Байтикенова аудит Қысқаша лекциялар жинағы Мамандығы: 5В050800 Есеп және аудит Оқу бөлімі: күндізгі, сырттай (орта, орташа арнайы және жоғары білім негізінде) Өскемен 2017


Тақырып: «Аудиттің масштабы және жұмысын жоспарлау»



бет13/24
Дата19.05.2022
өлшемі209.86 Kb.
#457450
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24
Аудит лекциялар жинағы

6 Тақырып: «Аудиттің масштабы және жұмысын жоспарлау»


Дәрістің мазмұны:

Аудиторлық тексерулерді ұйымдастыру, жоспарлау, жүйелі зерделеу, мәні бойынша аудиторлық процедураларды орындау, пікір қалыптастыру және аудиттің нәтижелері бойынша қорытынды құжаттарды дайындау сияқты бірінен кейін бір жалғасып кете беретін тізбекті кезендерден тұрады.


Қаржылық аудитті жоспарлау мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:

  1. ішкі бақылаудың тиімділігі, есептемелер мен бухгалтерлік есептің жағдайлары туралы қажетті ақпаратты алу;

  2. орындалуы тиіс бақылау процедураларының көлемі мен өткізу уақытын, мазмұның анықтауды.

Аудитті жоспарлауға аудиттің жалпы жоспарын жасау және аудиторлық бағдарламаларды әзірлеу кіреді.
Жалпы жоспарда мына негізгі көрсеткіштер көрініс табуы керек:
а) орындалатын жұмыстың мөлшері;
б) жұмыстың ұзақтылығы мен өткізі мерзімі;
в) аудитор қолданатын әдістер мен тәсілдер.
Аудитор жалпы жоспарды сапалы жасауны және болжалды жұмыс мөлшерін әлдеқайда нақтырақ анықтауы үшін мыналарды орындауы керек - аудиторлық тексерулерді өткізу бойынша келісімшарттағы шарттарды зерделеу;

  • тексерілетін кәсіпорынның қызметіне бар жаңа заңдардың, ережелердің, нұсқаулардың және басқа да нормативті актілердің аудитке тигізетін ықпалып ескерту;

  • өткізілетің аудиттің әлдеқайда маңызды мәселелерін бөліп алу және айрықша назар аударуды қажет ететін жағдайларды түсіну;

  • шаруашылық жүргізуші субъектінің ішкі аудиті мен есептік жүйесіне қаншылықты сенетінін анықтап алуы керек;

  • ішкі аудиторлардың жұмысы мен оларды тексеруге қатыстырудың мүмкіндіктерін талдау;

  • филиалдарда аудитті өткізудің мақсатқа лайықтылығын зерделеу;

  • сарапшыларды қажет пе, қажет емес пе, соны анықтау;

  • тәуекелдік деңгейіне баға беру, аудиторлық тексерулердің көлемін, уақытын және табиғатын анықтау.

Тексеру барысында жалпы жоспар мен аудит бағдарламалары түзетілуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет