбай қыт-
қытпен шыбын-шіркей қуатын болды (М.Қабанбаев, Жиһанкез.). 
13. АДЫР-БҰДЫР ауыс. Шалдыр-шәлкес, қыңыр-қисық, қырсық. Шынындада ол – ешкімге 
қатал сөзі жоқ, ала көзі жоқ, адыр-бұдыр мінезден аман адам (Б.Қыдырбекұлы, Шайтан.). 
14. АДЫРЛАУ ауыс. Дөрекілеу, қатаңдау, өрескелдеу. Бетің дұрыс, ұлым. Адырлау едің, тек 
сақ болғайсың, – дедім (Ә.Нұрпейісов, Күткен күн). Сырбаз Шәмілдің шалымды ойыны 
мен адырлау сөйлейтін Уақастың күрт мінезі бәрі жарасып келе жатқан (Ж.Арыстанов, 
Естен кетпе.). 
15. АЗҒЫРҒЫШ сын. 1. Айнытқыш, бұзғыш, әзәзіл. Егер [бала] сендей азғырғыштың тіліне 
ерсе, түк те жоқ (М.Әуезов, Қараш.). Жерге кірсе де жесірі мен азғырғыш жауын табады 


224
(М.Әуезов, Абай жолы). 2. Аздырғыш (аздырушы, айнытушы, бүлдіруші). Қалада жүріп 
қыз алаң, Ауылда жүріп сен алаң. Осындай кезде тап болмақ, Аздырғыш не бір оңбаған 
(Ғ.Қайырбеков, Таулар). 
16. АЙБЫНСЫЗ сын. Қаһарсыз, сұссыз, қайратсыз. Адамның анасы тәтті, атасы қатты 
болмаса, одан тараған ұрпақ жігерсіз, айбынсыз болады (М.Рүстемов, Нартай). 
17. АЙҚАЙШЫЛ сын. Айқай құмар, даурықпа, даңғаза. Айқайшыл әңгі жігіт көрінесің, 
Қырындап жақтырмаймын қарауыңды. Қасыма келсең мейлің, келмесең де, Менен сен ала 
алмайсың қалауыңды (Айтыс). Батыраш бала жастан атқа құмар, Айқайшыл ат әперген 
баққа құмар. Арам ой, ата намыс ұр шоқпары, Кір көңіл, сарайының батпағы бар 
(I.Жансүгіров, Поэм.). 
18. АЙЛАКЕС сын. сөйл. Айлакер. Көптікөрген айлакес батыр едің, Тағы да тиер ме екен бізге 
пайдаң? Ол айтты: «Тәуба қылдым сопы болып, Ұрлық қылған күнә ғой елді торып» 
(Ш.Құдайбердиев, Шығ.). Астыртын жамандасуға айлакес, сырқынды болғанмен, 
мынандай әділ қазының алдында ашық шындыққа бара алмайтын (М.Әуезов, Абай жолы.). 
19. АЙЛАҚОР сын. Айлашыл, айлакер, қу. Өш алуға келгенде айлақор үндемей бассалатын 
сабырлы аға сұлтан табанда шу шығармай, «тұра-тұр, бәлем!» деп іштен тынған да қойған 
(І.Есенберлин, Қаһар). 
20. АЙЛАЛЫ сын. Айласы мол, айлакер, айлашыл, қулығы мол. Айлалы қалмақ шеп құрып, 
айналасына қорған жасап, қазақтың батырларын арғы жағында жасырынып жатып 
атқылап, алдыртпайды (М.Дулатов, Шығ.). Ашуы жоқ айлалы, Майда тілді Сәрсекем. Сөз 
табатын қайдағы Сегіз қырлы Сәрсекем (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). 
21. АЙЛАНКЕС сын. Кеңкелес, есерсоқ, есуас, есі ауысқан. Адам түгіл Құдайды да ұмытқан 
айланкес батыр әткеншектердің арқанын қиып, қолдарына жабысқан қатын-қалаш жағын 
қамшының астына алды (Ә.Кекілбаев, Дала.). 
22. АЙЛАШЫ зат. Амалшыл, айлакер адам. Атам – айлашы ғой. Жауабын таба қойды 
(Ауызекі). Алдамшы, қу. Айлашы екен кәрілік, Бірге түнеп, бір жүріп, Сыр білдірмей 
сұмырай, Мүшеңді алған біріндеп (Жамбыл, Шығ. жин.). 
23. АЙЛАШЫЛ сын. Амалшыл, айлакер, тәсілқой. Құйылып келген қыраннан қаймықпастан 
жалтыр қияға кере тұра қалған айлашыл алқызыл тағы шұбатылып жөнеле берді 
(С.Бегалин, Төл.). Кейде қартаң, сырдаң айлашыл бұқпантай адамдар да кезігеді 
(М.Әуезов, Абай). 
24. АЙНАЛҒЫШ: көт айналғыш. қарап. Сөзде тұрмайтын, уәдесіз, тиянақсыз. Лап бергіш, 
көт айналғыш, қайта ойланғыш, Тиянақ оты сөнген бойларының (Абай, Тол. жин.). 
25. АЙНЫҒЫШ сын. Тез өзгеретін, ой-ниетінен жылдам айнып кететін, тұрақсыз


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   348




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет